Ақпарат

«Эйр Астана» әуекомпаниясының сайтын пайдалану ережеcі

 

Жалпы шарттар

«Эйр Астана» әуекомпаниясының www.airastana.com сайты «Эйр Астана» Акционерлік Қоғамының (әрі қарай «Эйр Астана») басқаруында және оның жеке меншігі болып табылады. 

Сіздің «Эйр Астана» сайтын қолдануыңыз төменде көрсетілген «Эйр Астана» сайтын пайдалану Ережеcімен келісетіндігіңізді білдіреді. Осы пайдалану Ережеcі тек осы веб-сайтты падалануға ғана қатысты және ол әуекомпанияның тасымалдауларында, онлайн брондау қызметін пайдалануда, жүлделерді ойнатуда немесе кез келген басқа акцияларды өткізуде және басқа да қызметтерде қолданылатын Ережеден бөлек болып табылады.

 

1. Пайдалану бойынша қойылатын шектеулер

Сіз аталған веб-сайтты «Эйр Астана» әуекомпаниясы туралы немесе оның өнімдері мен қызметтері туралы, сондай-ақ сайтта ұсынылған бұл өнімдер мен қызметтерді сатып алу және қолдану мүмкіндігі туралы ақпараттар алу үшін пайдалана аласыз. Сондай-ақ, біздің сайтты пайдалана отырып, cіз онлайн брондау жасай аласыз. Біздің сайтты коммерциялық мақсаттарда пайдалануды қоса алғанда, кез келген басқа мақсаттар үшін пайдалануға қатаң тыйым салынады. 

«Эйр Астана» веб-сайтының мазмұны мен құрылымы авторлық құқықпен қорғалған. Сайтта жарияланған материалдар, үшінші тұлғаларға тиесілі ретінде айқындалмаған жағдайда, «Эйр Астана» әуекомпаниясының немесе оның серіктестерінің меншігі болып табылады. Заңда басқаша көрсетілмеген жағдайда, «Эйр Астана» әуекомпаниясының алдын ала берген жазбаша рұқсатынсыз аталған сайттағы қандай да бір материалды көшіруге, өзгертуге, көрсетуге, қайта шығаруға, жүктеуге, орналастыруға, беруге, сатуға немесе кез келген жолдармен таратуға болмайды. Егер «Эйр Астана» әуекомпаниясы мұндай рұқсат берген жағдайда, www.airastana.com сайтына сілтеме жасалу міндетті болып табылады. Бұл веб-сайт жеке, коммерциялық емес мақсаттарда қолдануға арналған.

Сіз «Эйр Астана» әуекомпаниясының сайтын басқа адамдардың жеке меншік құқығын бұзуға әкеліп соғатындай жолмен қолдана алмайсыз.

Сізге «Эйр Астана» сайтындағы кез келген материалды тосқауылдауға, қайта жазуға, өзгертуге немесе басқа жолмен бұзуға болмайды.

Біздің кез келген жүйемізге қандай да болсын жолмен заңсыз кіруге немесе оған қол жеткізуге әрекет жасауға құқығыңыз жоқ.

Сізге заңсыз, жалған немесе алаяқтық брондауларды, жекелеген жағдайларда аталған операцияларды жүргізуге келісімін бермеген үшінші тараптарға тиесілі несие карталарының немесе банктік шоттардың көмегімен төленетін кез келген тапсырысты жасауға болмайды. Жалған, жасанды немесе алаяқтық брондауларды жасауға қатаң тыйым салынады.

Сіздің атыңыздан немесе есепшотыңыз арқылы өткізілген барлық транзакциялар үшін, соның ішінде қайтарылған сомалар үшін cіз қаржылай жауапкершілікті қабылдайсыз.

Сіз туралы көрсетілген барлық ақпараттың шынайылығы мен нақтылығына кепілдік бересіз.

 

2. Құқықтық ақпарат

«Эйр Астана» сайттағы ақпаратты үнемі жаңартып, оны аса мұқияттылықпен тексеріп отырады. Сайтта орналастырылған қызметтер, өнімдер және ақпараттар дәл берілмеуі немесе қате жазуылуы мүмкін, мұндай жағдайда «Эйр Астана» аталған сайтқа кез келген уақытта жақсартулар және/немесе өзгертулер енгізе алады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы өз сайтында нақты және өзекті ақпаратты жариялауға тырысады. «Эйр Астана» ұсынылған ақпараттың өзектілігіне, нақтылығына, толықтығына және сапалылығына және веб-сайтта орналастырылған ақпаратты қолданудан болған зардаптарға жауап бермейді.

