Ақпарат

Жолжүк мөлшері 

Жолжүктің тегін тасымалдау мөлшері

Құрметті жолаушылар, тегін жолжүкті тасымалдау мөлшері қызмет көрсету класына байланысты екенін ескеріңіз. Ерекшеліктер: MyCHOICE тарифтері үшін және Жолжүкті тасымалдауға арналған арнайы ұсыныстар.

Әр жолаушы үшін, ұшақ ішінде бөлек орын берілмейтін 2 жасқа толмаған сәбилерден өзге, келесі жолжүкті тегін тасымалдау мөлшерлері белгіленген:

Бизнес-класс - 30 кг
Жатын эконом - 30 кг
Эконом-класс - 20 кг

MyCHOICE тарифтері үшін келесі бағыттар бойынша жолжүкті тегін тасымалдау ережелері:

   Классикалық  Асыра икемді  Үнемді бизнес  Икемді бизнес
 Баку  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Бішкек  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Душанбе  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Қазан  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Мәскеу  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Новосибирск  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Омбы  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Санкт-Петербург  20 кг
 30 кг
 30 кг
 30 кг
 Ташкент  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Тбилиси  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Екатеринбург  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг
 Киев  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг 
 Ыстамбұл  20 кг  30 кг  30 кг  30 кг

2019 жылдың 4 маусымынан бастап Қазақстаннан Мәскеуге және Мәскеуден Қазақстанға ұшатын рейстерде жолжүксіз тарифтер (базалық тарифтер тобы) енгізілді. Егер сіз жолжүкпен саяхаттайтын болсаңыз, ақысыз жолжүк тасымалдауын қамтитын тариф түрін таңдағаныңыз абзал.

Кейбір бағыттарда жолжүкті тасымалдауға арнайы ұсыныс қолдаланылады.

Жолжүкті тасымалдауға арнайы ұсыныстар

Жолжүкті тасымалдауға арнайы ұсыныс сапар көрсетілген қаладан басталғанда жарамды болады. Мысалға, Тбилиси – Бейжің – Тбилиси бағыты бойынша Тбилисиден Бейжіңге және кері қарай, сондай-ақ, Тбилисиден Бейжіңге дейінгі бір жақ үшін жолжүктің ұлғайтылған тасымалдау мөлшері қолданылады. Сапар Бейжіңнен басталса және Бейжің – Тбилиси бағытында арнайы ұсыныс болмаса, онда жолжүктің ұлғайтылған тасымалдау мөлшері қолданылмайды.

Ыстамбұл – Ташкент – Ыстамбұл, Дубай – Ташкент – Дубай, Куала-Лумпур – Үрімші – Куала-Лумпур бағыттары бойынша 24 сағаттан ұзақ аялдау болған жағдайда жолжүктің ұлғайтылған тасымалдау мөлшері қолданылмайтынын ескеріңіз.

Жолжүкті тасымалдауға арнайы ұсыныстар көрсетілмеген жағдайда Эконом-класс үшін қолданылады.

