Deutsche Bahn Rail & Fly


Deutsche Bahn (DB) Rail & Fly қызметін Германия бойынша ішкі рейстер орнына пайдалансаңыз болады.

Егер сіз «Эйр Астанамен» Франкфурт, Ганновер немесе Амстердам қалаларына ұшатын болсаңыз, сіз әрі қарай Deutsche Bahn пойызымен Германияның 6000-нан астам темір жол станцияларының кез келгеніне дейін жете аласыз.

«Эйр Астана» рейсімен бірге Deutsche Bahn пойызына билет сатып алу үшін брондау формасындағы  келу пункті мәзірінде «Deutsche Bahn темір жол станциясы (QYG)» таңдаңыз.

Техникалық себептермен бағдар түбіртегінде жалған пойыз нөмірі, жалған келу және кету пункті және уақыты көрсетіледі. Сондықтан, пойыздардың шынайы жөнелтілу уақытын bahn.de сайтынан тексеріңіз.

Темір жол билеті Германияға ұшып келу күні және ертесіне, сондай-ақ Германиядан ұшып шығу күні жарамды.