Ақпарат

Онлайн тіркелу

Онлайн-тіркелу дегеніміз - рейстерге тіркелудің оңай және ыңғайлы тәсілі. Ұшып шығу күні сіз: Сапарыңызға өзіңізді және қасыңыздағы жолаушыларды тіркей аласыз Кеден қызметкерлерінің сұранысы бойынша жеке мәліметтеріңізді толықтыра аласыз Ұшақтан орын таңдай аласыз Отырғызу талоныңызды басып шығара аласыз
Сапарыңыз уақтылы «Эйр Астана» рейсінен басталса және егер сапар барысында түйісу рейсі болған жағдайда сіз тіркелуді онлайн өте аласыз. Төменде көрсетілген категория жолаушылары әуежайда тіркелуі керек: Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен кішкентай балалар Қосымша орындары бар жолаушылар Зембілдегі жолаушы
Тіркелу үшін, келесі қадамдарды жасаңыз: Сәйкестендіру Тапсырысты таңдау Жолаушыларды таңдау Тіркелуді растау Жеке мәліметтерді жаңарту Отырғызу талонын басып шығару Қалауыңыз бойынша, келесі қызметтерді пайдалануға болады: Орын ауыстыру Жиі ұшатын жолаушы мәліметтерін жаңарту
Сәйкестендіру мақсатында келесі мәліметтерді енгізіңіз: Тегіңіз: Тегіңізді тапсырысты растауда көрсеткендей жазыңыз Ұшып шығу әуежайы: Сапарыңыздың бастамасында ұшып шыққан бірінші әуежайдың аты Сәйкестендіру үлгісі. Сіздің тапсырыңыз түрлі жолдармен табылуы мүмкін: Брондау нөмірі - 6 таңбалы әріптер мен сандардан құралған код (мысалы, ABC123) Билет нөмірі: 13 саннан тұратын нөмір (мысалы, 4652400623623) Жиі ұшатын жолаушы нөмірі (мысалы, 102061982) Төлқұжат нөмірі (25 белгіге дейін) Тапсырыста тапсырыс нөмірі болса ғана сәйкестендіру сәтті өтеді. Тапсырысты беру кезінде тапсырыс нөмірі мен билет нөмірі әрқашан көрсетіледі.
Егер сіз достарыңызбен немесе туыстарыңызбен сапарға шықсаңыз, тапсырыстарыңыз түрлі болса да, осы нұсқауды басу арқылы барлығыңызға бірге тіркелуге болады.
Әуекомпанияда тек әуекомпанияның өзінің немесе серіктес әуекомпаниялардың ғана жолаушыларды марапаттау бағдарламасының мүшелік картасын пайдалануға болады. Сіздің жолаушыларды марапаттау бағдарламаңыз тізімде болмаған болса, сәйкестендірудің өзге тәсілін пайдаланыңыз.
Сізде бірнеше тапсырыстар болуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз тіркелгіңіз келген тапсырысты таңдауыңыз керек. Егер сізде тек жалғыз тапсырыс болса, сізге мұндай экран көрінбейді.
Кейбір жолаушылар тіркеліп қойған болуы мүмкін немесе осы жолаушылар тек әуежайда ғана көрсетілетін қосымша қызметтерді талап етеді. Бұл жолаушылар қосымша мәлімет үшін ғана экраннан көрініп тұрады және оларға ешбір өзгертулер жасау мүмкін емес. Егер осы жолаушыларға байланысты кейбір өзгертулер енгізу керек болса, тұтынушылар қызметіне телефон шалыңыз немесе әуежайдағы агентке хабарласыңыз.
Егер сіз бір немесе түрлі тапсырыстағы басқа да адамдармен ұшатын болсаңыз, оларды қоса тіркеп, бірге отыруыңызға болады. Тіркеу кезінде тіркелу үшін, сіздің осы жолаушылармен ұшатын рейсіңіз және класыңыз бірдей болуы талап етіледі.
Тапсырыс беру кезінде табылған болса, жолаушының жолаушыларды марапаттау бағдарламасының қатысушысы екендігі экранда пайда болады.Егер мұндай мәлімет көрсетілмеген болса, тапсырыста мұның жоқ екендігін білдіреді.Сіз оны "жолаушыларды марапаттау бағдарламасының қатысушысын қосу " нұсқауы арқылы қоса аласыңыз.
Түрлі әуекомпанияларда түрлі рейстерде орынды on-line жүйесінде брондауға болмайды.Бұл рейстерге тіркелу үшін әуежайға барыңыз.
Ішкі рейстерде сіз ұшақ бортындағы қалаған орныңызға отыра аласыңыз. Осы себепті, сіз бұл рейске орын таңдай алмайсыңыз.
Халықаралық бағыттарда ұшқан кезде,кейбір мемлекеттердің кеден қызметтері мемлекет территориясына енуге рұқсат берер алдында жолаушылар жайлы қосымша мәліметтерді талап етеді. Тек осындай рейстер үшін біз ұшақ бортына кіргізер алдында мәліметтерді талап етеміз. Мәліметтерді онлайн-тіркелу арқылы енгізуіңізге болады. Егер сізде мұндай мәлімет болмаса, сіз тіркелген болып қала бересіңіз, бірақ әуежайға келген кезде, отырғызу талонын алу үшін, мәліметтерді ұсынуыңыз керек. Әуекомпания жолаушылардың жеке бас мәліметтерін тек кедендік рәсімдеулерден басқа ешбір мақсатта қолданбайды. Сіздің мәліметтеріңіз кедендік тексеріс аяқталғаннан кейін сақталмайды және пайдаланылмайды.
Кейбір қауіпсіздік шараларына сәйкес, отырғызу талонын басып шығаруға тыйым салынған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жолаушының есімінің жанында "қауіпсіздік талаптарына байланысты" деп көрсетіледі. Сіз тіркеуде қала бересіңіз, және әуежайда қауіпсіздік талаптарын орындағаннан кейін отырғызу талонын аласыңыз.
Орынды таңдау үшін, сіз сол жақ бағандағы жолаушыны таңдап, орындар картасынан бос орынды таңдап алыңыз. Мұны сіз өзіңізбен бірге ұшатын барлық жолаушылар үшін істей аласыңыз. Содан соң жаңа орынды растаңыз немесе орын ауыстыруды болдырмай, өзіңіздің алдында белгіленген орныңызды қалдырып, растау бетіне қайтыңыз.
Сіз таңдап жатқан кезде, басқа жолаушы сізден бұрын осы орындарға тапсырыс беріп қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда сізге басқа орындар белгіленеді және сіз орындар картасынан орындарды қайта таңдауыңызға болады. Орныңызды бір топтың адамдарының арасындағы орынға ауыстыруыңыз басқа қосымша себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сіз орныңызды сақтап, ұшақ бортына келген кезде келісіп, ауыстырып алуыңызға болады.
Сапар кезінде тек әуекомпанияның өзінің немесе серіктес әуекомпаниялардың ғана жолаушыларды марапаттау бағдарламасының мүшелік картасын пайдалануға болады. Сіздің жолаушыларды марапаттау бағдарламаңыз тізімде болмаған болса, сіз бұл сапарда тегін миляларды пайдалана алмайсыңыз.