Ақпарат

Онлайн брондау

Әуебилетті онлайн тәртібінде біздіңвеб-сайтымыздың Онлайн брондау бөлімінен сатып алуға болады. Толығырақ ақпаратпен Онлайн брондау бойынша нұсқаулар мен көмек бөлімде таныса аласыз.
Сіз онлайн арқылы брондау кезінде кредиттік карточкаңызбен (Visa немесе MasterCard) бірден төлем жасауыңыз қажет.
USD (АҚШ доллары), EUR (Евро), GBP (Британдық фунт), AED (БАЭ дирхамы), THB (Тай баты), CNY (Қытай юані), HKD (Гонконг доллары), INR (Үнді рупиі), KRW (Оңтүстік Корея воны) валюта түрлерімен төлейтін болсаңыз, тек Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарын немесе тек Казкоммерцбанкте берілген Maestro, Cirrus дебиттік карталарын қолдануыңызға болады. Төлемді Қазақстандық теңгеде (KZT) жасау үшін, сіз кез келген Visa, MasterCard, American Express карталарын немесе Maestro, Cirrus дебиттік карталарын қолдануыңызға болады.
Келесі электрондық поштаға call.centre@airastana.com хат жазыңыз немесе Бізбен байланысу сілтемесін басу арқылы бізбен хабарласа аласыз. Біздің агенттер Сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарастырады.
Интернет арқылы брондау жасаған кезде өзіңіз көрсеткен электрондық поштаға Электрондық Билет жіберіледі. Оны принтерден шығарып, тіркеуге келе беруіңізге болады.
Жоқ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде қасында жас балаға ересексіз әуебилетті брондау мүмкін емес. Бала үшін әуебилет ересек адаммен қатар брондалуы тиіс
Компанияның ережелеріне сәйкес, халықаралық рейстерде 2-11 жастағы жолаушы жас бала деп танылады. Ал ішкі рейстер үшін – 2 және 14 жас аралығындағы жолаушылар жас бала деп танылады.
Төлем картасының иесі кез-келген басқа адам болуы мүмкін. Бірақ мынаны ескеруіңіз қажет: онлайн брондау кезінде жасалған барлық транзакцияларға төлем картаның иегері жауапты.
Ұшып шығу күнін ауыстыру тарифтің қолдану шартына байланысты. Шарттарды нақтырақ білу үшін келесі электрондық поштаға call.centre@airastana.com хат жазыңыз немесе Бізбен байланысу сілтемесін басу арқылы бізбен хабарласыңыз. Біздің агенттер Сіздің өтінішіңізді қарастырады
Әуебилетті Интернет арқылы біздің веб-сайтымыздан ұшудың алдында кем дегенде бір сағат бұрын сатып алуға болады және онлайн транзакциясының ұзақтығы 20 минут.
Әуекемесінің бортындағы өз орныңызды онлайн брондау кезінде ұшып шығудан кем дегенде 48 сағат бұрын таңдауыңызға болады. 4 Қадамда «Қосымша мүмкіншіліктер» опциясын таңдаңыз немесе өтінішіңізді call.centre@airastana.com электрондық поштасына жіберіңіз.
«Ұшып шығу күндерін өзгертуге болады » нұсқасын таңдай отырып, сіз ұшып шығу күнінен билет құнының маңызды екенін көрсетесіз және сізге басқа да +/-3 күн ішінде арзан билет құны ұсынылады.
Әуе компания Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жолаушы тасымалдау жол билетiмен, оның ішінде әуе көлігінде берілетін электрондық билеттермен рәсiмделген жағдайда, келесі шарттар орындалған кезде, шот-фактураның берілуіне талап етiлмейдi: отырғызу талонының бар болуы; электронды билет үшін төлемді растайтын құжаттардың (фискалды чек, төлем картасының транзакциялық көшірмесі, төлем тапсырысы) бар болуы. Жолаушы жоғарыда аталған құжаттарды жоғалтып алған жағдайда «Эйр Астана» әуе компаниясы салықтық шот-фактураны беруге дайын. Бұл үшін жолаушы электронды билет көшірмесін, өзінің СТН-і мен қоса жазбаша өтінішін Алматы қаласы, Ахметов көшесі, 4А, Центр-1 мекенжайы бойынша жолдауы немесе құжаттардың электронды көшірмесін invoices.finance@airastana.com электронды поштасына жіберуі тиіс.
Әуебилет бағасын қайтару қолданылған тарифке байланысты. Егер билетіңізді қайтару мүмкін болған жағдайда, сіз оны қайтаруға тапсырыс жасай аласыз. Билетіңізді қайтару үшін airastana.com сайтымызға кіріп, Менің саяхатым бөлімінен Билетті қайтару қызметін таңдаңыз.