Ақпарат

Виза және төлқұжат туралы ақпарат


Егер сіз осы елге сапар шеккіңіз келсе, төмендегі берілген виза талаптары жайлы ақпаратқа көз салыңыз:

1. Әзербайжан*, Армения**, Беларусия**, Қырғызстан**, Молдова**, Ресей**, Тәжікстан* және Өзбекістан* сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамына кіретін мемлекеттердің және Грузия**, Украина**, Аргентина*, Бразилия*, Сербия*, Түркия*, Моңғолия** мен Эквадор* азаматтарына Қазақстанға келу үшін кіру визасы қажет емес. 

*30 күнге дейін Қазақстанда визасыз бола алады. 

**90 күнге дейін Қазақстанда визасыз бола алады. 

Визасыз режим 2017 жылдың 1 қантардан бастап келесі мемлекеттер үшін еңейтілді: Аустралия Одағы, Аустрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария Республикасы, Венгрия, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль мемлекеті, Ирландия, Исландия, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия,  Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланды Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сингапур, Словакия Республикасы, Словения Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чехия Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы. Аталған елдердің азаматтары барлық паспорт түрлері бойынша Қазақстан аумағында ҚР шекарасынан өткен соң 30 күнге дейін бола алады. Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының азаматтары ҚР шекарасынан өткен соң Қазақстанда визасыз 14 күнге дейін бола алады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясымен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін немесе үшінші елдерден транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың және одан кетудің 72-сағаттық визасыз режимі қолданылады.

Назар аударыңыз, егер Алматыда немесе Нұр-Сұлтанда 24 сағаттан аспайтын транзиттік аялдау кезінде сіз әуежай аумағынан тыс шыққыңыз келсе, онда транзиттік аймаққа кірмей, бірден паспорттық/шекаралық бақылаудан өтуіңіз қажет.

2. Басқа шет елдердің азаматтары Қазақстанға келу үшін кіру визасын алулары қажет. 

Электрондық визалар. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізіледі. Шетелдіктер бұл электрондық визамен тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіріп-шыға алады.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Азаматтары электрондық виза ала алатын елдер тізімін көру үшін  ҚР Сыртқы істер министрлігі сайтына барыңыз. 

 

3. Кіру визаларының көптеген түрі бар, олар:

Виза  Сипаттамасы
Іскерлік виза  Іскерлік (іскерлік келіссөздер, форум, нарық зерттеулерін жүргізу үшін) мақсатымен, Қазақстан территориясында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтініші бойынша келген шет ел азаматтарына беріледі.  
Туристік виза   Лицензиясы бар жергілікті саяхат агенттіктердің өтініштері бекітілгенінен кейін беріледі. 
Транзиттік виза   Баратын мемлекетке кіру визасы, ұшу күндері мен Қазақстандағы транзиттік мекен көрсетілген билеті бар жолаушыларға Қазақстандағы портқа немесе станцияға келгеннен кейін 5 күн ішінде беріледі. 
Дипломатиялық виза  Дипломатиялық төлқұжаты бар, кей кезде заңды түрде қажет болғанда жолаушыларға беріледі. Дипломатиялық визалар консулдық төлемдерсіз рәсімделеді. 
Қызметтік виза  Дипломатиялық төлқұжаты бар, кей кезде заңды түрде қажет болғанда жолаушыларға беріледі. Дипломатиялық визалар консулдық төлемдерсіз рәсімделеді. 
Инвесторлық виза  Қазақстан нарығында жұмыс істейтін және іскерлік жобаларды дамытуды жоспарлаған үлкен шетел компанияларының менеджерлеріне және өкілдеріне – ерекше инвесторларға беріледі 
Жұмыс визасы  Жұмыстық визалар Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне байланысты шаралардан басқа, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат пен қосымша құжаттарды тапсырғаннан соң беріледі. 
Оқу визасы  Білім мекемелерінің өтініш беру арқылы көші-қон полициясының рұқсатымен беріледі.
 Медициналық виза  Белгілі бір мекемелер мен ұйымдардың өтінішімен, шақыру мақсаты айқындалған, емдеу, медициналық тексеру, кеңес алу үшін шақырылған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына беріледі. 
Тұрақты тұру визасы  Заңға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін беріледі.

4. Кіру визасын алу үшін сіздің төлқұжатыңыз жоспарланған ұшу күнінен кейін кем дегенде 6 ай ішінде жарамды болуы тиіс. Рұқсат алған соң, виза төлқұжатқа жапсырылады. 

5. Әр виза алу өтініші шақыру қағазымен расталуы қажет. 

6. Ресми бір мәрте, жеке, іскерлік және туристік визаларды алу үшін кейбір мемлекеттердің азаматтарына шақыру қағазын тапсыру қажет емес. 

7. Егер шақырған ұйым мемлекеттік емес ұйым болса, бірнеше мәрте, іскерлік және туристік визаларды алу үшін Ішкі Істер Министрлігінің Көші-қон полициясының рұқсаты қажет. 

8. Кіру визасына өтінішті тұрғылықты мекен-жай бойынша Қазақстанның дипломатиялық немесе өкілдік кеңселеріне беру қажет. Сіз барлық Қазақстан дипломатиялық кеңселерінің тізімін осы сайттың Маңызды ақпарат/Дипломатиялық елшіліктер бөлімінен таба аласыз. 

9.Визаға өтініш бергенде, сізде мына құжаттар болуы тиіс: 

·         Жарамды төлқұжат

·         Төлқұжатқа арналған фотосурет

·         Шақыру қағазы

Құжаттарды тапсыру кезінде консул сізден басқа құжаттарды талап етуі мүмкін.

10. Дипломатиялық визадан басқа, барлық визаға төлем төлеу міндетті. 

 

* Толығырақ және соңғы жаңартылған ақпаратты мына веб-сайттан таба аласыз: www.mfa.kz.