Біз туралы

Пилоттар

Pilots«Эйр Астана» әуекомпаниясы – болашаққа бағытталған нақты жоспарларымен серпінді дамып келе жатқан компания.

Біздің қызметкерлеріміз – жас және болымды мамандар тобы. Бүгінгі күнде әуекомпанияның жалпы қызметкерлерінің саны 4000-нан асады және жыл сайын өсуде.

Біздің тобымыздың мүшесі бола отырып, сіздерде кәсіби даму үшін әуекомпания ұсынған барлық қорларды пайдалану мүмкіндігі болады.

Егер қиындықтардан қорықпасаңыз, жақсы жалақысы бар, авиация саласынан абыройлы жұмыс іздесеңіз, сонымен қатар төменде жазылған барлық талаптарға саймын деп ойласаңыз, онда Қызметкерлерді басқару департаментіне бос жұмыс орындарына өтінішіңізді тапсырыңыз.

«Боинг 767/757», «Эрбас А320/321», «Эмбраер 190» ұшақ түрінде жұмыс тәжірибиесі мен біліктілігі бар ұшақ командиріне қойылатын талаптар

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • Пилоттың ИКАО таныған қолданыстағы куәлігі
  • Жалпы ұшу уақыты - кем дегенде 5500 сағат
  • Ұшақ командирі ретінде ұшу уақыты - кем дегенде 1500 сағат
  • Ұшақ командирі ретінде типте ұшу уақыты - кем дегенде 500 сағат
  • Кандидат «Эйр Астана» әуекомпаниясының стандарттарына сәйкес, айтылмыш ұшақ түрінде тексерістен өтеді
  • 55 жасқа дейін
  • ИКАО бойынша ағылшын тілінің 4-ші деңгейі
  • Халықаралық ұшуларда білікті болуы
  • 1 класты медициналық куәлігі
  • Соңғы үш ай бойы типте ұшуы керек және ағымдағы LPC/OPC болуы керек
  • Сотталмаған және басқа да тежеулердің жоқ болуы
  • Мінез-құлығының жақсы болуы
  • Кандидат әуекомпаниядағы кәсіпкерлік қасиет сараптарынан өту керек 


«Боинг 767/757», «Эрбас А320/321», «Эмбраер 190» ұшақ түрлерінде жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі бар екінші пилотқа қойылатын талаптар

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • Пилоттың ИКАО таныған қолданыстағы куәлігі
  • JAR-FCL ATPL стандарттарына сәйкес біліктілігі және дайындығы болмаған жағдайда, ұшуға келесі шектеу қойылады:
    i. Жалпы ұшу уақыты 1500 сағат
    ii. Көп қозғалтқышты ұшақта, көп адамдық экипаж құрамында ұшу уақыты кем дегенде 500 сағат
    iii. Ұшақ түрінде және қызметінде ұшу уақыты кем дегенде 500 сағат
  • JAR-FCL ATPL стандарттарына сәйкес біліктілігі және дайындығы болған жағдайда, ұшуға келесі шектеу қойылады:
    i. Жалпы ұшу уақыты 1500 сағат
    ii. Көп қозғалтқышты ұшақта, көп адамдық экипаж құрамында ұшу уақыты кем дегенде 500 сағат
    iii. Ұшақ түрінде және қызметінде ұшу уақыты кем дегенде 500 сағат
  • 45 жасқа дейін
  • ИКАО бойынша ағылшын тілінің 4-ші деңгейі
  • Халықаралық ұшуларда білікті болуы
  • 1 класты медициналық куәлігі
  • Соңғы үш ай бойы типте ұшуы керек және ағымдағы LPC/OPC болуы керек
  • Сотталмаған және басқа басқа да шектеулердің болмауы
  • Мінез-құлығының жақсы болу
  • Кандидат әуекомпаниядағы кәсіпкерлік қасиет сараптарынан өту керек


Эйр Астана ұшақ түрлерін жүргізуге рұқсаты бар екінші ұшқышқа қойылатын минимум талаптар:

  • Қолданыстағы күші бар ИКАО ATPL ұшқыш куәлігінің болуы
  • Жалпы ұшу уақыты 1500 сағат
  • Ең аз 500 сағат уақытын көп түрлі қозғалтқышы және экипажы бар ұшақ түрін жүргізген
  • Ең аз 500 сағат уақытын компаниядағы ұшақ түрлерін жүргізгенЕң жоғарғы жас мөлшері – 45
  • ИКАО-ға сәйкес 4 деңгейдегі ағылшын тілі
  • 1 класс жарамды медициналық анықтаманың болуы
  • Соңғы 6 айда компаниядағы ұшақ түрлері бойынша ұшуларды орындаған және (LPC / OPC) тренажеры бойынша жарамды тексерісі бар


Белгілі ұшақ түрін жүргізуге рұқсаты жоқ екінші ұшқышқа қойылатын минимум талаптар:

  • Жоғарыда корсетілгендей
  • Жалпы ұшу уақыты 1000 сағат
  • Ең аз 500 сағат уақытын көп түрлі қозғалтқышы және экипажы бар 5,7 тоннадан ауыр ұшақты жүргізген
  • Ең жоғарғы жас мөлшері - 45

Қазақстандық лицензиясы бар Бастапқы Екінші Ұшқышқа қойылатын талаптар:

  • Жарамды СPL ұшқыш лицензиясы;
  • Жалпы ұшу уақыты - кем дегенде 400 сағат;
  • Көп қозғалтқышты және көп экипажді ұшақтарда ұшу уақыты - кем дегенде 200 сағат;
  • Жарамды1-ші класс медициналық сертификаты;
  • Ағылшын тілінің деңгейі ИКАО бойынша 4-ші деңгейден кем емес;
  • Жасы бойынша шектеу: 45 жастан асқан емес;
  • Соңғы 6 ай ішінде көп қозғалтқышты және көп экипажді ұшақтарда ұшқан. Осы талапқа сай келмейтін талапкерлерді қарастыру мүмкіндігі талапкердің жалпы кәсіби тәжірибесіне байланысты болады.