 Бағыт  Жолжүкті тасымалдау мөлшері  Ұсыныс мерзімі
 Ыстамбұл – Дели – Ыстамбұл 30 кг 12 қаңтар – 31 желтоқсан 2019
 Ыстамбұл – Ташкент – Ыстамбұл*
35 кг 29 желтоқсан 2018 – 31 желтоқсан 2019
 Тбилиси – Бейжің – Тбилиси 30 кг 5 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Тбилиси – Үрімші – Тбилиси 30 кг 21 мамыр – 31 желтоқсан 2019
 Тбилиси – Дели – Тбилиси 30 кг 5 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Киев – Бейжің – Киев 40 кг (эконом және бизнес) 4 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Киев – Дели – Киев 30 кг 4 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Дели – Киев – Дели 30 кг 29 қараша 2017 – 31 желтоқсан 2019
 Дели – Тбилиси – Дели 30 кг 8 қаңтар – 31 желтоқсан 2019
 Дели – Новосибирск – Дели 30 кг 8 қаңтар – 31 желтоқсан 2019
 Дели – Омск – Дели  30 кг 8 қаңтар – 31 желтоқсан 2019
 Дели – Екатеринбург – Дели 30 кг 8 қаңтар – 31 желтоқсан 2019
 Дели – Мәскеу – Дели 30 кг 1 маусым 2017 – шектеусіз
 Дели – Санкт-Петербург – Дели 30 кг 1 маусым 2017 – шектеусіз
 Дели – Қазан – Дели 30 кг 28 қазан 2013 – шектеусіз
 Дели – Бішкек – Дели 30 кг 1 маусым 2017 – шектеусіз
 Дели – Ыстамбұл – Дели 30 кг 12 қаңтар 2018 – 31 желтоқсан 2019
 Дели – Үрімші – Дели
40 кг 14 маусым 2018 – шектеусіз
 Бейжің – Қазақстан (Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа) – Бейжің 30 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
31 шілде 2018 – шектеусіз
 Бейжің – Алматы – Бейжің
40 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
3 сәуір 2019 – шектеусіз
24 мамыр 2018 – шектеусіз
 Бейжің – Нұр-Сұлтан – Бейжің 40 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
3 сәуір 2019 – шектеусіз
24 мамыр 2018 – шектеусіз
 Бейжің – Ташкент – Бейжің 30 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
10 шілде 2019 – шектеусіз
 Үрімші – Алматы – Үрімші 32 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
12 сәуір 2019 – 31 желтоқсан 2019
23 мамыр 2019 – 31 желтоқсан 2019
 Үрімші – Нұр-Сұлтан – Үрімші 32 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
12 сәуір 2019 – 31 желтоқсан 2019
23 мамыр 2019 – 31 желтоқсан 2019
 Үрімші – Дели – Үрімші 40 кг 14 маусым 2018 – шектеусіз
 Дубай – Алматы – Дубай 40 кг (бизнес) 1 маусым 2019 – 31 желтоқсан 2019
 Дубай – Нұр-Сұлтан – Дубай 40 кг (бизнес)
1 маусым 2019 – 31 желтоқсан 2019
 Дубай – Санкт-Петербург – Дубай 30 кг 12 қаңтар 2018 – 31 желтоқсан 2019
 Дубай – Бейжің – Дубай 30 кг 12 қаңтар 2018 – 31 желтоқсан 2019
 Дубай – Мәскеу – Дубай 30 кг 12 қаңтар 2018 – 31 желтоқсан 2019
 Дубай – Сеул – Дубай 30 кг 12 қаңтар 2018 – 31 желтоқсан 2019
 Дубай – Ташкент – Дубай* 30 кг 25 қаңтар 2018 – 31 желтоқсан 2019
 Мәскеу – Дели – Мәскеу 40 кг (эконом және бизнес) 12 қыркүйек 2018 – шектеусіз
 Санкт-Петербург – Дели – Санкт-Петербург 40 кг (эконом және бизнес) 12 қыркүйек 2018 – шектеусіз
 Қазан – Дели – Қазан 30 кг 1 қаңтар 2017 – шектеусіз
 Бішкек – Дели – Бішкек 30 кг 1 қаңтар 2017 – шектеусіз
 Сеул – Алматы – Сеул 30 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
1 қараша 2018 – 31 мамыр 2019
 Сеул – Нұр-Сұлтан – Сеул 30 кг (эконом)
40 кг (бизнес)
1 қараша 2018 – 31 мамыр 2019
 Куала-Лумпур – Мәскеу – Куала-Лумпур 30 кг 5 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Куала-Лумпур – Санкт-Петербург – Куала-Лумпур 30 кг 5 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Куала-Лумпур – Үрімші – Куала-Лумпур* 30 кг 5 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Куала-Лумпур – Бішкек – Куала-Лумпур 25 кг  5 ақпан – 31 желтоқсан 2019
 Алматы – Бейжің – Алматы 40 кг (эконом) 
40 кг (бизнес) 
24 мамыр 2018 – 31 желтоқсан 2019 
24 мамыр 2018 – шектеусіз
 Нұр-Сұлтан – Бейжің – Нұр-Сұлтан 40 кг (эконом) 
40 кг (бизнес)  
24 мамыр 2018 – 31 желтоқсан 2019 
24 мамыр 2018 – шектеусіз
 Мәскеу – Куала-Лумпур – Мәскеу 40 кг (бизнес)  27 наурыз 2019 – 31 желтоқсан 2019 
 Санкт-Петербург – Куала-Лумпур – Санкт-Петербург 35 кг (эконом)
40 кг (бизнес) 
27 наурыз 2019 – 31 желтоқсан 2019  
Гонконг – Киев – Гонконг 30 кг (эконом) 1 маусым 2019 – шектеусіз
Қазақстан – Сеул – Қазақстан
30 кг (эконом) 27 мамыр 2019 – 31 тамыз 2019
Бішкек – Сеул – Бішкек
30 кг (эконом)
31 мамыр 2019 – 31 желтоқсан 2019 
Сеул – Бішкек – Сеул 
30 кг (эконом)
19 маусым 2019 – 31 желтоқсан 2019  

