Ақпарат

Қауіпті жүктер

Қауіпсіздік үйіңізден басталады

МЫНАДАЙ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАУІПТІ ЗАТТАРДЫ ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ АЛЫП ЖҮРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • Жарылыс қаупі бар заттар*
  • Сығымдалған газдар (аэрозольдерді қоса)
  • Жылдам тұтанғыш сұйықтықтар
  • Құрамында оттегі жоғары заттар, мысалы қышқылдар мен ағартушы ұнтақтар
  • Улы заттар
  • Радиоактивті заттар
  • Жегідей заттар
  • Магнитті материалдар, зиянды заттар немесе иісті заттар мен тітіркендіруші заттар

Жолаушыларға БАРЛЫҚ ЖҮК ТҮРЛЕРІ арқылы литий батареяларымен іске қосылатын келесідегідей кішігірім жеке моторландырылған жүріп-тұру құралдарын тасымалдауға толығымен ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • hover-board (гироскутер), 
  • mini-segway (мотокат, сегвей, самокат),
  • air-wheel (бір дөңгелекті гироскутер), 
  • solo-wheel (моноколесо), 
  • balance-wheel (Шағын электрлік моноцикл)
  • және басқа да жоғарыдағы аталғандар тәрізді құралдар.

*Спорттық құралдарды әуежелінің рұқсаты бойынша тасымалдауға болады.

Оқ ататын қаруларды, қару модельдерін, қанжарларды, жиналмалы пышақтарды және қаупі бар басқа да заттарды өзіңізбен бірге немесе қол жүгінде алып жүруге тиым салынады.

Сондай-ақ ұшақтың радио және навигациялық жабдықтарына ықпал етуі мүмкін электр құрылғыларды, мысалы радио және ұялы телефондарды пайдалануға тиым салынады.

Бұл бөлімде портативті электрондық құралдар - ұялы телефондар, сағаттар, есептеуіштер, фотоаппараттар, бейнекамералар, ноутбук және медициналық құрылғыларға арналған қосалқы литий батареяларды тасымалдау туралы маңызды ақпараттар бар.

1. Қосалқа литий батареялары (оның ішінде литий-ион және литий-металл батареялары) тек қана қол жүгінде тасымалдауға рұқсат етілген.

2. Кез келген бекітілген немесе қосалқы батареялар келесі талаптарға сай болуы тиіс: литий-металл батареяларға арналған литийдің құрамы 2 грамнан артық емес немесе литий-иондық батареяларға арналған қуат тығыздығы сағатына 100 Вт артық болмауы тиіс.

Ескерту: Осы тармақта көрсетілген бекітілген немесе қосалқы литий батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды тасымалдау үшін Эйр Астана әуеакомпаниясынан алдын ала рұқсаттама талап етілмейді.

3. Қол жүгіндегі литий батареялары қауіпсіздік мақсатында жеке сақталуы тиіс. Батареялар өндірушінің бастапқы қаптамасында немесе полюстері сыртқы ортадан корғайтын қаптамада болуы тиіс.

Ескерту: Бекітілген немесе қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғылардың батареялары литий-металл батареяларға арналған литийдің құрамы 2 ден 8 грамға дейін немесе литий-иондық батареяларға арналған қуат тығыздығы сағатына 100 ден 160 Вт болған жағдайда Эйр Астана авиакомпаниясының алдын-ала рұқсаты қажет. Осы тармақта көрсетілгеннен тыс параметрлері бар бекітілген немесе қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды тасымалдауға тыйым салынады. Жолжүк ішінде электрондық батареялары бар портативті құрылғыларды тасымалдау кезінде олардың өздігінен іске қосылуын болдырмау үшін алдын-ала шаралар қолдану қажет

Қолыңыздағы билетпен cіз әуежайға жөнелуге дайынсыз. Сіз өз қол жүгіңізді жаппас бұрын оның ішін соңғы рет тексеріп шығып, өзіңізбен бірге ұшатын басқа адамдардың қауіпсіздігіне шек келтірмейтіндігіңізге көз жеткізіңіз. Сіздің қауіпсіздігіңіз жолжүгіңізді дайындаған кезден басталады.