Ақпарат

Тіркелудің және ұшаққа отырғызудың аяқталу мерзімі


Тіркелу мен қауіпсіздік тексеруін өтуге уақытыңыз болу үшін әрқашан әуежайға ұшып шығу уақытыңыздан бұрын келіңіз. Төмендегі кестеде көрсетілген тіркелудің және ұшақ бортына отырғызудың аяқталу мерзімдерімен таныс болуларыңызды сұраймыз. 


Тіркелудің және ұшақ бортына отырғызудың әдеттегі аяқталу мерзімі

Бағыттар
Тіркелудің аяқталу мерзімі Ұшақ бортына отырғызудың аяқталу мерзімі

Ішкі

Тіркелу кесте бойынша ұшып шығу уақытынан 40 минут бұрын жабылады

 Бортқа шығу есігі кесте бойынша ұшып шығу уақытынан 15 минут бұрын жабылады

Халықаралық

Тіркелу кесте бойынша ұшып шығу уақытынан 40 минут бұрын жабылады *

Бортқа шығу есігі кесте бойынша ұшып шығу уақытынан 15 минут бұрын жабылады

 * Халықаралық Дубай әуежайы және Куала-Лумпур халықаралық әуежайы: Тіркелу кесте бойынша ұшып шығу уақытынан 60 минут бұрын жабылады

Көрсетілген мерзімдерді сақтамау кез келген резервтелген орындардың өзгертілуіне, брондаулардың жойылуына және/немесе ұшақ бортына отырғызу рұқсаты берілмегенде өтемді талап етуге құқығының болмауына әсерін тигізеді.

Сіздің жоғарыда көрсетілген мерзімдерді ұстанбау нәтижесінде шекккен кез келген залалдарыңыз немесе шығындарыңыз үшін біз жауапты емеспіз.

Әуежайда кезекте тұрмау үшін, «Эйр Астана» әуекомпаниясының қолданысындағы әуежайларының барлығында табылатын біздің Онлайн тіркелу қызметімізді қолданыңыз. 
Егер сіз код-шейр рейстерімен саяхаттайтын болсаңыз, өзіңіздің тасымалдаушы әуекомпанияларыңыздың тіркеу мен басқа да процедураларды өту мерзімдеріне байланысты саясаты жайлы ақпаратты білуіңізді сұраймыз. Қызмет көрсетуші тасымалдаушының ережелері мен нормалары қолданылады.