Терминалдар

«Эйр Астана» әуекомпаниясының тұтынушылары төлемдерін «Касса 24» және «QIWI» терминалдары арқылы жасай алады.

Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

 

1 қадам

«Эйр Астананың» тәулік бойы қызмет көрсететін Брондау және ақпарат орталығына +7 (727) 2 44 44 77 немесе Қазақстан қалаларында 58 44 77 нөмірі арқылы хабарласыңыз.

қадам

Калаған рейске орын брондап, әуебилеттің бағасын және брон нөмірін біліп, жақын жерде орналасқан «Касса 24» немесе «QIWI» терминалын таңдаңыз.

қадам

Терминал арқылы төлем жасаңыз.

қадам

Электрондық билет төлем расталған сәтте брондау жасау барысында көрсетілген электрондық поштаңызға жіберіледі. Бронды www.airastana.com сайтындағы «Менің саяхатым» және «Бронды өзгерту» бөлімі арқылы тексеруге болады.

* Брондау және ақпарат орталығының агенті айтқан әуебилет бағасы тек сол күнге жарамды. Басқа күні төлем құны АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамына байланысты өзгеруі мүмкіндігін естен шығармағаныңыз абзал.

қадам

Терминалдар арқылы төленген билеттің қайтарылуы «Эйр Астана» әуекомпаниясының Билет сату кеңселерінде тек жолаушының өзіне жасалынады, жеке куәлік немесе төлқұжат көрсетілуі қажет.

 

«QIWI» терминалы үшін нұсқаулық

«Касса 24» терминалы үшін нұсқаулық