Біз туралы

Жаңалықтар


31.10.2017

Авиацияда қызметкерлердің жетіспеушілігі және «Эйр Астанада» бұл мәселені шешу жолдары
«Эйр Астана» бүкіл Қазақстан бойынша үміткерлерді іріктеу, жұмысқа алу және дайындау мақсатында «Арманыңды іске асыр» науқанының басталуы туралы хабарлайды.


05.10.2017

«Эйр Астана» «MYSEAT» қызметін енгізді
Жаңа қызмет халықаралық практика болып табылады, және оны өзге отандық әуекомпаниялар енгізді.


05.10.2017

Жас қазақстандық ғалым Стивен Хокингпен кездесті
15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты үлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездесті. Сал ауруына шалдыққан Исаак Мустопуло Ұлттық инновациялық конкурста арнайы жүлде иеленіп, 4 қазанда физик-теоретик профессор Стивен Хокингпен кездесті. Кездесу Британ кеңесі мен "Эйр Астана" ұйымдастырған Ұлыбританиядағы оқу-танымдық сапар кезінде өтті.


07.09.2017

"Эйр Астана" бортта кең жолақты жылдам байланысты енгізеді
Енді «Эйр Астана» жолаушылары «Боинг-767» әуе лайнерлерінің борттарында кең жолақты жоғары жылдамдықты желіге қол жеткізді. Әуекомпаниясы Inmarsat’s Global Xpress (GX) Aviation мүмкіндіктерін пайдаланатын Rockwell Collins кабина жүйесін орнатты.


23.08.2017

«Эйр Астана» IOSA эксплуатациялық қауіпсіздік бойынша аудитті 6 рет сәтті өтті
2017 жылғы мамырында «Эйр Астана» әуекомпаниясы IOSA (IATA Operational Safety Audit) Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының эксплуатациялық қауіпсіздігі бойынша алтыншы аудитті сәтті өтті. Алғашқы рет әуекомпания IOSA аудитін 2007 өткен және әр екі жыл сайын 2009, 2011, 2013, 2015 жылдары өткен. Келесі аудит 2019 жылы жоспарланған.


20.06.2017

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығын алтыншы рет алды
«Эйр Астана» әуе компаниясы тағы да 4 жұлдызды рейтингісіне және Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша “Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания” атағына алтыншы рет және «Орталық Азияда және Үндістанда үздік борттық қызмет көрсету» сыйлығымен бесінші рет ие болды. Марапаттау рәсімі 2017 жылғы 20 маусымда Ле-Буржеде Париж авиасалонында өтті.


31.05.2017

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Астанадан Киевке ұшуларды жаңғыртады
1 маусымнан бастап «Эйр Астана» Қазақстан елордасынан Украина елордасына тікелей рейстерді бастайды. Ұшулар аптасына 5 рет Airbus A320 және Embraer 190 заманауи әуе кемелерімен орындалады


18.04.2017

Ab-initio бағдарламасының ұшқыш-түлектері «Эйр Астана» әуе кемесінің командирлері атанды
Ab-initio ұшқыштарды алғашқы даярлау бағдарламасының бірінші түлектері арасынан Airbus флотының 6 екінші ұшқышы әуе кемесінің командирлері қызметіне тағайындалды. Олар: Ахметов Талғат, Чугай Виктор, Агмуров Бердіхан, Тұрғамбаев Тимур, Сулейманов Роман және Петин Дмитрий. Бағдарламаны тәмамдаған тағы 2 ұшқыш нұсқаушылардың бақылауымен рейстерде командирлік қызметке даярлықтан өтіп жатыр және олар сәуір айының соңында командирлер қатарына қосылады.


15.03.2017

Air Astana мен Lufthansa кодшерингтік келісімге қол қойды
Бүгін Air Astana мен Lufthansa кодшеринг келісіміне қол қою арқылы өз ынтымақтастығын кеңейтті.


02.03.2017

"Алматыдан «Эйр Астананың» халықаралық рейстеріне мобильді тіркеу басталды
Бүгіннен бастап «Эйр Астана» Алматыдан ұшатын жолаушыларына халықаралық рейске ұялы телефон арқылы тіркелуге ұсынады. Мобильді отырғызу талоны бар жолаушыларға шекаралық бақылаудан өту үшін FAST TRACK жеке үстелше белгіленген. Бұл қызмет Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК шекара қызметімен өзара әрекеттестік арқасында мұмкін болды. Сөйтіп «Эйр Астана» осындай қызметті ұсынатын Қазақстандағы бірінші әуекомпания болды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы шілде айында ішкі рейстерге мобильді тіркелу енгізілген болатын.