Ақпарат

Ерекше қажеттіліктер

«Эйр Астана» жолаушыларға арнайы тағамдар ұсына алатындығына қуанышты. Арнайы тағамға «Эйр Астана» әуекомпаниясының көптеген халықаралық және кейбір ішкі рейстерінде тапсырыс беруге болады. Толығырақ ақпарат үшін мында басыңыз.

Сіз airastana.com сайтымызда билет сатып алу кезінде, туристік агенттік пен билеттік касса арқылы билетті сатып алғанда немесе біздің «Бронды өзгерту» қызметіміз арқылы арнайы тағамдарға тапсырыс бере аласыз. Сонымен қатар, біздің байланыс орталығымыздың +7 (727) 244 44 77 нөміріне хабарласу арқылы немесе call.centre@airastana.com электрондық поштасына хат жазу арқыла тапсырыс беруіңізге болады. Тапсырысты жоспарланған ұшуға кем дегенде 24 сағат бұрын беру қажет. Сіздің рейсіңізде арнайы тағамға тапсырыс беру мүмкіндігі бар екендігі туралы біздің Брондау және ақпарат орталығымыздан, +7 (727) 244 44 77 нөмірі бойынша, анықтап білуіңізді сұраймыз. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.

 

  • Вегандық тағам (VGML), 
  • Үнді тағамдары (вегетариандық емес) (HNML), 
  • Сәбилерге арналған ас (BBML), 
  • Балалар тағамдары (CHNL), 
  • Жеңіл тағам (BLML), 
  • Диабетпен ауыратын адамдарға арналған тағамдар (DBML), 
  • Жеміс-жидек салаты (FPML), 
  • Желімтік ақуызы жоқ тағамдар (GFML), 
  • Кошерлі тағам* (KSML), 
  • Құнарлылығы төмен ас (LCML), 
  • Майлылығы аз тағамдар (LFML), 
  • Тұздылығы аз тағамдар (LSML), 
  • Сүт өнімдері жоқ тағамдар (NLML), 
  • Шикі көкөністер (RVML), 
  • Мұсылман тағамы (MOML), 
  • Лакто және көкөніс-вегетариандықтарға арналған тағамдар (сүті мен жұмыртқасы бар) (VLML), 
  • Вегетариандықтарға арналған Азия/Үнді аспаздықтарының тағамдары (AVML), 
  • Джайн вегетариандық тағамы (VJML), 
  • Шығыс вегетариандық тағамы (VOML). 

 (* Кошерлі тағам Қазақстаннан ұшатын рейстерде ұсынылмайды.)

Иә, бар. Жеңілдік тарифтің толық құнынан есептеледі. Толығырақ ақпарат алу үшін тәулік бойы қызмет көрсететін Брондау және ақпарат орталығына хабарласа аласыз: ұялы тел. +7 702 702 44 77, Алматыдағы тел. + 7 (727) 244 44 77, Астанадағы тел. +7 (717) 258 44 77 немесе call.centre@airastana.com электрондық поштасы арқылы. Тарифтер және тариф шарттарымен танысу үшін мұнда басыңыз.

2 жасқа дейінгі сәбилер (жеке орынсыз) тегін ұша алады, алайда оларға да билет жазып шығарылуы қажет.

Сәбилермен (1 жастан төмен) сапар шегетін жолаушылар сәбилерге арналған төсектерді пайдалана алады, бұл қызмет әуе кеменің түріне байланысты. Сәбилерге арналған төсекке алдын-ала тапсырыс беру үшін, тапсырыс туралы билет сатып алған саяхат бюросына хабарлаңыз немесе бізге тікелей special.services@airastana.com электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.

Ересек адамдардың қарауынсыз 6-15 жас аралығындағы балалар «Эйр Астана» рейстерімен сапар шеге алады. Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, егер ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында болса, ұшып келу уақытына қарамастан, балалар ересектердің қарауынсыз «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да, қабылданбайды. Толығырақ ақпарат алу үшін, біздің жергілікті кеңсемізге немесе Брондау және ақпарат орталығымызға хабарласуыңызды  сұраймыз. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.

Жолда аялдаманы қажет ететін тікелей емес рейстерде жетелеушісі жоқ балалар тасымалдауға қабылданбайды. Ерекшелік: жетелеушісіз балалар Лондонға, Франкфуртке, Парижға ұшатын транзиттік рейстерге қабылданады (Астана/Алматы қалалары арқылы). Астана  қаласындағы транзиттік тоқтау 2,5 сағаттан аспауы тиіс. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.

«Эйр Астана» ересек жетелеушісіз кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау үшін қосымша төлем алмайды.  Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.

Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, егер ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында болса, онда ересектердің қарауынсыз өз бетімен ұшатын балалар «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да қабылданбайды. Ұшып келу уақытына қарамастан. Толығырақ ақпарат алу үшін мұнда басыңыз.

