Біз туралы

Жаңалықтар


«Эйр Астана» жаңа Астана – Бангкок рейсін ашуда

21.08.2014

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана – Бангкок бағытында жаңа рейстің ашылуы туралы қуана хабарлайды. Жаңа рейс 2014 ж. 15 желтоқсанынан бастап «Боинг 767» жайлы да жаңа ұшақтарымен орындалатын болады. Билет құны, әуежай төлемдері мен салықтарды қоса есептегенде, 112 500 теңгеден басталады*. Рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері төмендегі кесте бойынша орындалады: Астанадан Бангкокке рейсіңізді брондауды біздің сайтымыз арқылы, біздің тәулік бойы қызмет көрсететін Брондау және ақпарат орталығымызға +7 (727) 244 44 77 нөмірі бойынша немесе билет сату кеңселерімізге хабарласу арқылы жасай аласыз. * Билет біздің Брондау және ақпарат орталығымыз арқылы, билет сату кеңселерімізде немесе туристік агенттіктерде брондалған жағдайда, сервистік алымдар қосымша төленеді
Басып шығару     

x