Визалар

Бұл бетте сіз толық онлайн режимінде виза аштыруға өтінім беріп, төлем жасап, визаңызды ала аласыз.

БАӘ

Егер сіз Қазақстан азаматы болсаңыз және «Эйр Астана» рейсіне билетіңіз болса, енді сіз Біріккен Араб Әмірліктеріне визаны airastana.com сайты арқылы аштыра аласыз.
Виза құны 125 АҚШ долларын құрайды.
Жасы 21-ге толмаған тұлғалар ата-анасының біреуімен саяхаттауы тиіс. Егер сіздің жасыңыз әлі 21-ге толмаса, өтінімді ата-анаңыздың біреуімен толтырыңыз.

Қытай

Егер сіз Қазақстан, Ресей немесе Украина азаматы болсаңыз және «Эйр Астана» рейсіне билетіңіз болса, енді сіз Қытай визасын airastana.com сайты арқылы аштыра аласыз.
Виза құны Қазақстан азаматтары үшін 11 500 теңгені құрайды, ал Ресей және Украина азаматтары үшін 60 000 теңгені құрайды.
Электрондық виза ең кемі 2 адамға рәсімделеді. Бірінші кіру пункті – Үрімші.

Құрметті Қытай электрондық визаға өтініш берушілер, электрондық виза беру уақытша бөгелтілгенін ескеруіңізді сұраймыз.


* БАӘ-не және Қытайға кіру осы елдердің көші-қон қызметінің шешіміне байланысты болатынын ескеріңіз.

Виза жайлы сұрақтарыңыз болса, мұнда хабарласыңыз: тел.: +7 727 344 06 00 (125, 126) немесе моб.: +7 701 554 60 64, +7 701 529 2666.

Бұл қызметті біздің серіктесіміз «Жібек Жолы – Қазақстан» Ұлттық компаниясының «Туристік агенттігі» ЖШС көрсетеді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы үшінші тарап көрсететін қызмет үшін жауапты емес.