MyUpgrade – Қызмет салонын эконом-кластан бизнес-класқа жоғарылату үшін баға ұсыну

Сіз «Эйр Астана» бизнес-класс салонында ұшуды әрқашан қалағаныңызбен, ешқашан ондай мүмкіндігіңіз болмады ма? Не болмаса, сіз үздік кластарға үйренген бизнесменсіз, бірақ осы жолы эконом-класпен саяхаттауға тура келді ме? Немесе өзіңіз бен серігіңізге арнайы себепке байланысты сый жасағыңыз келе ме?

Біздің алдыңғы қатарлы MyUpgrade құралымыз сізге эконом-кластан бизнес-класқа қызмет салонын жоғарылату үшін баға ұсынуға мүмкіндік береді.




Шақыру хаты

Рейс алдында 7-3 күнге дейін сіз электрондық пошта арқылы шақыру хатын аласыз. Шақыру хатын алмаған жағдайда, сіз рейсіңіздің бұл бағдарламаға қатысу мүмкіндігін төмендегі нысан арқылы тексере аласыз.


Ұсыныс жасау

Сіз рейсіңіздің ұшуынан 48 сағат бұрын уақытқа дейін ұсыныс жасай аласыз, оны өзгерте немесе қайта жоя аласыз.


Ұсыныс нәтижесі

Рейстің ұшу уақытынан 48 және 24 сағат бұрын уақыт аралығында біз сізге ұсынысыңыздың сәтті немесе сәтсіз болуы жайлы хабарды электрондық пошта арқылы жібереміз.

 

Жарамдылықты тексеру



Үздік класс жолаушыларына арналған төмендегі эксклюзивті артықшылықтарды пайдаланыңыз.

  • Орындықтар енді және аралары алшақ
  • Бір түймені басу арқылы орындықты жайпақ төсекке1 және қиғаш жайпақ төсекке2 ауыстыру
  • Қалауыңызға қарай борттағы жеке ойын-сауық жүйесі3
  • Танымал бизнес-класс асханасы мен сусындары
  • Халықаралық бизнес-класс күту залына (болған жағдайда) кіру мүмкіндігі 
  • 30 кг-ға дейін көбейтілген жолжүк мөлшері
  • Ұшаққа отырғызу және ұшақтан түсіру кезіндегі басымдылық
  • Жүкті жеткізудегі басымдылық


MyUpgrade

 «Эйр Астана» орындайтын таңдаулы халықаралық және ішкі бағыттарда қолжетімді. Эконом-класқа тапсырыс беріп, бағыттың жарамдылығын тексерген соң, жаңарту үшін қанша төлеуге дайын екеніңізді шешіп, ұсыныс жасаңыз. Қауіпсіз онлайн жүйемізге төлем карта мәліметтерін енгізіп, баға ұсынысыңызды тағы бір қарап шығыңыз да, бізге жіберіңіз. Ұсынысыңыз сәтті болған жағдайда, ұшу уақытынан бұрын біз сізге бизнес-класс орыныңыз үшін жаңа электрондық билетіңізді жібереміз. Төлем картаңыздан төлем сомасы тек қана сіздің ұсынысыңыз сәтті болған жағдайда ғана алынады.

Ұмытпаңыз, ұсынатын бағаңыз қаншалықты жоғары болса, үздік салонымыздан орын алу мүмкіндігіңіз де соншалықты жоғары. Ұсыныстың сәтті болуы «Эйр Астана» құзырында және ең төменгі шектен төмен ұсыныстар қарастырылмайды. Толық шарттар мен талаптармен танысу үшін осы жерді басыңыз.


  1. Бизнес-кластағы жайпақ төсектер «Боинг 767-300ER» ұшағында бар.
  2. Бизнес-кластағы қиғаш жайпақ төсектер «Боинг 757-200» ұшағында бар.
  3. Үш сағаттан ұзақ рейстерде қолжетімді.