Ақпарат

Ұлыбританиядан ұшатын рейстердегі жолаушылық алым жөніндегі жаңа ережелер

2016 жылдың 1 наурызынан бастап Ұлыбританияда белгіленген жолаушылық алым (APD)* Ұлыбритания әуежайынан эконом-класс салонында ұшып шығатын жасы 12 мен 15 жас (қоса алғанда) аралығындағы жолаушыларға салынбайды.

Қазіргі кезде «Эйр Астана» жоғарыда көрсетілген жас санатына кіретін жолаушылар үшін алымдарды дұрыс есептеу мақсатында airastana.com вебсайтындағы онлайн брондау жүйесіне өзгерістер енгізіп жатыр.

Әзірге, егер сіздің Ұлыбританиядан жасы 12 мен 15 жас аралығындағы жолаушылармен бірге 2016 жылдың 1 наурызынан кейін саяхаттау жоспарыңыз болса, онда билеттеріңізді біздің тәулік бойы жұмыс істейтін брондау және ақпарат орталығымыз, билет сату кеңселеріміз немесе турагенттіктер арқылы сатып алуға кеңес береміз. Бұл бізге алымдарды дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.

Егер сіз біздің вебсайтымыз арқылы саяхаттау күні 2016 жылдың 1 наурызынан кейінгі рейстерге билет сатып алып қойған болсаңыз, жасы 12 мен 15 жас аралығындағы жолаушылар үшін төленген APD жолаушы алымын қайтарып алу үшін біздің брондау және ақпарат орталығымызға хабарласуыңызға болады. Егер сіз билетті сату кеңсесі немесе турагенттік арқылы сатып алған болсаңыз, онда сол сату кеңсесіне немесе турагенттікке хабарласыңыз.

APD жолаушы алымы бизнес-класс жолаушылары үшін бұрынғыдай төленеді.

* Жолаушылық алым Ұлыбритания Үкіметінің қаулысының негізінде Ұлыбритания территориясындағы әуежайлардан ұшып шығатын тұлғалардан алынады.