Ақпарат

Мөлшерден артық жолжүкті тасымалдау құны 


Құрметті жолаушылар! 

Егер жолжүгіңіз тегін жолжүк нормасынан асатын болса, ол артық жолжүкті тасымалдау құнымен төленеді.

Төменде «Эйр Астана» әуекомпаниясының мөлшерден артық жолжүкті тасымалдау құны көрсетілген. Төмендегі тізімнен ұшып шығу қаласын таңдауыңыз қажет.


Қазақстандық емес қалалар арасындағы өтпелі халықаралық рейстерде мөлшерден артық жолжүкті тасымалдау құнымен таныс болу үшін мұнда басыңыз.

24 сағат ішінде бір немесе бірнеше ауысып отыруы бар өтпелі бағыттарға: бүкіл тасымалдау үшін мөлшерден артық жолжүкке төлем бір рет ғана алынады.

24 сағаттан артық бір немесе бірнеше тоқтауы/ауысып отыруы бар өтпелі бағыттарға, қайта қайтатын рейстерге: мөлшерден артық жолжүкке төлем әр ұшу сегменті үшін алынады.

Егер тасымалдау кезінде әр сегмент үшін жеке билет жазылған болса, оңда мөлшерден артық жолжүк үшін төлем билетте көрсетілген әр бағыт бойынша жарияланған тарифке сәйкес төленеді

Көрсетілген мөлшерден артық жолжүкті тасымалдау құны тек «Эйр Астана» әуекомпаниясы орындайтын рейстерде ғана қолдаланылады. Басқа әуекомпаниялармен бірлесе орындалатын бағыттарда тасымалдаушы компанияның тарифтеріне сәйкес келетін мөлшерлеме бойынша төлем алынады. Егер тасымалдау бірнеше әуекомпаниялармен жүзеге асырылатын болса, оған қоса басқа әуекомпаниялармен бірлескен рейс болса, бағыт бойынша үстем тасымалдаушының тарифтері қолдаланылады.