Ақпарат

Құпиялық саясаты

Соңғы жаңарту: 2018 жылғы 21 мамыр

Жалпы мәлімдеме

«Эйр Астана» компаниясы сіздің құпиялығыңызды құрметтейді және жеке ақпаратыңызды қорғауға қатысты өзінің міндеттеріне байыппен қарайды. Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тек заңды мақсаттарда пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде шаралар қолданатынымызға сенімді болыңыз.

Осы құпиялық саясаты сізге біз жинайтын жеке ақпарат түрлерін, ол ақпаратты қашан және қалай жинайтынымызды, сақтайтынымызды және пайдаланатынымызды түсінуге көмектеседі. Бұл саясат іскерлік қажеттілік не заңнама талаптарына сәйкес «Эйр Астана» компаниясының қарауынша, кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Заңды/құқықтық міндеттемелерде жазылған жағдайларды қоспағанда, жеке ақпаратыңызды тапсырысыңызды өңдеу мақсатынан басқа мақсатта сіздің алдын ала рұқсатыңызсыз үшінші тараптарға ешқашан әдейі бермейміз.

Бізге берген ақпаратыңыз туралы әрқашан білуге не оны тексеруге құқылысыз немесе клиенттермен жұмыс істеу бөліміне customer.relations@airastana.com хабарласып, жеке ақпаратыңызды жоюды сұрай аласыз..

 

Жеке ақпаратты бақылаушы

Осы Құпиялық саясатына байланысты «Эйр Астана» компаниясы өңдейтін кез келген жеке ақпаратты Дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңына (2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V, 2017 жылғы 28 желтоқсанда өзгертілді және түзетілді) және деректерді қорғау туралы Еуропалық одақ пен Ұлыбританияның заңнамасына (2016/679 Деректерді қорғау жөніндегі ортақ регламент) сәйкес сіздің жеке ақпаратыңыздың «бақылаушысы» болып саналатын «Эйр Астана» АҚ бақылайды. Біздің ресми мекенжай: «Эйр Астана» АҚ, Закарпатская к-сі, 4А, 050039, Алматы қ., Қазақстан.

Егер біздің рейсті брондасаңыз, бірақ басқа әуекомпания(лар) бір не бірнеше рейс ұшырса, онда басқа әуекомпания(лар) да жекелей «деректерді бақылаушы» ретінде қарастырылады.

Қонақ үй, автокөліктерді жалдау бойынша сервис немесе іс-шаралар билетін жеткізуші (мысалы, Ticketon) сияқты кез келген қызметтер жеткізушісі де жекелей «деректерді бақылаушы» болып табылады. Осы жеткізушілердің құпиялық саясатын тікелей өздерінен ала аласыз.

 

Саясатты қолдану

Бұл құпиялық саясаты сізді клиентіміз, жиі ұшатын жолаушыларға ұпай беру бағдарламасының қатысушысы немесе ықтимал клиент ретінде, оның ішінде сіз біздің ұшақтармен саяхаттағанда немесе біздің қызметтерді пайдаланғанда, біздің сайттарға немесе мобильді қолданбаларға кіргенде және оларды пайдаланғанда, біздің агенттерге немесе брондау және ақпарат орталықтарына хабарласқанда, біздің қызметтерімізге үшінші тараптар (мысалы, туристік агенттіктер мен басқа әуекомпаниялары) арқылы тапсырыс бергенде немесе бізбен басқа бір жолмен байланысқанда сіздің барлық жеке ақпаратыңызға қолданылады.

Осы Саясаттың «Жеке ақпаратты бақылаушы» және «Жеке ақпаратыңызды беруге болатын тараптар» бөлімдерінде басқа деректерді бақылаушылардың бар екенін жазған жағдайларда қосымша ақпарат алу үшін олардың құпиялық саясатымен танысқаныңыз жөн.

