Ақпарат

Смарт жолжүгі


Смарт жолжүгі - ішінде литий батареялары, қозғалтқыштар, қуат көздері орнатылған, сондай-ақ GPS, GSM, Bluetooth, RFID немесе Wi-Fi жүйелері интеграцияланған инновациялық жолжүк (сөмкелер, шабадандар және т. б.). Сондай-ақ, cмарт жол сандығында сондай-ақ ұялы телефондарды және басқа құрылғыларды қуаттандыруға арналған сыртқы литий-ионды батареялары болуы мүмкін. Орнатылған литий батареялары және ұшақ жүйелерінің жұмысына кедергі келтіретін электромагнит өрісінің сәулеленуі салдарынан смарт жолжүгі қауіпті болуы мүмкін.

Егер сіз ұшақ ішіне смарт жолжүгін алғыңыз келсе, оның ішіндегі литий батареялары* алынбалы екендігіне көз жеткізуіңіз керек. Рейске тіркелуден бұрын орнатылған литий батареялары  алдын-ала жолжүктен алынып тасталуы (бөлшектелуі) керек; жолжүктегі барлық электрондық функциялар өшірілулі болуы тиісті.

Алынып тасталған батареялар тек қолжүк ретінде тасымалдануы тиіс.

Батареясыз жолжүк, оның көлемі және саны «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолжүкті тасымалдау нормаларына сәйкес келсе, ұшақта тіркелген жолжүк ретінде немесе қол жүк ретінде тасымалдануы рұқсат етіледі.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы алынбайтын литий батареялары бар смарт жолжүгін тасымалдамауға құқылы.

* Литий-иондық батареялардың қуаты 100 Вт/сағ.-тан артық, ал «Эйр Астана» рұқсат берген жағдайда 160 Вт/сағ. артық болмауы тиіс.