*осы бағыттар бойынша 24 сағаттан ұзақ аялдау болған жағдайда жолжүктің ұлғайтылған тасымалдау мөлшері қолданылмайтынын ескеріңіз.

Егер тасымалдау әр сегмент үшін бірнеше жеке билеттер арқылы жүзеге асырылса, жолжүкті тасымалдау мөлшері билетте көрсетілген әр бағыт бойынша жарияланған тарифке сәйкес келеді.

Көрсетілген тегін жолжүкті тасымалдау мөлшері тек «Эйр Астана» әуекомпаниясы орындайтын рейстерде ғана қолдаланылады. Басқа әуекомпаниялармен бірлесе орындалатын бағыттарда тасымалдаушы компанияның тарифтеріне сәйкес келетін мөлшерлеме бойынша төлем алынады. Егер тасымалдау бірнеше әуекомпаниялармен жүзеге асырылатын болса, оған қоса басқа әуекомпаниялармен бірлескен рейс болса, бағыт бойынша үстем тасымалдаушының тарифтері қолдаланылады.

Өз жолжүгіңізді ішкі және сыртқы жағынан таңбалаңыз. Барлық ескі биркаларды алып тастаңыз.

ҚАУІПТІ ЗАТТАРДЫ сөмкеңізге салмауынызды өтінеміз.

Габаритті емес жолжүк (1 орын үшін үш өлшем сомасында 158 см-ден астам) және ауыр салмақты жолжүк (1 орын үшін 32 кг-нан астам) тасымалдаушыменен алдын ала келісім бойынша бортқа қабылдана алады, жолжүк нақты салмағы бойынша төленуі тиіс және тегін жолжүкті тасымалдау мөлшеріне кірмейді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде бір орын багажға арналған ең ауыр салмақ 32 кг/ 70 фунт болып табылады. Салмағы бұл шектеуден асатын бір орын багажды «Эйр Астана» әуекомпаниясы қабылдамайды. Салмағы 32 кг асқан багажы бар жолаушыларға әуежайда багажды бөлу немесе артық салмағын басқа багаждың ішіне салуға ұсыныс беріледі. 

Үлкен көлемді багаж тасымалдау қажет болған жағдайда оның алдын ала баяндалып, special.services@airastana.com қызметімен расталуы қажет.

2019 ж. 1-қаңтарынан бастап габариттық емес жолжүк (1 орын үш өлшемді қоса алғанда 158 см-ден артық болса) Дубай қ. әуежайынан ұшып шыққанда арнайы үстелшеде қосымша 45 AED төленгенде қабылданады, төлем DNATA қызмет көрсетуші компаниямен алынады.

Мөлшерден тыс жолжүк үшін әуебилетте көрсетілген тегін жолжүктің салмағынан асатын мөлшерден тыс жолжүкті тасымалдау бағытына сәйкес келетін мөлшерлеме бойынша төлем алынады.

