Біз туралы

Жаңалықтар


«Эйр Астана» APEX американдық қауымдастығының жоғары бағасын алды

26.09.2018

«Эйр Астана» APEX американдық қауымдастығының жоғары бағасын алды

APEX (Airline Passenger Experience Association) американдық қауымдастығы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Ірі аймақтық әуекомпаниялар» номинациясы бойынша 5 жұлдыз рейтингін берді. Жеңімпаздар Бостонда 24 қыркүйекте марапаттау рәсімінде жарияланды.

Әуекомпаниялар рейтингі жолаушылардың онлайн пікірлері негізінде қалыптасады. 500 әуекомпаниялардың миллионнан астам рейстері 5 санат бойынша бағаланады: креслолардың жайлылығы, бортта қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен wi-fi қызметі.

APEX дүниежүзі бойынша жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін бағалайтын еуропалық Skytrax агенттігінің американдық аналогы. Рейтинг авиациядағы ең беделді және мәртебелілердің бірі болып саналады.

Басып шығару     

x