Nomad Club бағдарламасына жалпы шолу

Nomad Club-ына қош келдініз! Nomad Club – «Эйр Астана» әуекомпаниясының жиі ұшатын жолаушыларына арналған бірден-бір үздік бағдарламасы. Nomad Club – бізді қолдағаныңыз үшін Сізге білдірген алғысымыз.

Бағдарлама мүшесі болу өте оңай. Ол үшін біздің веб-сайтта сақталған онлайн-тіркелу формасын толтыруыңыз қажет. Бағдарламаға тіркелгеннен кейін «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде кем дегенде бір рет ұшсаңыз, Сізге пошта арқылы бағдарлама қатысушының тұрақты пластикалық карточкасы жіберіледі. 

Nomad Club – қысқаша шолу

  • Сіз қатысуға тіркелген сәттен бастап ұпайлар жинай аласыз.
  • Ұпайлар Қазақстан ішкі бағыттары және халықаралық бағыттар бойынша жиналады.
  • Неғұрлым көп ұшсаңыз, соғұрлым көбірек ұпай жинайсыз. Сіз бағдарламаның қарапайым көк карта ұстаушысынан, кейінірек, «күміс» және «алтын» ұстаушысына айналуыңыз мүмкін. Бұл ұшу үшін жинаған ұпайларыңызға байланысты болады. Элит дәрежесінің мүшесі ретінде Сізге көптеген артықшылықтар беріледі. Олар – рейске тіркелу кезіндегі артықшылық, қосымша бонустар, рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша тегін жолжүгін тасымалдау мүмкіндігі, қандай класпен ұшсаңыз да, арнайы бизнес класс күту залдарына кіру мүмкіндігі (тек «алтын» карта иегерлері үшін) және тағы басқалар.
  • Қазіргі кезде Nomad Club «Эйр Астана» ұшулары мен таңдаулы серіктес компаниялардың қызметтерін пайдалану үшін ұпай береді. Болашақта біз ұпай сыйлайтын серіктес компанияларымыздың шеңберін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Мұндай серіктестердің қатарына қонақ-үйлер, мейрамханалар, кредиттік карточкалар, автокөліктерді жалға беретін компаниялар және сауда орталықтары жататын болады.

Nomad Club жайында қосымша ақпаратты nomadclub@airastana.com электрондық поштаға хат жазу арқылы біле аласыз.

Nomad Club Қолдау орталығы дүйсенбі - жұма аралығында, Қазақстан, Астана уақыты бойынша сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін (Гринвич бойынша орташа уақыт +6 сағат) жұмыс атқарады.

Nomad Club-тың ережелері мен шарттарының толық көшірмесін алу үшін мұнда басыңыз.