Ақпарат

Тасымалдау келісімінің жалпы шарттары

 

1. Осы шартта пайдаланатын «билет» термині жолаушы билетін және жолжүк түбіртегін немесе электрондық билет қолданылған жағдайда, басып шығарылған бағдар түбіртегін білдіреді, талаптары мен ескертпелері оның бөлігі болып табылады, «тасымал» термині «жеткізу» терминіне баламалы; «тасымалдаушы» жолаушыны немесе оның жолжүгін тасымалдайтын немесе тасымалдауды жауапкершілікке алатын немесе осындай әуе тасымалы бойынша кез-келген қосымша қызметті көрсететін барлық тасымалдаушыларды білдіреді; «электрондық билет» тасымалдаушы немесе оның атынан берілген басып шығарылған бағдар түбіртегін, электрондық купон қолданылған жағдайда отырғызу құжаттарын білдреді. «ВАРШАВА КОНВЕНЦИЯСЫ» 1929 жылғы 12 қазанда Варшавада қол қойылған Халықаралық әуе тасымалына жататын белгілі бір ережелері бірегейлендірілген Конвенцияны немесе қолданылуына қарай Гаага қаласында 1955 жылғы 28 қыркүйекте өзгерістері ескеріліп, енгізілген Конвенцияны білдіреді.

2. Конвенцияда белгіленгендей «халықаралық тасымал» болып табылмайтын кезден басқа барлық жағдайларда, осы құжат бойынша жүргізілетін тасымалдау Варшава Конвенциясында белгіленген ережелер мен жауапкершілік шектеулеріне бағынышты болады.

3. Қайшылықтарды болдырмас үшін, жоғарыда аталған тасымал және әрбір тасымалдаушы орындайтын басқа қызметтер: а) билетте жазылған ережелермен; б) қолданыстағы тарифтермен; в) тасымалдаушының тасымал жөніндегі талаптарымен және Құрама Штаттар немесе Канада және олардан тыс кез келген жерлер арасындағы, осы елдерде қолданылатын тарифтер, тасымалдау жағдайларын қоспағанда, құжаттың бөлігін құрайтын тиісті ережелермен (тасымалдаушы кеңсесінің өтініші бойынша қол жеткізілетін) реттеледі.

4. Билетте тасымалдаушы атауының аббревиатурасы, оның толық атауы және тасымалдаушының тарифтерінде көрсетілген аббревиатурасы, тасымал шарттары, ережелер мен кестелер көрсетіледі; тасымалдаушының мекен-жайы билеттегі тасымалдаушы атауының бірінші аббревиатурасына қарсы жағында көрсетілген ұшып кету әуежайы болып көрсетілуі тиіс; келісілген тоқтау жерлері – бұл аталған билетте көрсетілген немесе жолаушының бағытында жоспарлы тоқтайтын жерлері ретінде, тасымалдаушының кестелерінде көрсетілген жерлер; бұл құжат бойынша тасымалды бірінің артынан бірі жүретін тасымалдаушылар жүзеге асырады және ол бірегей процесс ретінде қарастырылады.

5. Басқа әуе тасмалдаушы желісі арқылы тасымалдауға билет беретін әуе тасымалдаушысы оны тек Агент ретінде ғана жүзеге асырады.

6. Тасымалдаушының кез келген жауапкершілігін жою немесе шектеу, агенттердің, тасымалдаушының қызметшілірі мен өкілдерінің және тасымалдау үшін ұшағын пайдаланатын өзге тұлғаның және агенттерінің, қызметшілері мен өкілдерінің игілігі үшін қолданылуы және орындалуы тиіс.

7.Жолжүк биркасын ұсынған адамға тіркелген жолжүк беріледі. Халықаралық тасымалдау кезінде жолжүк бүлінген жағдайда бүлінуді анықтағанннан кейін тез арада, жолжүкті алғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей тасымалдаушыға жазбаша хабарлама берілуі тиіс, ал кешіктірілген жағдайда хабарлама жолжүк берілгеннен күннен бастап 21 күннен дейін берілуі тиіс. Ішкі тасымалдаулар бойынша тарифтерді немесе шарттарды қараңыз.

8. Бұл билет, егер осы билетте тасымалдаушының тарифтер бойынша, тасымалдау шарттары немесе тиісті ережелерге сәйкес тасымалдар жөнінде өзгертулер көзделмеген жағдайда, берілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды болады. Осы құжат бойынша тасымал үшін төлем тасымал басталмас бұрын алдын ала жүзеге асырылуы тиіс. Тасымалдаушы, егер жол жүрудің қолданыстағы құны төленбеген жағдайда, тасымалдаудан бас тартады.

9.Тасымалдаушы жолаушыларды және жолжүкті тасымалдауды сапалы орындау үшін өзіне байланыстының барлығын жасауға міндеттеме алады. Кестеде немесе басқа жерде көрсетілген уақыт кепілдік объектісі немесе осы келісім-шарт бөлігі болып табылмайды. Тасымалдаушы қосарланушы тасымалдаушыларды немесе ұшақтарды ауыстыруы, сондай-ақ билете көрсетілген аралық аялдамалар орындарын өзгертуі немесе өткізуі мүмкін. Кесте алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін. Тасымалдаушы рейстердің түйісуін қамтамасыз ету үшін жауап бермейді.

10.Жолаушы сапапарларға арналған үкімет талаптарын ұстануға, талап етілетін шығу, кіру және басқа да құжаттарды беруге және әуежайға тасымалдаушы белгілеген уақытта келуге, егер уақыт белгіленбесе, кету жөніндегі рәсімдерін уақытында өту мақсатында барынша ерте келуге тиіс.

11.Тиісті мемлекеттік және басқа да құзыретті басқару орындарымен берілген құжаттардың нақтылығы мен дұрыстылығын тасымалдаушы өз жауапкершілігіне алмайы.

12. Тасымалдаушының агенті, қызметшісі немесе өкілі осы шарттың талаптарын өзгертуге, түзетуге немесе шарттарды орындаудан бас тартуға құқылы емес.

13. Ұшу және авиациялық қауіпсіздік мақсатында жолаушы өз денсаулығына немесе әуекеменің ішіндегі жолаушыларға және мүлікке зиян келтіретін, сонымен қатар басқа жолаушылар мен әуе қызметкерлерін жәбірлейтін, дене зақымын келтіретін жағдайларды туғызбауы тиіс.
Болмаса, жолаушыға қатысты келесі санкциялар қолданылады:

  • Тасымалдау келісім-шартын бұзу және жолаушыға барып/қайту жолын іске асырудан бас тарту

  • Халықаралық хұқық және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту

14. Купондарды қолдану дәйектілігі. Халықаралық әуе көлігі ассоцияциясы (IATA Passenger Services Conference Manual) ережелеріне сәйкес ұшу купондары жолаушы купонында көрсетілгендей, ал электрондық купон болған жағдайда, электрондық билеттерді сақтау жүйесінде сақталғанындай дәйекті қолданылуы қажет. Егер купондардың қолданылу дәйектілігі бұзылса, онда жолаушы бұндай әуебилетпен тасымалдануға алынбайды және билет ауыстыруға немесе қайтаруға келмейді.