MyUPGRADE, MySEAT, MyWiFi және т.б қосымша қызметтерімізді пайдалануды немесе «Эйр Астана» және басқа үшінші тараптармен байланысты конкурсқа қатысуды шешсеңіз, қосымша шарттар мен ережелер қолданылуы мүмкін.

Сайтымызда басқа веб-сайттарға сілтемелер берілуі мүмкін. Біз басқармайтын веб-сайттардың құпиялық әрекеттеріне жауап бермейтінімізді ескеріңіз. Қандай да бір жеке ақпаратты жинайтын әр веб-сайттың құпиялық саясатымен танысып шығуыңызға кеңес береміз. Бұл құпиялық саясаты тек біз жинаған ақпаратқа ғана қолданылады.

 

Біз жинайтын жеке ақпараттар

«Эйр Астана» сіз сұрау жіберген қызметтермен қамтамсыз ету және сізге қажетті өнімді қажетті арна арқылы керек уақытта ұсынып, сапасын арттыру мақсатында ғана сіздің жеке ақпаратыңызды жинайды және пайдаланады.

Біз жинайтын ақпаратқа мыналар кіреді:

  • жеке деректер: аты-жөні, жынысы, лауазымы, туған күні, азаматтығы, тұрғылықты ел, төлқұжаттың не жеке басын куәландыратын басқа құжаттың нөмірі, визалар туралы ақпарат, фотосуреттер, бейнежазбалар, аудиожазбалар; 
  • байланыс ақпараты: мекенжай, телефон нөмірі, электрондық пошта, компания атауы, кәсіпорынның орналасқан орны;
  • төлем туралы ақпарат: карта иесінің атын, карта нөмірін, банк-эмитентті, шот ұсынылатын мекенжай мен жарамдылық мерзімі бітетін күнді қоса, кредиттік не дебеттік карта туралы ақпарат. Басқа адам үшін билет сатып алсаңыз, сіздің төлем деректеріңізді жинай аламыз, бірақ сонымен қатар жолаушылармен рейс туралы тікелей хабарласа аламыз;
  • сапар туралы ақпарат: рейс туралы ақпарат, қызмет көрсету класының жоғарылауы туралы ақпарат, билетті брондау үшін пайдаланған арна (туристік агенттік, веб-сайт және т.б). диета туралы, таңдаған орын не басқа қызметтер туралы мәліметтер, жолжүкке қойылатын талаптар, бірге ұшатын сапарластар туралы ақпарат, біздің рейстермен ұшуға қатысты және алдын ала сатылып алынатын заттарға қатысты қалауларыңыз;
  • денсаулық туралы ақпарат: медициналық жазбалар, денсаулық жағдайына байланысты проблемалар және арнайы сұраулар; 
  • шетін ақпарат: мысалы, діни көзқарасыңызды білдіруі мүмкін диеталық талғамыңыз, медициналық куәліктер, денсаулық жағдайына байланысты проблемалар, нәсіл мен этника;
