Біз туралы

БАҚ-мен ынтымақтастық саясаты

 

«Эйр Астана» әуекомпаниясы акционерлік қоғамы және БАҚ-мен қарым-қатынасы туралы ақпаратты ашып айту мәселелерінде Корпоративтік ақпараттық саясат қағидаттарын ұстанады. Оның негізгі қағидаттары – ақпаратты ұсынудың тұрақтылығы, уақтылығы және жылдамдығы. Сонымен қатар, «Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстан Республикасының БАҚ туралы Заң қағидаларын басшылыққа алады.

Ұлттық әуе тасымалдаушы масс-медиамен Қазақстанда да, шет елдерінде де белсенді жұмыс істейді, оларға баспасөз мәлімдемелерін, түсініктемелер, сауалдардың жауаптарын және өзге коммерциялық құпия саналатын мәліметтерден басқа әуекомпаниясы қызметі жөнінде қызықтыратын ақпаратты ұсынады.

Өз қызметін уақытында баяндаумен қатар, «Эйр Астана» әуекомпаниясы ақпараттық серіктестіктіңкелесі түрлері туралы ұсыныстарды қарастырады:

  • Ұшақтар бортында баспасөз тарату
  • Бірлескен жобаларды жүзеге асыру
  • Product Placement

Эйр Астана» әуекомпаниясының атағы біз үшін өте маңызды болғандықтан, «Эйр Астанада» ынтымақтастықтың критерийлері бар.


Ұшақтар бортында баспасөз тарату белгілері:

  • жолаушылардың талғамдары
  • басылымның форматы мен бағыты
  • таралымы
  • аудиториясы
  • мерзімділігі
  • басылым рейтингі
  • коммерциялық ұсынысы

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру белгілері:

  • жобаның өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығы
  • жобаның компания бренді мен бизнесі философиясына сәйкестігі
  • таралымы/ қамтуы
  • мерзімділігі
  • көлемі/ хронометражы
  • аудиториясы
  • рейтингі
  • коммерциялық ұсынысы

Product Placement критерийлері(әуекомпаниясының персоналын, ұшақтарын, борттағы қызмет көрсету барысын, тіркеу орындарын, т.б. бейнекамераға, фотоға түсіру):

  • бағдарламаның/фильмнің өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығы
  • бағдарламаның/фильмнің компания бренді мен бизнесі философиясына сәйкестігі
  • қамтуы мен хронометражы
  • синопсис немесе жобаның қысқаша сипаттамасы
  • мақсатты аудитория
  • демеушілік пакет (бар болғанда)

Біз келесі фильмдер мен телевизиялық бағдарламалардың түсірілімін қолдамаймыз:

  • «Эйр Астана» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздік ережелеріне қайшы келетін
  • Компанияның өндірістік қызметіндегі бұзылуларға әкеле алатын
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін
  • Әуе оқиғаларын немесе әуе кемелерін ұрлап әкетуді көрсететін
  • Қоғамдық мораль және адамгершілік нормаларына қайшы келетін
  • Зорлықты насихаттайтын
  • Компанияның бренд және бизнес міндеттерінің философиясына қайшы келетін және әуе тасымалдаушының беделіне кері әсерін тигізе алатын.

Бізге күн сайын ынтымақтастық жөніндегі көптеген ұсыныстар мен хаттар келеді, егер белгілі бір себептермен сіздің жобаңызды қолдай алмай жатсақ, алдын-ала кешірім өтінеміз. Алайда, біздің әуекомпаниямызға келіп түскен келесідей талаптарға сай келетін барлық өтініштерді қарастыратынымызды мәлімдейміз:

  • ұсынысыңызда жобаның сипаттамасы мен ынтымақтастық шарттары айтылған ресми хат бар болса;
  • хатыңызды жобаны орындамай тұрып, алдын-ала жіберсеңіз.