Біз туралы

Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі департамент


Әуекомпанияның барлық базалары бойынша жердегі қызметтің орындалуына Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі департаменті жауапты, яғни жердегі қызметтің қауіпсіздігіне, өнімділігіне, экономикалық тиімділігіне және компаниядағы расталған стандарттарға сәйкес келуін бақылайды.

Департаменттің күнделікті әрекеті негізгі екі бағыттан тұрады: а) жолаушылар мен жол жүк қызметі және б) әуекемелерге қызмет көрсету. Жолаушылар мен жол жүк қызметі - тіркеу кезіндегі шаралар, бортқа отырғызу, келу және трансферден; сонымен қатар жол жүк қызметі жол жүкті маңыздылығына байланысты бөлу мен бөлектеуден, жол жүкті тасымалдаудан және келуші әуежайда қайта қалпына келтіруден тұрады. 

Департаменттің бірінші бағытына қарағанда екіншісі - әуекемелерге қызмет көрсету бағыты көзге аз түскенімен күрделірек және техникалық жұмыстары көбірек болып келеді. Әуекеме қызметі жолаушыларды әуекемеге отырғызу және түсіру, жүкті тиеу немесе түсіру, әуекеме тепе-теңдігін сақтау бойынша ақпарат құру, бортқа уақытылы тағам тиеу және уақытылы жанармай құю, сонымен қатар ұшақты қар мен мұздан тазалау жұмыстарын жүргізу сияқты шаралардан тұрады. 

Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі департаментінің қорытынды функциясы жүк қызметімен байланысты: жүк қабылдау, жүктің көлемі мен салмағын бақылау, сонымен қатар қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес келуін, жүкті тасымалдауға алдын-ала дайындықты қадағалау.

Amadeus Altéa DCS жолаушыларды тіркеу жүйесі әлемдік әуекомпаниялар және жерде қызмет көрсету операторларымен тығыз қарым-қатынас жүргізу нәтижесінде әзірленді. Оның артықшылықтарына Amadeus компаниясының басқа технологияларымен қатар пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Функционалдық қызметі әуекомпаниялардың жолаушылармен жұмыс істеу және ұшуларды басқару технологияларына негізделеді (Amadeus Altéa DCS’s Customer Management и Amadeus Altéa DCS’s Flight Management). Бұл жүйелік шешім ұшулардың ең негізгі процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді: жолаушыларды рейске тіркеу, әуежайда жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету, қауіпсіздік пен ұшулардың уақытылы орындалуына кепілдік болып табылады.


Егер сіз осы топтың мүшесі болғыңыз келсе, сіз төмендегі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. Вакансиялар веб-жүйесіндегі тіркеуден өту;
  2. Сізге сәйкес келетін позицияға өтініш жіберу