Қол жүгінің мөлшері қауіпсіздік мақсатында шектеледі және «Эйр Астана» рейстерінде эконом-класс жолаушылары үшін мұндай мөлшерлер 56 х 45 х 25 см артық болмауы және салмағы 8 кг-нан аспауы тиіс. Бизнес-класс жолаушылары екі қолжүкті тасымалдай алады.

Сонымен қатар жеке пайдаланыстағы мынадай заттарды алып жүруге болады:

  • Бір сырт киім немесе жамылғы
  • Бір таяқ немесе балдақтар (жолаушы оның көмегінсіз жүре алмайтын жағдайда)
  • Бір әйел сөмкесі немесе портфель
  • Бір кішігірім фотоаппапат немесе дүрбі
  • Ұшу уақытында оқуға арналған шағын материалдар
  • Бір көшпелі балалар керуеті
  • Бір жиналмалы бесік-арба (ең үлкен өлшемі 34х32х14см)
  • Ұшу кезінде тамақтануға арналған балалар тағамы
  • Жолаушаға қажет дәрі-дәрмек
  • Бір кішкентай шоқ гүл

Ойыншық түріндегі немесе модельдік қару күзеттік бақылау пунктінде алынып қойылады және оларды салон ішіне алып жүруге рұқсат етілмейді. Салонда жолжүкпен бірге ешқандай өткір заттарды алып жүруге болмайды. Сапарға шыққанға дейін әуежайдың қауіпсіздік қызметі тарапынан мұндай заттар алынып қойылған жағдайда, «Эйр Астана» әуекомпаниясы ол ушін жауапты емес. 

«Эйр Астана» әуекомпаниясының ережелеріне сәйкес үй жануарларын тасымалдаушымен алдын ала келісім жасағаннан кейін, арнайы тарифты төлеу арқылы ұшақ ішінде тасымалдауға рұқсат етіледі. Жануарлар арнайы контейнерлерде тасымалдануы тиіс. Жолаушыға тек бір контейнер тасымалдауға болады, контейнердің жануармен қоса салмағы 8 кг, ал көлемі 30 x 47 x 27 см аспауы тиіс. Сонымен қатар, әуекомпаниямен алдын ала келісім жасап, арнайы тарифтерді төлегеннен кейін, жануарды контейнерде тіркелген жолжүк ретінде немесе ұшақтың жүк бөліміндегі арнайы контейнерлерінде тасымалдауға болады. 

Уақытылы тіркелу. Жолаушылар барлық рәсімдеулерден өту үшін әуежайға алдын ала келуі тиіс. Әуебилетінің ұшу купонында көрсетілген уақыт – ұшақтың ұшып шығу уақыты болып табылады. Біз немесе сапар бюросының агенті ұсынған тіркелу уақыты – бүкіл рәсімдеу жұмыстарын орындауға қажет уақытты қоса алғанда, жолаушының ұшуына рұқсат етілген ең соңғы уақыты болып табылады. Бекітілген уақыттан кейін келген жолаушылар ұшуға жіберілмейді және мұндай жағдай орын алған кезде әуекомпаниясы жауапкершіліктен босатылады. Барлық бағыттардағы тіркелу ұшып шығу уақытынан 40 минут бұрын тоқтатылады. 

Сондықтан ұшаққа кешігіп қалмауыңыз үшін белгіленген уақыттан ертерек келуіңіз маңызды. Тіркелу кезінде біздің агенттер сіздің назарыңызды отырғызудың ақырғы уақытына аударады. Өтініш: өзіңіздің отыру талоныңызды тексеріңіз, хабарламаларды тыңдаңыз және ақпараттық таблоны қадағалаңыз. Кейде жөнелтімнің негізгі аймағынан шығатын жерде (қақпаға) жетуге15 минуттай уақыт қажет болуы мүмкін.

Ұқыптылық. Ұшаққа кіру есіктері (қақпалар) ұшып шығу уақытынан 15 минут бұрын жабылады. Бұл ұшып шығуға арналған шағын әзірлеу жұмыстары аяқталып, әуе кестесі бойынша ұшып шығу және межелі жерге дер кезінде жету үшін негізделген уақыт болып табылады. 

