MyUPGRADE — Қызмет түсіндірмесі

 

MyUPGRADE қызметі эконом-класс билетіне бронь жасап, сатып алған жолаушылардың «Эйр Астана» компаниясына қызме көрсеу класын бизнес-класқа көтеру ұсынысын жасауына мүмкіндік береді. Бұндай ұсынысты жасаудың бірнеше тәсілі бар.

Ұшар алдында электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу: Интернет арқылы www.airastana.com сайтында билет брондаған жолаушылар бизнес-класта орын саны жеткілікті болған жағдайда және жарамды рейс пен күнге бронь жасалған жағдайда қызмет көрсету класын жоғарылатуға ұсыныс жасау мүмкіндігі туралы хабарлама алуы мүмкін. Бұндай электрондық хабарлама www.airastana.com сайтында ұшардан кем дегенде 48 сағат бұрын билет брондаған жағдайда жіберіледі.

Жарнамалық бет: «Эйр Астана» компаниясының барлық жолаушылары билетті қалай брондағандарына қарамастан, www.airastana.com сайтындағы арнайы бетке кіріп, класты жоғарылату мүмкіндігін алу үшін рейсін және күнін тексере алады. Бұл жағдайда нұсқаулық бойынша онлайн режимде ұсыныс жасаңыз.

Жолаушылар аталған жарнамалық бетке «Эйр Астана» сайтының негізгі бетіндегі «Менің саяхатым» мәзірі арқылы, сондай-ақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясы кеңселері арқылы берілген электрондық билеттеріндегі сілтемелер арқылы кірулеріне болады.


Жиі қойылатын сұрақтар

Жолаушылардың қолында «Эйр Астана» әуекомпаниясы берген және расталған эконом-класс билеттері болуы тиіс.  Демек, билеттің нөмірі 465 санынан басталуы керек.  Төмендегідей билет түрлері бағдарламаға қатыса алмайды:

-          Nomad Club жүлделік және сыйлық билеттері
-          Nomad Club ұпайларын қолданумен класы бұрын жоғарылатылған билеттер
-          Жүлдегерлер
-          Әуекомпания қызметкерлері

Билетті www.airastana.com сайтында интернет арқылы брондайтын жолаушылар ұшар алдында электрондық хабарлама алуы мүмкін. Бұндай хабарламалар интернет арқылы билетті брондаған кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Электрондық хабарлама барлық тұлғаларға жіберіледі, яғни бронь бір уақытта бір жолаушыдан көп адамға рәсімделсе, электрондық пошта иесі топтағы әр жолаушы үшін бірнеше электрондық хабарлама алуы мүмкін. 

Ұшар алдында жіберілетін электрондық хабарламалар орын саны жеткілікті болған жағдайда тиісті рейс пен күнге броны бар жолаушыларға жіберіледі.

Жоқ, «Эйр Астана» әуекомпаниясы жүзеге асыратын рейстердің ішінде MyUpgrade бағдарламасына қатыспайтындары бар. Дегенмен, бағдарламаға қатысу үшін таңдалған рейстер сұраныс болжамына байланысты өзгеріп отырады. Сіз рейсіңіздің брондалған ұшу күнінде бағдарламаға қатыса алатынын немесе қатыса алмайтынын тексеру үшін www.airastana.com сайтындағы жарнамалық бетті көріңіз.


Ұшар алдында жіберілген электрондық хабарламада аталған рейстер немесе жарнамалық бет арқылы расталған рейстер ғана класты жоғарылату бағдарламасына қатыса алады.  Мысалы, сізде Дели (DEL) - Ыстамбұл (IST) бағыты бойынша Алматы арқылы өтіп, екі жаққа бірдей ұшатын билет (DEL-ALA-IST-ALA-DEL) бар делік, Дели-Алматы (DEL-ALA) рейсі үшін класты жоғарылата алатыныңыз жайлы электрондық хабарлама алсаңыз, жолдың осы бөлігі ғана MyUpgrade бағдарламасына қатысады. 

Ұшу сапарының басқа бөліктерінің бағдарламаға қатысуы жайлы хабарланатын электрондық хабарламаларды алуыңыз немесе алмауыңыз мүмкін.

Жоқ, бұл бағдарлама тек «Эйр Астана» компаниясы орындайтын рейстерге қолданылады.


Иә, жүйеде ұшу сапарының әр бөлігі үшін бастапқы ең аз және ең көп сома белгіленген.  Белгіленген ең аз сомадан кем және ең көп сомадан артық ұсыныстар қабылданбайды.

Индикатор ұсынысыңыздың қаншалықты күшті екенін және оның қабылдану мүмкіндігінің шамасын көрсетеді.  Ұсынысыңыз қаншалықты жоғары болса, оның қабылдану мүмкіндігі де соншалықты көп. MyUpgrade қызметінің көмегімен ұсыныс жасағаныңыз билет класының көтерілетініне кепілдік бермейді.


Иә, сапарыңыздың бағдарламаға қатысатын әр бөлігіне әртүрлі ұсыныстар жасай аласыз.

Иә, ұшарға 72 сағат қалғанға дейін соманы өзгертуге болады. Ұсынысыңызды өзгерту үшін ұшарға дейін бастапқы электрондық хабарламада жіберілген сілтемемен өтіңіз немесе www.airаstana.com сайтындағы жарнамалық бет арқылы жүйеге кіріңіз.

