Ақпарат

Бронды өзгерту, күшін жою немесе қайтару

Бронды өзгерту үшін, «Эйр Астананың» Брондау және ақпарат орталығымен +7(727) 244 44 77 телефонына немесе call.centre@airastana.com электронды поштасына хабарласыңыз. Сіз, сондай-ақ, «Эйр Астананың» Билет сату кеңселерінде өз броныңызды өзгерте аласыз. Егер билеттерді рәсімдеу жөніндегі агент арқылы бронды жасаған болсаңыз, өз броныңызды өзгерту үшін онымен хабарласуыңызды сұраймыз. Онлайн режимде рәсімделген бронды өзгерту үшін call.centre@airastana.com электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз. Бронды өзгерту тасымалдау үшін төлем шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Онлайн желісінде сатып алынған әуебилетті біздің сайттағы "Сапарды жоспарлау" бөліміндегі "Билетті қайтару" бетінде немесе мұнда басу арқылы тапсыра аласыз. Қайтарылатын ақша онлайн желісінде сатып алуға пайдаланылған картаға ғана жіберілетінін ескеруді сұраймыз. Пайдаланылмаған немесе жартылай пайдаланылмаған билет үшін төленген ақшаны қайтару және/немесе күшін жою үшін, билетіңізді рәсімдеген агентпен хабарласуыңыз абзал. Сондай-ақ, «Эйр Астананың» Брондау және ақпарат орталығымен +7 (727) 244 44 77 телефоны бойынша байланысуыңызға, немесе call.centre@airastana.com электрондық поштасына хабарлама жіберуіңізге немесе «Эйр Астананың» әуебилеттерді сату жөніндегі жергілікті кеңсесіне хабарласуыңызға болады. Қайтарулар тасымалдаудың төлем шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.