Анықтама-растама


Сіздің билетіңіз бойынша анықтама-растама кұжатын алу үшін көрсетілген форманы қолдыныңыз.

*Анықтама-растама кұжаты билет қолданылғаннан кейін 3 күн өткеннен соң қолжетімді болады.




465-


*ҚР Заңнамасының 21.05.2013ж. 11 бабының 1,2 «Жеке мәліметтер мен оларды қорғау» тармақтарына сәйкес электрондық растайтын анықтаманың шығару ережелері және шарттарымен таныстым, оларды қабылдап, растаймын.

Келісімшартты қабылдай отыра жолаушы билетінің нөмірі бойынша оның қолданғаны туралы анықтама-растаманың құрылуы мен берілуіне келісімін береді.

Билет нөмірін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты немесе билет нөмірін үшінші тұлғаларға бере отыра, жолаушы осы анықтама-растаманы үшінші тұлғаның алуына да келсімін береді. Бұл жағдайда билеттің нөмірі бойынша қолданылуы жайлы ақпараттың қолжетімді болғаны үшін тасымалдаушы жауапты емес.





** Егер 10-нан артық болса, соңғы 01, 02 сандарын қоспаңыз. Анықтаманың түпнұсқасы берілмейді.

Өзгертілген және жартылай қолданылған билеттеріне растама құжатын алу үшін, жолаушының толық аты-жөнін, ұшу билет нөмірін (болмаса, өтінішке төлқұжаттың скан-көшірмесін қосыңыз), ұшу бағыттарын, ұшу күндерін, өтініш себебін және құжатты алғыңыз келетін «Эйр Астана» билет сату кеңсесінің мекенжайын көрсете отырып, келесі электрондық мекенжайға өтініш жіберу қажет: invoices.finance@airastana.com*.

Өзгертілген және/немесе жартылай пайдаланылған билеттер үшін анықтаманы үшінші адамдарға беру келесі жолмен жүзеге асырылады:

Сізден нотариалды түрде расталған хат, немесе кепілдік хат, немесе жолаушының (жолаушылардың) жеке бас (конфиденциалды) ақпараттарының үшінші тұлғаға ұсынылуына қарсылығы жоқ жайлы алынған хатты жіберуіңізді сұраймыз (қолы қойылған сканерленген көшірмесі – барлық үлгілер еркін түрде*). Талаптар орындалмаған жағдайда сұранысыңыз қарастырылмайды.

*Құжат 5 жұмыс күні ішінде дайындалады және тегін беріледі.

Ережелер:

«Эйр Астана» әуекомпаниясының халықаралық бағыттар бойынша ұшқан жолаушыларға растау құжаттарын беру жөніндегі ішкі ережелерімен танысып шығуыңызды сұраймыз (ішкі бағыттар бойынша растау анықтамасы біздің сайтымызда онлайн режимінде ғана беріледі):

  • анықтамалар ұшу билеті алынған валютада беріледі;
  • тарифтерді, белгіленген күндері ғана болатын тарифтерді, бағыттарды растайтын анықтамалар берілмейді. Тарифтер және бағыттар жайлы ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыз;
  • рейстің болмай қалуын немесе кешігуін растайтын анықтамалар келесі электрондық мекенжайға сұрау жіберу арқылы беріледі: сustomer.relations@airastana.com;
  • Nomad Club бағдарламасы бойынша ұпайларды қайтару үшін ұшуды растайтын анықтамаларды келесі мекенжайға хат жіберу арқылы ала аласыз: invoices.finance@airastana.com;
  • әуе компаниясы анықтамалардың басқа түрлерін бермейді, келген сұраулар қаралмайды.