  • техникалық ақпарат: веб-сайттарымызға кіргенде не қолданбаларымыздың бірін пайдаланғанда, біз IP мекенжайыңызды, MAC мекенжайыңызды, браузер түрін, операциялық жүйені, сіз келген веб-сайтты, веб-браузердің әрекетін және пайдаланған қолданбаларды тіркей аламыз; ақпараттық таратылымды басқанда не осындай таратылымдағы сілтемені басқанда автоматты хабарландыру аламыз; сіздің рұқсатыңызбен орналасқан орныңыз жайлы деректерді аламыз; сондай-ақ бізге мобильді телефоныңызда сақталған белгілі бір деректерге (мысалы, фотосуреттер мен контактілер) кіру рұқсатын бере аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін төмендегіні қараңыз (cookie файлдары);
  • мүшелік туралы ақпарат: балдарды пайдалану, жинаған ұпайлар, Nomad Club қатысушысының деректері және басқа кез келген бейілдік бағдарламаларына қатысу туралы мәліметтер;
  • өзара әрекеттестік туралы ақпарат: біздің брондау және ақпарат орталығымызбен, клиенттермен жұмыс істеу бөлімімен және т.б кері байланысыңыз және электрондық пошта арқылы алмасқан хаттарыңыз
    1. әлеуметтік желілердегі ақпарат: әлеуметтік желіңіздің баптауларына байланысты әлеуметтік желі жеткізушіңізден ақпарат ала аламыз. Мысалы, біздің қызметке әлеуметтік желідегі есептік жазбаңыз арқылы кіргенде, байланыс мәліметтеріңізді, қызығушылықтарыңыз және контактілеріңізбен қоса, сіздің әлеуметтік желідегі профиліңізді ала аламыз. Әлеуметтік желі жеткізушісінен алатын жеке деректеріңіз туралы және баптауларыңызды қалай өзгерту керектігі туралы қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтпен және әлеуметтік желі жеткізушіңіздің құпиялық саясатымен танысыңыз;
    2. сіз бізбен бөлісемін деп шешкен ақпарат: мысалы, Facebook желісінде комментарий қалдырғанда, клиенттерге арналған сауалнаманы толтырғанда немесе конкурсқа қатысуға өтінім жібергенде, бізбен ақпаратыңызды бөлісе аласыз.
  • жұмысбастылық туралы ақпарат: біздің корпоративті, іскерлік немесе мемлекеттік клиенттерімізбен байланысты рөліңізге қатысты саяхаттайтын немесе басқа өнімдер мен қызметтері алатын қызметкер болып табылсаңыз, біз сондай-ақ клиентпен байланысты рөліңіз, жұмысбастылық түрі, қызметкердің сәйкестендіру нөмірі, қызметке қабылданған күн мен жұмыс беруші төлейтін кез келген ұшып-келуіңіз туралы ақпаратты жинай аламыз;
  • статистикалық ақпарат, мысалы, жолаушылар саны, интернетті пайдалану деректері, бізге өткен веб-сайт, интернеттегі баннерлік жарнамалар мен маркетинг жөніндегі серіктестеріміздің веб-сайттарында шығатын сілтемелер туралы ақпарат, біздің веб-сайтта қараған іздеулеріңіз бен контент. Бұл ақпарат «Эйр Астана» клиентінің профилін жетік түсініп, ақпаратыңызды дербестендіріп, ұсынатын қызметтерімізді жақсарту мақсатында статистикалық талдау үшін ғана жиналады.

