Ақпарат

Билеттегі аты-жөнді өзгерту

 

Жолаушының есімі мен тегін өзгерту.

“Эйр Астана” әуе компаниясының рейстеріне есімі немесе тегі қате жазылған жолаушылар жіберілмейді.

Әуебилеттерде жолаушының тегі мен есімі оның төлқұжаты немесе жеке куәлігіне сәйкес латын әріптерімен жазылуы тиіс. Бірінші тегі, кейін есімі жүреді, мысалы ABDRAKHMANOV/SERIK MR.

 

Жолаушының тегі немесе есіміндегі қате

Жолаушы өзінің тегі немесе есімінің қате жазылғанын анықтаған жағдайда, call.centre@airastana.com адресіне оны түзетуге арыз жазып, құжатының түрлі-түсті көшірмесін қосып жіберуі тиіс.

Тегі мен есіміндегі қателік 3-тен артық болмаған жағдайда ғана түзету жасатылады, оған қоса тегі немесе есімінің естілуі өзгермеуі тиіс. Арыз ұшу уақытынан 24 сағат бұрын қабылданады.

 

Тегі немесе есімінің толығымен өзгертілуі

Жолаушының тегі немесе есімінің толық өзгертілуі, оның өзгергенін растайтын ресми құжаттың болуымен ғана мүмкін.

Ол үшін арызды, жаңа түрлі-түсті көшірмелерін, тегінің/есімінің өзгергенін растайтын ресми құжаттың (неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік) көшірмесін call.centre@airastana.com адресіне ұшу уақытынан 3 жұмыс күн бұрын жіберуі тиіс.

Егер әуебилет жаңа құжаттарды рәсімдеуден кейін ескі тегі немесе есіміне рәсімделген болса, өзгерту жөніндегі арыз қабылданбайды. Бұндай жағдайда ескі әуебилетін қайтарып, жаңа әуебилетін алу керек болады.

Жолаушының тегін немесе есімін өзгерту тек Эйр Астана орындайтын рейстеріне ғана мүмкін. Тегі немесе есіміндегі жіберілген қатені түзету қызметі үшін қосымша төлем алынбайды.