Топтық сапар үшін тапсырыс беріңіз


Құрметті клиент,

"Эйр Астана" топтық тапсырыс беру бетіне қош келдіңіз.


Егер сіз демалыс, конференция, тренинг, үйлену тойы, сондай-ақ достарыңыз бен жанұяңызды зиярат ету мақсатында сапар жоспарласыңыз, топтық брондауға тапсырыс бере аласыз. Топтық брондауға тапсырыс беру үшін эконом-класста жолаушылар саны 10 немесе одан да көп, ал бизнес-класста 8-ден кем болмауы тиіс (0-2 жас аралығындағы балаларды қоспағанда). «Эйр Астана» компаниясының топтық тапсырыс беру бөлімі сіздерге әрдайым көмектесуге дайын.

Топтық тариф жеке тұлғаларға ұсынылатын тарифтерден өзгеше болуы мүмкін. Сонымен қатар, топтық тапсырыс беруде ерекше артықшылықтар қарастырылған:

  • қазір тапсырыс беріңіз де, кейінірек төлеңіз;
  • бөлшектеп төлеуге мүмкіндік беретін тиімді төлем жасау процедурасы (депозиттік шотқа негізделген);
  • барлық топ қатысушылары үшін бір баға;
  • барлық жолаушылардың есімдері болмаған жағдайда да, топ мүшелері үшін орындарға тапсырыс бере аласыз;
  • билеттерді сатып алған соң ұшқанға дейін есімдерді тегін өзгерту мүмкіндігі бар.

Төмендегі топтық тапсырыс беру формасын алдын-ала толтырып жіберуіңіз қажет. Cіз үшін ең тиімді шешімді ұсынуға тырысамыз.

Әр топқа жеке форма толтырылады.

Ескертпе: Топтық брондау бөлімі электрондық пошта негізінде жұмыс істейді; барлық тапсырыстар түсу кезегімен және 3 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Топтық брондауға сұраныс жібергеннен кейін, сіз көрсеткен электрондық мекен-жайға сұранысыңыздың тіркеу нөмірі бар растама хат жіберіледі.

Растама хатын алмаған жағдайда формада көрсетілген барлық мәліметтерді келесі мекен-жайларға жолдауыңыз қажет: group.tr@airastana.com - жеке түлғалардан сұраныстар үшін, group.agency@airastana.com - BSP агенттіктері сұраныстары үшін.

Төмендегі сілтемелер арқылы саяхатыңызды жоспарлауға көмектесетін және топтық брондау процесі туралы ақпаратты, келісімшарттың жалпы талаптарын әрі маңызды мәліметтерді таба аласыз.

Сіздің тобыңызды «Эйр Астана» бортында асыға күтеміз.

 

Құрметпен,
"Эйр Астана" Топтық брондау бөлімі