Біз туралы

Брондау және ақпарат орталығы


Біздің бөлім әуебилеттерді сату және брондаумен, әукомпания қызметі туралы ақпараттарды берумен айналысады.

Біздің команда әуекомпанияның беделін жоғарғы дәрежеде ұстап тұруға талпынған жас, талапты және білікті мамандардан тұрады.

Біз өз клиенттерімізге бағасы мен қиылысу жағынан ең тиімді болатын бағыт таңдап беруге тырысамыз. Бөлімнің айрықша ерекшелігі: кез келген уақытта тура ақпарат алу мүмкіндігі; инновациалық технологияларды қолдану; смс-хабарландыру (кешігу, төлеу уақыты, өзгерістер туралы), чат (хабарлама алмасу құралдары), хаттарды өңдеу. Біз компания туралы көп ақпаратқа ие болғандықтан, күнделікті клиенттерімізден келіп түскен хаттарды қарастырамыз.

Брондау және сату бөлімі – бұл компанияның айнасы. Біздің агенттер үнемі оқыту мен тренингтерден өтіп тұрады, соның арқасында сапалы қызмет көрсету бойынша дағдыларын ұштай түседі. Қызметкерлердің көбінде халықаралық IATA (Әуе Көлігінің халықаралық Ассоцияциясы) сертификаты бар, бұл билет сату бойынша мамандардың жоғарғы біліктігін дәлелдейді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясында халықаралық деңгейдегі «Amadeus» брондау жүйесі қолданылады. Компания қарқынды түрде осы жүйенің қосымша компоненттерін енгізіп отырады; бұл берілген тапсырысты өңдеу уақытын қысқартады және де жолаушыларға жылдам және ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.


Дәл қазір cіз біздің топ мүшелері қатарына қосыла аласыз, ол үшін cізге
1. Вакансиялар веб-жүйесіндегі тіркеуден өтіп;
2. Сізге сәйкес келетін позицияға өтініш жіберуіңіз қажет