Ия, әрине, бірақ рейстің басынан аяғына дейін жануарды осындай мақсаттарға арналған арнайы контейнерде ұстау қажет. Контейнердің ең үлкен көлемі - 30 x 47 x 27 см (барлық үлгідегі әуе кемелері үшін, тек Embraer 190 үшін контейнер 29 x 43 x 26 см көлемінен аспауы тиіс). Салмақтың ең жоғарғы мөлшері - үй жануары мен контейнерді қоса есептегенде 8 кг болуы керек. Бір жолаушыға бір контейнер рұқсат етілген. Сондай-ақ, үй жануары тіркелген жолжүк ретінде әуе кеменің жолжүк бөлігінде (мөлшерден артық жолжүктің еселенген құны қолданылады) немесе жүк ретінде тасымалдана алады (арнайы жүк мөлшерлемесі қолданылады). Құстар мен кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Құстар мен кеміргіштерді әуе көлігінің жүк бөлімдерінде тасымалдауға рұқсат беріледі. Шағын балықтарды тасымалдау үшін қажетті: 1 аквариум немесе қақпағы бар шыны ыдыс (оның ауа өткізетін тесігі болуы тиіс) және тасымалдау кезінде балықтардың аман-есен тіршілігіне жеткілікті су мөлшері болуы тиіс. Балықтарды полиэтиленді пакеттерде тасымалдауға тыйым салынады. Егер сіз «Эйр Астана» бортына жануарлар мен балықтарды алып жүргіңіз келсе, бұл туралы рейсіңізге 24 сағат қалғанда, саяхат бюросында сізге қызмет көрсететін агентке хабарлауыңыз қажет немесе «Эйр Астана» әуекомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңіз қажет (special.services@airastana.com). Нақты ақпаратты біздің веб-сайттағы "Жануарларды тасымалдау бөлімінен" алуыңызға болады. 

Жануарларды тасымалдауға қажетті құжаттар: 

  • жануардың ветеринарлық паспорты; 
  • ветеринарлық куәлік; 
  • жануарды идентификациялауға арналған микрочип немесе татуировка (Еуропа елдері үшін*). 

*3-тармақ Қазақстан немесе Ресей көлеміндегі сапарларға міндетті емес. Жануарыңызды тасымалдауға өтінішіңізді тіркеу кезінде жоғарыда аталған барлық құжаттарды көрсету қажет. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.

Иә, әрине. Қозғалысы шектеулі жолаушыларға келесі қызмет түрлерін ұсынамыз. Мүгедектер креслосы WCHR – баспалдақпен көтеріліп-түсе алатын, және салондағы орнына жете алатын, бірақ ұзақ қашықтықтаққа мүгедек креслосын қажет ететін жолаушыларға арналған. WCHS – баспалдақпен көтеріліп-түсе алмайтын, бірақ салондағы орнына жете алатын жолаушыларға арналған; ондай жолаушыларға да ұзақ қашықтықтыққа мүгедек креслосы қажет болады. WCHC –салон ішінде және баспалдақпен көтеріліп-түскенге мүгедек креслосын қажет ететін, мүлдем қозғала алмайтын жолаушыларға арналған. Жолаушының өзінде мүгедек креслосы бар болса, ол кресло жолжүгі ретінде тегін тасымалданады. Тек қана зембілде тасымалданатын жолаушының жол жүру кезінде кем дегенде бір серігі болу керек.  Егер сізге арнайы көмек қажет болса, ұшарға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын (зембілмен тасымалданатын жолаушылар үшін 72 сағат бұрын) special.services@airastana.com электрондық поштамызға хабарласуыңызды сұраймыз. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.

Жүктілік уақыты 22 аптадан аспаған жүкті әйелдер дәрігерден ұшуды растайтын құжатты алмастан сапар шеге алады. Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 34 аптаға дейін (екі нәрестелі жүктілік кезінде 22 - 32 аптаға дейін) медициналық ұжымның жүктілік уақыты мен жүкті әйел денсаулығының жарамдылығы туралы анықтамасымен тасымалданады. Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 34 аптадан бастап (екі нәрестелі жүктілік кезінде 32 аптадан бастап) құзіретті медициналық комиссияның жазбаша түрде шешімдері бойынша тасымалданады.  Егер жүкті әйелдің босану уақыты келесі 7 күн аралығында күтілген жағдайда, медициналық комиссияның жазбаша түрдегі рұқсатына қарамастан, әуекомпанияның оны тасымалдаудан бас тартуына құқығы бар. Жалпы жай-күйіне байланысты, ұшақ экипажы және жердегі қызмет көрсету өкілдері шешімімен, жүкті әйел тасымалдануға алынбауы мүмкін. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз. 

Басқа сұрақтар бойынша біздің  Брондау және ақпарат орталығымызға келесі нөмірлер - ұялы :+7 702 702 44 77, Алматы: + 7 (727) 244 44 77, Астана: +7 (717) 258 44 77 немесе call.centre@airastana.com эл. поштасы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.