Ақпарат

Жолжүк

Жолжүктің мөлшері тасымалдау класына байланысты өзгеріп отырады. Әдетте, бизнес-кластағы әрбір жолаушы үшін мөлшер - 30 кг, эконом-кластағы әрбір жолаушы үшін - 20 кг. Сіз жолжүк мөлшері мен қол жүгі туралы неғұрлым толық ақпаратты осы веб-сайттың Жолжүк мөлшері бөлімінен ала аласыз.
Тіркелген жолжүктің мөлшерін асырып жіберген әрбір жолаушы артық салмақты килограмм үшін қолданылатын мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс. Жолжүктің әр бірлігі 32 кг аспау тиіс. Коммерциялық жүктемелер шектелген жағдайда, нормадан тыс жолжүктер бірінші кезекте түсірілетінін ескеруді өтінеміз. Толығырақ ақпаратпен біздің веб-сайттың Мөлшерден артық жолжүкті тасымалдау құны бөлімінде таныса аласыз.
Қолға ұстайтын кодқа бекітілетін жалпақ былғары шабадандар, сейфтер, ақша салынған пакеттер, қорғаныс заттары (балғалар, бұрышы бар спрейлер және т.б.), жарылғыш заттар, сығымдалған газдар (аэрозольдерді қоса), өртке қауіпті сұйықтықтар, құрамында оттегі жоғары заттар, мысалы, пероксидтер және хлорлы әк, улы заттар, радиоактивті заттар, тотығатын заттар, магнитті, зиянды немесе жағымсыз иісті заттар және тітіркендіруші заттар. Сондай-ақ ату қаруын, қарулардың телнұсқаларын, қанжарларды, бәкілерді және басқа қауіпті заттарды өзімен бірге алып жүруге немесе қол жүкке салып жүруге тиым салынады. Толығырақ ақпаратты біздің веб-сайттың Қауіпті жүктер бөлімінен ала аласыз.
Жолжүк жоғалған немесе бүлінген жағдайда дереу «Эйр Астана» қызметкерлерімен немесе әуежайдағы Жоғалған жүкті іздеу қызметімен хабарласыңыз. Сізге мүлік жайы туралы есеп беріледі және жоғалған немесе бүлінген жолжүк туралы деректер жолжүктерді қадағалау жүйесіне ендірілетін болады. Жолжүк жоғалған кезде, мүлік жайы туралы есептен анықтамалық нөмірлерін пайдаланып, жолжүгіңіз туралы ақпаратты мұнда басып біле аласыз. Гаага хаттамасымен толықтырылған Варшава конвенциясына сәйкес, жоғалту, кешіктіру немесе бүлдіру үшін тасымалдаушының жауапкерлігі тіркелген жолжүктің 1 кг үшін 20,00 АҚШ долларымен шектеледі, Жолжүк бағалы деп есептелсе, оны сақтандырғаныңыз жөн. «Эйр Астана» сынғыш, құнды немесе тез бұзылатын жолжүк үшін жауап бермейтінін ескеруді сұраймыз. Әйнегі сынған контейнерлер және сұйықтығы төгілген шабадандар үшін әуекомпаниялар жауап бермейді, жолаушылар әуеде тасымалдау үшін жолжүктің буып-түйілгендігіне айрықша назар аударуы тиіс. Қауіпсіздік мақсаттарында ақшалар, іскерлік құжаттар, зергерлік бұйымдар, күмістен жасалған бұйымдар, жеке дәрі-дәрмектер, камералар, ноутбуктер және ұялы телефондар тіркелген жолжүк ретінде тасымалдана алмайды және жолаушылар оларды ұшақтың салонында алып жүруі тиіс. «Эйр Астана», көптеген ірі әуекомпаниялар секілді тіркеуден өтіп бүлінген жолжүк үшін, атап айтқанда, жолжүктің сынған дөңгелектері, тұтқалары, жоғалған шанду белбеулері, сызат, дақ, майысу, кесілу және т.б ұсақ зақымдар үшін жауап бермейді.
Тіркелген жолжүк - жолжүктің түбіртегін көрсетушіге беріледі. Халықаралық тасымалдау кезінде жолжүк бүлінген жағдайда, шағым тасымалдаушыға жазбаша түрде зақымданулар анықтала салысымен және кем дегенде, алынғаннан кейін 7 күннің ішінде беріле алады; кешіктірген жағдайда, шағым жолжүк жеткізілмеген күннен бастап 21 күннің ішінде беріле алады. Ішкі тасымалдау кезінде жолжүк бүлінген, жоғалған немесе ішінара ұрланған жағдайда, шағым тасымалдаушыға жазбаша нысанда беріле алады. Тасымалдаушы «Мүліктік сәйкессіздіктер туралы есеп» құжатын жолаушының қатысуымен толтырады. Жолаушының шағым жасауға құқығын растайтын барлық құжаттар, соның ішінде билет, жолжүк үшін төлем жөніндегі түбіртек, жолжүк таңбасының жыртылмалы түбіршегі, мүліктік сәйкессіздіктер туралы есептің көшірмесі шағымға қоса беріледі. Өз шағымдарыңызды «Эйр Астана» әуекомпаниясының Жоғалған жүкті іздеу қызметіне мына адрес бойынша жазбаша нысанда жіберуді сұраймыз: ala.lf@airastana.com немесе тел.: +7 727 259 66 84.
Спорттық құрал-жабдықтарды, соның ішінде шаңғыны, сноубордты, байдарканы, велосипедті, гольф немесе дайвинг үшін керек-жарақтарды алып жүруге болады, олар тіркелген жолжүк ретінде тасымалданады. Кейбір заттар үшін алдын ала брондау талап етілетінін есіңізде сақтауыңызды сұраймыз. Спорт қаруын тасымалдау үшін Арнайы қызметтер жөніндегі бөлімнің special.services@airastana.com электрондық поштасына хабарлауыңызды сұраймыз. Толығырақ ақпаратпен біздің веб-сайттың Арнайы жабдықтарды тасымалдау бөлімінде таныса аласыз.
Егер сіз виолончель немесе контрабас секілді музыкалық аспаптарды тасымалдамақ болсаңыз, олар үшін қосымша орынға тапсырыс беру қажет. 1 орынға ең үлкен салмақ 75 кг, ең үлкен көлем 120 x 50 x 30 құрайды. Гитара, саксофон немесе осындай көлемдегі музыкалық аспаптар тіркелген жолжүк ретінде салонда тасымалданады. Ең жоғары салмағы 75 кг және ең үлкен мөлшері 120 x 50 x 30 болатын сынғыш заттар үшін де қосымша орынға тапсырыс беру қажет. Алдын ала брондау талап етіледі.
Сәби балалармен сапар шегетін жолаушылар үшін жолжүктің мөлшерден тыс мөлшерлері жоқ.
Егер сіз өзіңізбен бірге арнаулы жолжүкті, соның ішінде: жануарларды жабдықтарды, техникалық құралдарды немесе аппаратураны көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерді тез бұзылатын заттарды, тамақ өнімдерін, өсімдіктерді дәрі-дәрмектерді мүгедектер креслосын көлемді және ауыр заттарды сынғыш заттарды алғыңыз келсе, оларды тасымалдауға рұқсат алу үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясының Арнайы қызметтер бөлімімен алдын ала хабарласуыңыз қажет. Алдын-ала келісімсіз, рейске тіркелгенде мұндай жолжүкті тасымалдауыңызға рұқсат етілмеуі мүмкін.