Біз туралы

Бортсеріктер

 

cabincrew

Сіз аспан туралы армандайсыз ба?

Сіз өз еліңізді сүйесіз бе және оның игілігіне еңбек етуге дайынсыз ба?

Егер сіздің жауабыңыз «Иә» болса, онда біз сізді Қазақстан Республикасының ұлттық әуетасымалдаушысы «Эйр Астана» командасының қатарына қосылуға шақырамыз.

Бортсерік мамандығы – әлемдегі мәртебелі мамандықтардың бірі. Бортсерік ұшақ бортындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сонымен қатар, дүние жүзілік стандарттарға сай үздік қызмет көрсетуге жауапты. Алайда, өзінің жоғары жауапкершілігі мен күрделілігіне қарамастан, бортсерік жұмысы өте қызықты.
Егер сіз авиация саласынан тұрақты және келешегі бар жұмыс іздесеңіз жане төменде келтірілеген «Бортсерік» мамандығына қойылатын талаптардың барлығына сай болсаңыз, сізге job.airastana.com сайтта тіркелуіңіз керек.


Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілін білу;
  • Ағылшын тілін жетік білу;
  • Қытай және түрік тілдерін білу абзал;
  • Қызмет көрсету саласындағы еңбек тәжірибесінің болуы абзал;
  • Ер адамның бойы 170см кем емес, әйел адамның бойы 165 см кем емес;
  • Келбеті сымбатты;
  • Ерлер үшін әскери билетінің болуы қажет; 
  • Түйіндемеңізде толық бойыңызбен түскен фото сурет болуы керек;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы. 

Жеке сұхбаттасудан өтпеген үміткерлердің 6 айдан кейін қайтадан конкурсқа қатысу мүмкіндігі бар. Қызметкерлерді басқару департаменті сұхбаттасуға жібермеу немесе шеттеу құқығын өз еркіндігінде қалдырады.