Қажетті жеке ақпаратты бермесеңіз, 1) «Эйр Астана» қызметтерді және/немесе сұралған өнімдерді қамтамасыз ете алмайды; 2) «Эйр Астана» біздің соңғы өнімдеріміз және/немесе жобаларымыз туралы хабарлай алмайды; және/немесе 3) «Эйр Астана» ұйымдастырған жиналған балдарды пайдалану бойынша конкурстарға, науқандарға немесе іс-шараларға қатыса алмайсыз.

Жеке сервистер, қолданбалар немесе іс-шаралар үшін біз басқа деректер түрін жинап, оларды осы құпиялық саясатында жазылғаннан басқа мақсаттарда қолдана аламыз. Бұл туралы сізге қызметтерге немесе іс-шараға тіркелгенде немесе қолданбаны жүктегенде хабарлаймыз.

 

Жеке ақпаратыңызды жинауымыздың жолы

Жеке ақпаратыңызды мына жағдайларда жинай аламыз:

  • біздің веб-сайтта, мобильді қолданбаларда немесе біздің басқа сату арналарымыз (мысалы, туристік агенттік) арқылы рейс немесе басқа өнімдер не қызметтерге тапсырыс бергенде немесе іздегенде;
  • біздің қызметтерді пайдаланғанда немесе тауарларымызды сатып алғанда;
  • біздің ақпараттық таратылымдарға және басқа хабарландыруларға жазылғанда, мобильді қолданба(лары)мызда пуш-хабарламалар не ішкі хабарламалар жіберуге рұқсат бергенде;
  • біздің бағдарламаларымыздың біріне қатысу үшін тіркелгенде;
  • бізбен ұшу кезінде қалауларыңыз туралы айтқанда;
  • саяхатыңызбен байланысты медициналық куәландыру, ересектерсіз саяхаттайтын кәмелетке толмағандарға арналған шағымдар немесе формалар және т.б сияқты медициналық және басқа да формаларды толтырғанда;
  • конкурстарымыздың не жарнамалық науқандарымыздың біріне қатысқанда;
  • біздің веб-сайтты, мобильді қолданбаларды пайдаланғанда және Nomad Club есептік жазбаңызға кіргенде; біздің веб-сайтқа кіріп, құпиялық саясатымызды, ережелер мен шарттарды және cookie саясатын қабылдағанда немесе cookie туралы хабарламаны жауып, веб-сайтымызды пайдалана бастағанда, біз сіздің cookie файлдарыңызды жинай бастаймыз;
  • біздің брондау және ақпарат орталықтарымызбен, билет сататын кеңселермен және қызмет көрсететін агенттермен хабарласқанда;
  • бізбен саяхаттағанда, біз жұмыс істейтін әуежайларды және күту залдарын пайдаланғанда;
  • біздің сауалнамаларымыздың бірін толтырғанда не оның ішінде, біздің Facebook, Instagram, Vkontakte, Telegram немесе Twitter әлеуметтік желілерімізді қоса, басқа жолмен бізбен кері байланысқанда не өзара әрекеттескенде;
  • «Эйр Астана» компаниясына жұмысқа тұруға өтінім бергенде.

 

Сіздің жеке ақпаратыңызды беретін тараптар

Жеке ақпаратыңызды сізден және сіздің уәкілетті өкілдеріңізден (яғни, сіз уәкілеттік берген тұлғалар немесе біздің қолданыстағы қауіпсіздік процедураларына сәйкес уәкілетті өкіліңіз) жинаудан басқа, кейбір жағдайларда сіз туралы ақпаратты үшінші тараптардан жинай аламыз. Бұл үшінші тараптарға мыналар кіреді:

  • Туристік агенттер немесе сіздің атыңыздан брондайтын, брондауды жаңартатын не басқа жолмен бізбен әрекеттесетін тұлғалар, оларға отбасыңыздың мүшелері, туристік агенттер немесе әуе билеттерін сататын агенттер, жұмыс берушіңіз немесе корпоративтік не топтық брондауға қатысы бар басқа өкіл жатады;
  • Біздің қызметтерді жеткізушілер немесе шарт бойынша қызмет ететіндер (жердегі қызмет, тиеу қызметі, агенттіктер, деректерді сараптау мен нарықты зерттеу жеткізушілері, әуе билеттерін сататын агенттіктер, төлем жүргізілуін және алаяқтықтан қорғанысты қамтамасыз ететін жеткізушілер);
  • Біздің атымыздан конкурс не басқа науқандар өткізетін немесе біз демеушісі болып табылатын үшінші тараптар;
  • Әуекомпанияларды, әуежай операторларын, көші-қон қызметін, кеденді, шекара қауіпсіздігі қызметін және басқа реттеуші органдар мен т.б қоса, сапарыңызды ұйымдастыруға қатыстарын компаниялар;
  • Біздің серіктестер (әуекомпаниялар мен әуе желілері болып табылмайтын компаниялар, оның ішінде сақтандыру компаниялары, автокөлікті жалға беру және трансфер қызметтерін ұсынатын компаниялар, қонақ үйлер, солардың ішінде жиі ұшатын жолаушылар мен басқа клиенттік бағдарламаларға ұпай беру бағдарламаларына қатысатын компанияларды қоса);
  • Біздің компанияға жұмысқа тұруға өтінім беріп, ақпарат алмасуға келісіміңізді берген жағдайда кадрлық агенттіктер мен алдыңғы жұмыс берушілер.

