Ережелер мен талаптар

 

Жалпы ережелер мен талаптар

  • Барлық ақылы MySEAT орындары брондаған кезде бар болған жағдайда беріледі.
  • MySEAT орны «Эйр Астана» әуекомпаниясы орындайтын рейстерде ғана беріледі.
  • Эконом кластағы 1-ші, 2-ші және апаттық қатарларда (41қатарды қоспағанда) MySEAT орнын Жатын Эконом болған жағдайда Астана-Лондон-Алматы, Астана-Париж-Астана, Астана-Франкфурт-Астана рейстерінде брондау мүмкін емес.
  • Ересексіз жүрген балалар MySEAT орындарын сатып ала алмайды.
  • Nomad Club ынталандыру бағдарламасының Гауһар және Алтын деңгейдегі қатысушылары MySEAT орындарын тегін брондай алады.
  • Ақылы орынды жиі ұшатын Nomad Club жолаушыларын ынталандыру бағдарламасының ұпайларына сатып алу мүмкін емес. MySEAT төлемді орынын Қазақстан Республикасының аумағындағы «Эйр Астананың» әуебилет сату кеңселерінде Сыйлық Картасы арқылы сатып алуға болады.
  • Әуетасымалдаушы рейсті алып тастағаннан немесе кешіктіргеннен басқа жағдайларда, MySEAT ақысын төлегеннен кейін орынды қайта брондау, өзгерту немесе одан бас тарту мүмкін емес.
  • Әуекомпания сатып алынған орынды операциялық себептерге немесе авиациялық қауіпсіздік себептеріне байланысты кез келген басқа орынға ауыстыруға құқылы. Әуекомпания басқа орынды дәл сол қатардан беруге барынша күш салады.
  • MySEAT орындарын басқа жолаушыларға табыстау мүмкін емес.

Ақша қаражатын қайтару саясаты

  • Ақшадай шығынды қайтару келесі жағдайларда жасалмайды:

- әуебилетті өз еркімен қайтару немесе өзгерту жағдайында;
- қызмет көрсету класының жоғарлау жағдайында;
- авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу жағдайларында;
- кешігу себебіне байланысты жолаушының рейске келмеуі, миграциялық және де басқа талаптарға сейкес келмеу жағдайлары;

  • Мына жағдайларда ақша қаражатының қайтарылуына өтініш беруге болады:

- рейсіңіздің әуетасымалдаушы кінәсінен алып тасталуы немесе кешіктірілуі;
- әуекеменің түрі өзгертіліп, нәтижесінде жолаушыға тиісті қатарда MySEAT орнының берілмеуі.

  • Ақша қаражатын қайтару бойынша customer.relations@airastana.com электронды мекенжайына хат жазу қажет.
  • Әуекомпания ақша қаражатын әуежайда немесе ұшақ бортында қайтармайды. 
  • Қаражат төлем кезінде пайдаланылған банк картасына қайтарылады.

MySEAT апаттық шығу орындары

  • Апаттық шығу орындары апаттық шығу есіктерінің дәл жанында орналасқан.
  • Эвакуация жағдайында, апаттық шығу орындарындағы жолаушылар апаттық есікті ашуға көмек көрсетулері тиіс.
  • Апаттық шығу орындарындағы жолаушылар авиациялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы, яғни физикалық күйлері жақсы, психологиялық тұрғыдан төзімді болуы, экипаждың ағылшын, орыс немесе қазақ тілдеріндегі нұсқауларын түсінуі тиіс.
  • Жастар және егде жастағы адамдарға арналған тарифтермен сапар шегетін жолаушылар апаттық шығу орындарын сатып ала алмайды.
  • MySEAT апаттық шығу орындарын сатып ала алмайтын жолаушылар:

- физикалық және психологиялық тұрғыдан апаттық шығу есігін ашуға қабілетті емес адамдар;
- балалар мен жасөспірімдер (2-18 жас), соның ішінде ересексіз жүрген балалар;
- нәрестелі және/немесе балалы жолаушылар;
- үй жануарлары бар жолаушылар;
- физикалық жай-күйі тез қозғалуға мүмкіндік бермейтін жолаушылар;
- экипаждың ағылшын, орыс немесе қазақ тілдеріндегі нұсқауларын түсіне алмайтын жолаушылар;
- зейнеткерлер;
- жүкті әйелдер;
- мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар;
- қауіпсіздік белдігін тағу үшін ұзартқыш қажет болатын жолаушылар.

  • MySEAT апаттық шығу орындарына отырғызылатын тұлғалар туралы қорытынды шешімді экипаж мүшелері қабылдайды. 
  • Қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайда, экипаж мүшелері жолаушыға ақша қаражатын қайтармай басқа орын беруге мәжбүр болады.
  • Жолаушы енді қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмесе, орынды қайта брондау және ақша қаражатын қайтару үшін 48 сағат бұрын әуекомпанияға customer.relations@airastana.com мекенжайына хабарласу қажет.