Ақпарат

Болашақ аналар

 

Эйр Астана авиакомпаниясы жүкті әйелдерге босану мерзімінен төрт аптадан кеш емес уақыт бұрын ұшуға кеңес береді.

Жүктілік уақыты 22 аптадан аспаған жүкті әйелдер дәрігерден ұшуды растайтын құжатты алмастан сапар шеге алады.

Жүкті әйелдер рейске тіркелуге мүмкіндігінше ертерек (тіркеу уақыты басталған уақытта) келуі тиіс.

Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 34 аптаға дейін және екі нәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 32 аптаға дейін медициналық ұжымның жүктілік уақыты мен жүкті әйел денсаулығының жарамдылығы туралы анықтамасымен тасымалданады. Халықаралық бағыттарда ұшу үшін анықтаманың ағылшын тілінде аудармасы болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылық уақыты - 30 күн.

Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 34 аптадан бастап және екі нәрестелі жүктілік кезінде 32 аптадан бастап құзіретті медициналық комиссияның жазбаша түрде шешімдері бойынша тасымалданады (Қазастан Республикасында № 035-1/у формасы бойынша болуы тиіс). Халықаралық бағыттарда медициналық шешімнің ағылшын тілінде аудармасы болуы тиіс. Медициналық шешімнің жарамдылық уақыты - 30 күн.

Әйел жүктілігінің ерте сатысында немесе жалпы жүктілік уақытында қандай да бір асқынулары болса, онда әуе көлігімен сапар шегу алдында дәрігерден кеңес алуы тиіс.

Егер жүкті әйелдің босану уақыты келесі 7 күн аралығында күтілген жағдайда, медициналық комиссияның жазбаша түрдегі рұқсатына қарамастан, авиакомпанияның оны тасымалдаудан бас тартуына құқығы бар.

Босанған әйел және оның нәрестесі босану уақытынан бастап 7 күнге дейін тасымалданбайды.

Эйр Астана авиакомпаниясы белгіленген елдің көші-қон заңнамасының талаптарына сәйкес жүкті әйелді тасымалдаудан бас тартуына құқығы бар.