Біз туралы

Жаңалықтар


«Эйр Астана» 2018 жылы 5,3 млн. АҚШ долларға таза пайда тапты

13.02.2019

«Эйр Астана» 2018 жылы 5,3 млн. АҚШ долларға таза пайда тапты

 

 Әуекомпанияның өткен жылғы таза пайдасы 5,3 млн. АҚШ долларды құрады. Оған кіріс және авиаотын құны өсуі себепші болды. Әуекомпанияның жалпы табысы 10% өсіп, 840,8 млн. АҚШ долларды құрады. Өткізу сыйымдылығы 5%, ал жалпы жолаушы тасқыны 3% үлкейіп, 4,3 млн. адам құрады. Астана және Алматы әужайлары арқылы транзиттік тасымал 48% ұлғайды. Бұл барлық халықаралық тасымалдың көлемінен дерлік 40% құрайды. Пайдалану шығысы 14% өсті. Ол негізінде авиациялық отынның орташа құнының 27,5% қымбаттануына байланысты болды.

«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «2018 жылы авиаотынның қымбаттануына және ішкі және халықаралық нарықта негізгі бағыттардағы бәсекелестіктің күшеюі кесірінен оңай болмады. Үстіміздегі жылы авиаотын 2018 жылғы маусымдағы ең жоғарғы құнымен салыстырғанда 16% арзандауы мүмкін. Сондай-ақ, FlyArystan бюджеттік бөлімшеміздің мамырда іске қосуын күтудеміз. Бюджеттік әуекомпания ішкі және аймақтық бағдарлардағы ұшуларға тамаша мүмкіндік береді. FlyArystan-ды қосуға қажет заңнамалық өзгерістерді қабылдағаннан кейін мүмкін болатын арзан тарифтер жолаушылардың көңілінен шықпақ».

Басып шығару     

x