Алкогольді ішімдіктер. Жолаушыларға ұшақ бортында ұсынылған алкогольді ішімдіктерді ғана ішуге рұқсат етіледі. Ұшақ ішінде дүкеннен сатып алынған ішімдікті ішуге тиым салынады.

ҮКІМЕТТІК САЛЫҚТАР, АЛЫМДАР ЖӘНЕ БАЖДАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ 

Бұл билеттің құнына мемлекеттік органдармен немесе әуежай әкімшілігімен салынатын салықтар, алымдар және/немесе баждар қосылуы мүмкін. Мұндай салықтар, алымдар және баждар әуе саяхаты құнының едәуір бөлігін құрауы мүмкін, олар не жолақы құнына қосылған, не осы билеттің САЛЫҚТАР/АЛЫМДАР/БАЖДАР бағанында жеке көрсетілген. Сондай-ақ, сізге басында алынбаған алымдарды төлеуіңіз қажет болуы мүмкін. 

 

МАҢЫЗДЫ 

Арнайы тарифтер бойынша шектеулер

Билетте кез келген өзгерістерді шектеуші немесе тыйым салушы шарттарда және күші жойылған, немесе тасымалдауды пайдаланбаған жағдайда қайтарылатын ақша мөлшерін шектеуі мүмкін көптеген «арнайы» тарифтер бар. 

Код-шер

Серіктес әуекомпаниялармен келісімдердің бар болуы бұл, егер сіз билетті бізде брондасаңыз да, және сіздің билетіңізде «Эйр Астана» тасымалдаушы ретінде көрсетілсе де, кейбір жағдайларда сіздің сапарыңыз серіктестік әуекомпанисымен жүзеге асырылады. Бұл сіздің тасымалдау құжаттарыңызда көрсетіледі, сондай-ақ анағұрлым нақты ақпаратты «Эйр Астана» әуекомпаниясынан немесе өзіңіздің сапар бюроңыздың агентінен алуыңызға болады.

Дубай қаласының әуежайлары жолжүк бойынша қызмет көрсету деңгейін арттыру, жолжүкті бүлдіру қауіпін азайту және жолжүкті тіркеу және тасымалдау үдерісін жақсарту мақсатында жолжүк тасымалдау бойынша жаңа ережелер енгізді. Жаңа ережелер бойынша қапталдары тегіс емес сөмкелерді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Жаңа ережелер 2017 жылдың наурыз айының 8-нен бастап күшіне енеді.

Жаңа ережелер:
1. Дөңгелек сөмкелерді тасымалдауға рұқсат етілмейді;
2. Қапталдары тегіс емес сөмкелерді тасымалдауға рұқсат етілмейді;
3. Ерекше пішінді сөмкелерді тасымалдауға рұқсат етілмейді;
4. Көлемі аса үлкен сөмкелерді тасымалдауға рұқсат етілмейді;
5. Талаптарға сай емес сөмкелерді, қосымша ақы төлеп, қораптарға салу қажет болады.

 

ЖОЛЖҮК ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Жолжүкті жоғалту немесе бүлдіру үшін жауапкершілік шектелген.

  1. Көптеген халықаралық тасымалдаулар (халықаралық бағыттың ішкі бөлігін қоса алғанда) үшін жауапкершілік шектелген және тіркелген жолжүктің бір фунты үшін шамамен 9.07 АҚШ долларын (бір килограмға 20.00 АҚШ доллары).
  2. АҚШ ішінде пунктер арасында ғана ұшу кезінде әуе тасымалдаушысының жауапкершілігі бойынша кез келген шектеу бір жолаушыға 2,500 АҚШ долларынан кем болмауын Федералдық ережелер талап етеді. Кейбір заттар түріне қосымша бағалау мәлімделуі мүмкін. Кейбір тасымалдаушылар нәзік, бағалы және шапшаңбұзылғыш заттар үшін жауапкершілікті өздеріне алмайды. Анағұрлым нақты ақпаратты тасымалдаушыдан ала аласыз

 

«Эйр Астана» әуекомпаниясының тіркелген жолжүкті тасымалдаудағы жауапкершілігі

Егер жолаушы жолжүгіндегі заттар «Құнды жүк» қатарынан болса, бұл жағдайларда әуекомпания жолжүкті сақтандыруды ұсынады.