«Эйр Астана» өз сайтына, оның мазмұнына немесе заңға сәйкес пайдаланылуына қатысты қандай да бір анық немесе болжамдық растаулар мен кепілдіктер бермейді.

 

3. Веб-сайттағы өзгерістер

«Эйр Астана» әуекомпаниясы кез келген уақытта және алдын ала хабарлаусыз өз веб-сайтындағы ақпаратты, қызметтерді, өнімдер мен басқа да материалдарды жақсарту немесе оларға өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

«Эйр Астана» веб-қызметтер бойынша ақпаратты өзгерту құқығын өзіне қалдырады және қате жазылулар болған жағдайда жауап бермейді.

 

4. Үшінші тараптардың веб-сайттарына сілтемелер

«Эйр Астана» веб-сайты cіздерге басқа сайттарға апаратын ыңғайлы сілтемелерді ұсынады. «Эйр Астана» осы сайттардағы және олар арқылы ұсынылатын ақпараттар, өнімдер немесе қызметтер үшін жауап бермейді. Бұдан басқа, «Эйр Астана» біздің сайтпен байланысты және басқа да сайттармен байланысы бар жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауапты емес. Үшінші тараптардың осындай сайттарын және олардың мазмұнын «Эйр Астана» сүйемелдемейді, басқармайды және бақыламайды, сондай-ақ «Эйр Астана» бұл сайттарға қатысты ешқандай кепілдіктер бермейді. Үшінші тараптардың сілтемелері тек cізге қолайлы болу үшін ғана ұсынылған және «Эйр Астана» оларды растамаған. Үшінші тараптарға тиесілі осы сілтемелерді қолдану мүмкіндігі мен пайдаланудағы барлық жауакершілікті cіз өзіңізге аласыз.

Алдын ала берілген жазбаша келісімісіз, cіз «Эйр Астана» әуекомпаниясы сайтының сілтемелерін орната алмайсыз және олармен жұмыс істей алмайсыз. Мұндай келісімді «Эйр Астана» әуекомпаниясы өз қалауы бойынша кез келген уақытта жоя алады.

 

5. Клиенттердің сын-пікірлері

Клиенттердің сын-пікірлерін қабылдау – бұл қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну және «Эйр Астана» әуекомпаниясына жолданған шағымдар мен ұсыныстарды қарау үшін құрылған, «Эйр Астана» көрсететін ақпараттық қызмет болып табылады. 

Кез келген тұтынушының «Кері байланыс» бөлімін пайдалану арқылы бізге хабарласып, мәселесін, ұсынысын айтып немесе идеяларымен бөлісуге құқығы бар. Тұтынушы аты-жөні, электрондық мекенжайы, байланыс мағлұматтары сияқты өзі туралы мәліметтерді дұрыс толтырып, жіберетін хабарламасының тақырыбын көрсету керек. Сіздің сын-пікіріңізді тиісті департамент алынған күнінен бастап 30 күн ішінде қарастырады. 

Мәліметтері толық емес, мазмұны қолданыстағы заңнамаға және моральдік ұстанымдарға қарсы болса, «Эйр Астана» мұндай сын-пікірлерге жауап бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

6. Заңды басқару және бұл саясатты бұзу

Осы сайтты пайдалану Ережесіне қолданылатын заң – Қазақстан Республикасының заңы болып табылады және кез келген дау туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының соты айрықша заңдық құқыққа ие болады.

«Эйр Астана» cіздің веб-сайтты пайдалануыңызда осы Саясаттың бұзылу жағдайларының болғанын анықтайды. Егер бұл Саясат бұзылған жағдайда, «Эйр Астана» cіздің веб-сайтқа кіруіңізге мүмкіндік бермеуді қоса алғанда мақсатқа сай деп есептелінетін шараларды қабылдауы мүмкін. Осының нәтижесінде, «Эйр Астана» мақсатқа сай деп қарастырған жағдайда соттық істі тексерулер басталады және құқық қорғау органдарына осындай ақпаратты ашу жағдайлары туындайды.

 

7. Қорытынды қағидалар

Сондай-ақ, «Эйр Астана» осы веб-сайтты пайдалану Ережесін кез келген уақытта өзгерту құқығын «Эйр Астана» өзіне қалдырады. Веб-сайтты пайдалану Ережесіне енгізілген кез келген осыған ұқсас түзетулер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Осылайша, cіз «Эйр Астана» веб-сайтын пайдалана берсеңіз немесе оған кіру мүмкіндігіңіз болса, бұл cіздің веб-сайтты пайдалану Ережесінің жаңартылған нұсқасын қабылдағаныңыз деп есептеледі.