Біз туралы

Жаңалықтар


«Эйр Астана» 2014 жылдың екінші тоқсанындағы пайдасы ұлғайды

29.08.2014

«Эйр Астана» Қазақстанның жетекші әуекомпаниясы 2014 жылдың екінші тоқсанында 26,3 млн. АҚШ долларына операциялық пайда және 16,5 млн. АҚШ долларына таза пайда алды, бұл өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда 24% және 7% тиісінше жоғары. Есеп кезеңінде әуекомпания 939,000 адамды тасыды және кіріс 230 млн. АҚШ долларды құрады. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың ұлттық валютаның 19% құнсыздануынан болған пайданың құлдырауын көрсетеді. Осы жылы әуетасымалдаушының флоты 3 Airbus А320 және 1 Boeing 767 жаңа әуекемесімен толықты. «Эйр Астана» Президенті Питер Фостер: «Девальвациядан кейін компанияның экономикалық көрсеткіштері біздің болжалымыздан тезірек қалпына келді. Авиарынокторға жергілікті валютаның және саяси аспектілердің ықпалы болжағаннан елеулі болмады, және қазір жағдай тұрақталып келеді. Өндірістік шығыстарды 6% қысқартып, үшінші тоқсанда көрсеткіштер жақсарады деп үміттенеміз және теңгенің құнсыздануынан есептемеде көрсетілген 48 млн. АҚШ долларға залалға қарамастан ағымдағы жылды да пайдамен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біз инвестициялық жобаларды және жоспарға сәйкес ұшақтарды алу бойынша бағдарламаларды жалғастырмақпыз».
Басып шығару     

x