Иә, ұшарға кем дегенде 72 сағат қалғанға дейін ұсыныстан бас тартуға болады. Ұсыныстардан электрондық хабарламамен ұшарға дейін жіберілген сілтеме немесе www.airastana.com сайтындағы жарнамалық бет арқылы өтіп бас тартуға болады.


Бастапқы ұсыныстан бас тартқан соң, ұшарға дейін жіберілген бастапқы электрондық хабарламада көрсетілген сілтемені қолданып немесе www.airastana.com сайтындағы жарнамалық бет арқылы жаңа ұсыныс жасай аласыз.


Сіз ұсыныс жасап болған соң, Эйр Астана» әуекомпаниясынан ұсынысыңыздың сәтті болғаны немесе болмағаны жайлы хабарлама аласыз.  Сәтті болған жағдайда, кредиттік картаңыздан тиісті сома алынады және сіз электрондық пошта арқылы класы жоғарылатылған рейс көрсетілген жаңа электрондық билет аласыз. 

Ұсынысыңыз сәтсіз болған жағдайда, төлем картаңыздан қаржы шешілмейді, қолыңызда бар билетпен ұшасыз.

Интернет арқылы сұрау салған кезде, төлем картаңыздың деректерін ұсынуға тиіссіз. «Эйр Астана» компаниясынан ұсынысыңыз сәтті өткені жайлы электрондық хабарлама алған соң, ұсыныста көрсетілген сома картаңыздан алынады.  Ұсынысыңыз сәтсіз болған жағдайда, төлем картаңыздан қаржы алынбайды.


Ұсыныс беру мерзімі аяқталғанша (мысалы, ұшуға кем дегенде 72 сағат қалғанға дейін) жасаған ұсынысыңыздан бас тартуыңыз керек. Ұсыныстан бас тартылғанын растайтын электрондық хабарлама келуі тиіс.  Бұдан соң ғана өзіңіз қалаған төлем картасын көрсетіп, жаңа ұсыныс жасай аласыз.

Егер ұсынысыңыз қабылданып, бірақ картада қаражаттың болмауына байланысты немесе төлем картаңыздан қаржы аударуға қатысты басқа мәселелер салдарынан класыңыз жоғарылатылмаса, жаңа төлем карта деректерін көрсету үшін сілтемесі бар электрондық хабарлама аласыз.

Жоқ, ұсыныс қабылданбаған жағдайда, бұл рейс пен күн үшін қайтадан ұсыныс жасай алмайсыз.  Класты жоғарылату мүмкіндігін арттыру үшін бастапқы ұсынысыңызды барынша жоғары етіп беріңіз.

Жоқ, орныңыз ұшар алдындағы рейске тіркелу кезінде анықталады.


Бизнес-класқа дейін жоғарылатылған билетке бастапқы алынған эконом-класс билетіне қатысты қолданылған тарифтер ережесі қолданылады.  Демек, билетті өзгертуге қатысты ережелер, рейстен бас тарту үшін алынатын айыппұл сомасы және қолданылу мерзімі бастапқы алынған билетке тағайындалғандай өзгеріссіз қалады.


Бастапқы билетіңізден бас тартқаныңыз үшін белгіленген айыппұл бастапқы алынған билеттің құнына қолданылады.  Класты жоғарылату үшін төленген қаражат қайтарылмайды.


Бизнес-класс жолаушылары төмендегідей түрлі басымдықтарға ие болады:

-          Енді және аралары алшақ орындықтар
-          Бір түймені басу арқылы орындықты жайпақ төсекке1 және қиғаш жайпақ төсекке2 ауыстыру
-          Қалауыңызға қарай борттағы жеке ойын-сауық жүйесі3
-          Танымал бизнес-класс асханасы мен сусындары
-          Халықаралық бизнес-класс күту залдарына кіру мүмкіндігі
-          30 кг-ға дейін көбейтілген жолжүк мөлшері
-          Ұшаққа отырғызу және ұшақтан түсіру кезіндегі басымдылық
-          Жүкті жеткізудегі басымдылық

1.        Бизнес-кластағы жайпақ төсектер «Боинг 767-300ER» ұшағында бар.
2.        Бизнес-кластағы қиғаш жайпақ төсектер «Боинг 757-200» ұшағында бар.
3.        Үш сағаттан ұзақ рейстерде қолжетімді.


Кейбір елдерде бизнес-кластағы жолаушыларға арналған елден шығу салығы эконом-класс жолаушыларына қарағанда жоғары. Егер сіз ұсыныс жасаған рейс осы жағдайға сәйкес болса, онда елден шығу салығының қосымша шығындары сіз жасаған ұсынысқа енгізіледі. 

Класыңыз жоғарылаған жағдайда, ұсынысыңызда көрсетілгеннен артық төлемейсіз.

Балалар (2-ден 10 жасқа дейін) бағдарламаға ересектермен бірге қатыса алады. Сәбилер (2 жастан кіші) бағдарламаға қатыса алмайды. Егер бронда сәби жолаушы болса, бұл брондағы жолаушылар бағдарламаға қатыса алмайды.

Кейбір бағыттарда жатын эконом-класына қосымша ұсыныс жасауыңызға болады. Бұл ұсыныс сіздің бизнес-класқа жасаған ұсынысыңыз сәтсіз болған жағдайда ғана қарастырылады.