Көптеген жетекші әуекомпаниялар сияқты, «Эйр Астана» әуекомпаниясы да тіркелген жолжүк елеусіз зақымданған жағдайда, яғни сынған дөңгелектерге, жоғалып қалған бекіткіш ленталарға, жұлынып қалған ұстатқыштарға, сондай-ақ шабадандардың көп пайдаланудың салдарынан тозып кетудің нәтижесінде болған сызат, қажалу, майысу, тіліну, кірленулерге жауап бермейді.

 

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕ 

Сапарға шыққан елден өзге елдегі межелі жерді немесе аялдаманы қамтитын жолаушыларға, сол елдердің кез-келген бөлігін қоса алғанда, Варшава Конвенциясы деген атпен белгілі келісімнің ережелері бүкіл сапар барысында қолданыла алатынын хабарлаймыз. Америка Құрама Штаттарынан, оған немесе сол ел ішінде келісілген аялдама орнына сапар шегетін мұндай жолаушылар үшін Конвенция мен қолданыстағы тарифтері бар тасымал жөніндегі шарт бойынша тасымалдаушының тарапынан жолаушының өлімі немесе оған жарақат келтірілгені үшін жауапкершіліктің шектелуі көп жағдайда дәлелденген залалмен қамтамасыз етіледі, бірақ жолаушы үшін 75 000 АҚШ долларынан аспайды және мұндай шектеуге дейінгі жауапкершілік тасымалдаушы тарапының салақтығына тәуелді болмауы қажет.

Мұндай арнайы шарттардың тасымалдаушылардың қызметтерін пайдаланатын немесе Америка Құрама Штаттарына, одан немесе сол елде келісілген аялдамасыз сапар шеккен жолаушы үшін, оның өлімі немесе жарақаттары үшін көпшілік жағдайларда тасымалдаушының жауапкершілігі шамамен 10 000 АҚШ долларымен немесе 20 000 АҚШ долларымен шектеледі.

Мұндай арнайы шарттардың тараптарына сай тасымалдаушылардың атаулары тасымалдаушылардың барлық билет кассаларында болады және талап ету бойынша оқылуы мүмкін.

Әдетте жеке компаниядан сақтандыру полисін сатып алу арқылы қосымша қорғаныш алынуы мүмкін. Мұндай сақтандыру Варшава Конвенциясы немесе тасымалдың арнайы шарты бойынша ешқандай жауапкершілік шектеулерінің ықпалында болмайды. Толығырақ ақпарат алу үшін өз әуекомпанияңызбен немесе сақтандыру компаниясының өкілімен кеңесуіңізді өтінеміз. 


Ескерту: 

  • Жауапкершіліктің жоғарыда аталған 75 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі шектеу, Штатқа берілген шағымдану жағдайынан басқа, заңды алымдар мен төлемдерді қамтиды. Заңды алымдар мен төлемдер ерекше тағайындау ретінде ресімделген. Бұл ретте шектеу заңды алымдары мен төлемдерін қоспағанда 58 000 АҚШ доллары сомасын құрауы тиіс.
  • Жолаушының бағыты, шыққан елінен басқа елдегі межелі жерді немесе аялдаманы қамтитын болса, Варшава Конвенциясы қолданылады және осы Конвенция бойынша жолаушы өлімі немесе жарақаты, сондай-ақ жолжүгінің жоғалуы немесе бүлінгені үшін көп жағдайларда тасымалдаушының жауапкершілігі реттеледі және шектеледі. Сонымен қатар «Халықаралық жолаушыларға жауапкершілікті шектеу жөніндегі кеңеске» және «Жолжүк үшін жауапкершілікті шектеу жөніндегі ескертпеге» көз салыңыз.