Біз туралы

Жаңалықтар


«Эйр Астана» 2018 жылы үздік халықаралық бренді деп атанды

16.11.2018

«Эйр Астана» 2018 жылы үздік халықаралық бренді деп атанды

«Эйр Астана» HR үдерістерді автоматтандыру жобасы үшін DIGITAL SOLUTIONS номинациясында WOW!HR_KZ қызметкерлерді басқару саласындағы тұңғыш халықаралық бизнес-сыйлығының жеңімпазы болды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Алматыда жақында өткен.

Сондай-ақ «Эйр Астана» HR-бренд Орталық Азия сыйлығын «Әлем» номинациясы бойынша ұтып алды. Қазылар алқасы әрбір қызметкер өз әріптесіне алғыс білдіре алатын КС Recognition электрондық жүйені жоғары бағалады.

Одан басқа, «Эйр Астана» әуекомпаниясының қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті Евгения Ни VI Қазақстандық HR-форум аясында «Үздік HR-директор» номинациясының лауреаты атанды. 

Сонымен қатар, әуекомпания Universum агенттігі сауалнамасы бойынша «Бизнес» және «Гуманитарлық ғылымдар/білім» санаттарында Қазақстандағы 2018 жылғы ең тартымды жұмыс беруші мәртебесін үш жыл қатарынан растады.

Басып шығару     

x