Ақпарат

Ұшақ бортында

«Эйр Астана» рейстерінде темекі шегуге қатал тыйым салынады. Сонымен қатар, шетелдегі әуежай терминалдарының көбінде темекі шегуге рұқсат етілмейді. Егер темекі шеккіңіз келсе, әуежай қызметкерінен темекі шегуге арнайы белгіленген орынды көрсетуін сұраңыз. Тыйымды орындамау ақшалай айып-пұлға әкеліп соғады.
Ұялы телефондардан келіп түсетін сигналдар ұшақтың байланыс және электроникасына кедергі келтіреді, барлық әуекомпаниялардың шартына сәйкес, ұшаққа отырмас бұрын ұялы телефон ӨШІРІЛУІ ТИІС. Ұялы телефон ҰШАҚТАН ШЫҚҚАННАН КЕЙІН ҒАНА ҚОСЫЛУЫ ҚАЖЕТ.
Ұшу кезінде портативті компьютер, компьютер ойындары және таспалы магнитофондарды пайдалануға болады. Алайда, ұшып шығу және қону кезінде оларды пайдалануға рұқсат етілмейді. Егер Сізде осыған байланысты күдігіңіз болса, әуекомпанияның қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Ия, әрине, бірақ рейстің басынан аяғына дейін жануарды осындай мақсаттарға арналған арнайы контейнерде ұстау қажет. Контейнердің ең үлкен көлемі - 30 x 47 x 27 см (барлық үлгідегі әуе кемелері үшін, тек Embraer 190 үшін контейнер 29 x 43 x 26 см көлемінен аспауы тиіс). Салмақтың ең жоғарғы мөлшері - үй жануары мен контейнерді қоса есептегенде 8 кг болуы керек. Бір жолаушыға бір контейнер рұқсат етілген. Сондай-ақ, үй жануары тіркелген жолжүк ретінде әуе кеменің жолжүк бөлігінде (мөлшерден артық жолжүктің еселенген құны қолданылады) немесе жүк ретінде тасымалдана алады (арнайы жүк мөлшерлемесі қолданылады). Құстар мен кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Құстар мен кеміргіштерді әуе көлігінің жүк бөлімдерінде тасымалдауға рұқсат беріледі. Шағын балықтарды тасымалдау үшін қажетті: 1 аквариум немесе қақпағы бар шыны ыдыс (оның ауа өткізетін тесігі болуы тиіс) және тасымалдау кезінде балықтардың аман-есен тіршілігіне жеткілікті су мөлшері болуы тиіс. Балықтарды полиэтиленді пакеттерде тасымалдауға тыйым салынады. Егер сіз «Эйр Астана» бортына жануарлар мен балықтарды алып жүргіңіз келсе, бұл туралы рейсіңізге 24 сағат қалғанда, саяхат бюросында сізге қызмет көрсететін агентке хабарлауыңыз қажет немесе «Эйр Астана» әуекомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңіз қажет (special.services@airastana.com). Нақты ақпаратты біздің веб-сайттағы "Жануарларды тасымалдау бөлімінен" алуыңызға болады.