Profile

Қазақстан бойынша әуе тасымалы үшін жарамды құжаттар

Қазақстан бойынша әуе тасымалы үшін төмендегі жеке басты куәландыратын құжаттар жарамды* болып табылады:

  • төлқұжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті);
  • жеке куәлік (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті);
  • шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына арналған ықтиярхат (ЖСН көрсетілуі міндетті);
  • азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқынның куәлігі;
  • туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған ҚР азаматтары үшін);
  • дипломатиялық төлқұжат;
  • қызметтік төлқұжат;
  • Қазақстан Республикасының теңізшінің жеке куәлігі;
  • оралу туралы куәлік;
  • жол жүру құжаты.

* Құжаттың түпнұсқасы ұсынылуы тиіс.


Балалар сапары

Қазақстаннан шетелге саяхаттау үшін, баланың жеке төлқұжаты болуы тиіс. Туу туралы куәлік баланың жеке басын куәландыратын құжат болып саналады.

Егер 16 жасқа толмаған тұлға ата-анасының жетелеуінде және өз төлқұжатымен жол жүрсе, өзімен бірге ата-анасының мәртебесін куәландыратын туу туралы куәлігін де қоса алып жүруі қажет.

Кәмелетке толмаған балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын ересек жолаушылармен бірге тасымалдау кезінде авиакомпания баланың туу туралы куәлігін, сондай-ақ туыстықты растайтын және (немесе) кәмелетке толмаған жолаушыны тасымалдауға заңды құқығын растайтын құжаттарды талап ете алады.

Шетелге шығатын азаматтар қабылдаушы елде болу ережелерін, әсіресе, он алты жасқа дейінгі балалар үшін жеке төлқұжатқа қойылатын талаптарға қатысты ережелермен танысуы керек.