Біз туралы

Жаңалықтар


«Эйр Астана» және «Asiana Airlines» кодшерингтік келісімге қол қойды

20.06.2014

«Эйр Астана» және ««Asiana Airlines» екі тасымалдаушы қызмет көрсететін маршруттары бойынша кодшерингтік келісім жасады. Қол қою рәсімі Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде 2014 жылдың 19 маусымында қазақстандық корей бизнес-форумында болды. Тиісті құжаттарға «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер және «Asiana Airlines» Ким Су Чон қол қойды.

 

Келісім бойынша «Эйр Астана» жолаушылары «Asiana» желісін Азия мен Солтүстік Америка елдеріне ұшқанда пайдалана алады, ал «Asiana» жолаушылары «Эйр Астана» желісі арқылы Орталық Азияға, ТМД-ға және Еуропаға сапар шеге алады. Еркін кодшерингтік келісім жолаушыларға едәуір жақсартылған мүмкіндіктер, оның ішінде тасымалдаушылардың екеуіндегі нақты уақытта қолжетімді жақсартылған икемді кесте мен барлық рейстердегі бос орындар туралы интерактивті мәлімет береді. Сондай-ақ жолаушылар бір билетпен кең желінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.

 

«Біздің Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымын жыл сайын нығайып, жемісті болып келеді. Алматы-Сеул маршруты бойынша жолаушы тасқынының 49% ұлғаюы екі ел арасындағы сауда және мәдениет салаларындағы дамуын көрсетеді. Бүгін жеткен ұағдаластығымыз екі әуекомпанияға дамудың жаңа кезеңіне шығуға және кеңейтілген маршруттық желі артықшылықтарын клиенттерімізге ұсынуға мүмкіндік береді»,-деді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер. 

 

Ким Су Чон мырза Питер Фостерді жақында «Эйр Астананы» Азиялық Тынық мұхит аймағы әуекомпаниялары Қауымдастығына (ААРА) қабылдауымен құттықтады. Екі әуекомпания басшылары тұрақты клиенттерді ынталандыру бағдарламалары, транзиттік қатынастардың мүмкіндіктерін кеңейту, ақпараттық технологияларды дамыту және клиенттерге қызмет көрсету сапасы салаларында қосымша артықшылықтардың қамтамасыз ету және қарым-қатынастарды ұлғайту бойынша барлық мүмкіндіктерді одан әрі қарастыру қажет деп келісті. 

 

Тараптар жасалған келісімдерді орындау барысын Токио қаласында 2014 жылы 18-19 қарашасына жоспарланған ААРА Ассамблеясы аясында талқылауға келісті.

Басып шығару     

x