Біз туралы

Жаңалықтар


«Эйр Астана» Дубайға тұрақты рейстерді жаңғыртады

28.08.2014

«Эйр Астана» Алматыдан Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласы Дубайға өз рейстерін 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңғыртады. Сондай-ақ Астанадан Абу-Дабиге де қатынай береді. Екі бағыт бойынша ұшулар екі жасты Airbus 320 ұшағымен орындалады. Рейстердің Алматыдан ұшу уақыты 7.55, Дубай Халықаралық әуежайының 1-ші Терминалына (DXB) қону уақыты, 10.25. Қайту рейстері 11.25, 11.40 және 12.10 басталады. Билет бағасы барлық алымдарды (отын және әуежай жолаушы алымдары) қоса алғанда 73 000 теңгеден басталады. Бұдан бұрын Қазақстан өкіметі 10 елдің азаматтарына, соның ішінде БАӘ, визалық тәртіптеменің күшін жою туралы жариялаған болатын. Сонымен қатар, «Эйр Астана» БАӘ саяхаттайтын қазақстандықтарға электрондық визаны рәсімдеу бойынша қызмет ұсынады. Әуекомпания басшысы Питер Фостер: «Эйр Астана» бұдан бұрын Алматыдан Дубайға 2002 мен 2010 жылдар аралығында тікелей рейстер орындаған және біз екі елдің ірі қаржы қалалар арасындағы мұндай маңызды әуебайланысты жаңғыртуға қуаныштымыз. Жаңа рейс халықаралық маршруттық желіні кеңейту жолындағы тағы бір елеулі қадам болып табылады және бұл екі мемлекет арасындағы экономикалық, мәдени және туристік байланыстардың дамуына септігін тигізеді».
Басып шығару     

x