 

Жеке ақпаратыңыздың бізге қажет болу себебі

«Эйр Астана» сіздің жеке ақпаратыңызды заңды негіз, шарттағы міндеттеме және/немесе оларды өңдеуге сіздің анық келісіміңіз болған жағдайда ғана өңдеуге міндеттенеді. Әуекомпания ретіндегі заңды мүддеміз қызметтерімізді ұсыну және әуекомпания мен туристік қызметтер жеткізушісі ретінде олардың сапасын арттыру мақсатында сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалану болып табылады.

Сіздің жеке ақпаратыңыз мына мақсаттарда да қажет:

  • Сізге «Эйр Астана» компаниясының мобильді қолданба(лары)сы арқылы рейсті жүзеге асырумен байланысты транзакцияны өңдеу (мысалы, брондауды, брондауды растау хабарын жіберу), техникалық қолдау көрсету, транзакция бойынша көмек, смс хабарлама немесе хабарды жіберу, онлайн тіркеуге немесе әуежайда рейске тіркеуге көмектесу, жиі ұшатын жолаушыларға ұпай беру бағдарламасына қосылу және сұрауларыңыз бен өтініштеріңізді өңдеу бойынша қызметтерді қоса, сіз бен біздің арамыздағы шартты жүзеге асыру;
  • Әуежайда түйісу рейстерімен байланысты ақпаратты өңдеу, әуежайдағы рейске дайындық іс-шараларын, кеден және көші-қон қызметі сияқты қызметтер көрсету;
  • Жолжүктің жоғалғаны немесе онымен тиісті түрде жұмыс істемегені туралы шағымдарды қоса, жолжүкке қатысты кез келген сұрауларды өңдеу сияқты жолжүкпен байланысты қызметтерді көрсету;
  • Бортта қажеттіліктеріңіз бен қалауларыңызға ең тиімді түрде сай келетін тағам мен басқа да қызметтерді ұсыну (қалауларыңыз бойынша ақпаратты сізбен өзара әрекеттесу арқылы жинай аламыз);
  • Сіз қатыса алатын қандай да бір конкурстар мен науқандарды өткізу және ұтқан жағдайда сізге хабарлау;
  • «Эйр Астана» компаниясы мен біздің серіктестеріміз, сондай-ақ «Эйр Астана» компаниясының уәкілетті агенттері ұсынатын өнімдер мен қызметтерді жарнамалау, хабарлау және олар жайлы сіздермен өзара әрекеттесу;
  • Өнім(дер), қызмет(тер) немесе клиент ретінде қанағаттану деңгейіңіз туралы сауалнама жүргізу мақсатында сізбен байланысу;
  • Нарықты зерттеуді қоса алғанда, сараптау және зерттеу жүргізу арқылы қызметтерімізді жетілдіру және сіздің саяхатшы ретіндегі тәжірибеңізді дербестендіру;
  • Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу және құқықтық нормаларды сақтау;
  • Қылмыстық әрекеттерді анықтау және алдын алу. 

Басқа адамның атынан әуе билетін брондасаңыз, сізге сол адамнан оның жеке ақпаратын пайдалануға рұқсатын алу керек.

Ақпаратыңызды өңдеуге қандай да бір басқа заңдар әсер етсе, жеке ақпаратыңызды пайдалануға негіз жоғарыда жазылғандардан өзгеше болуы мүмкін және сіздің келісіміңізге негізделетін болады.

 

Жеке ақпаратыңызды бақылауыңыздың жолы

Осы Құпиялық саясатындағы «Контактілер» бөлімінде көрсетілген мекенжайға жеке басыңызды растайтын құжаттың көшірмесін тіркеп, жазбаша сұрау жіберу (сұрауыңыз заңнамаға қарама-қайшы келмесе) арқылы кез келген уақытта жеке ақпаратыңызға қол жеткізуді, өзгертуді, жаңартуды, тапсыруды немесе жоюды сұрай аласыз, оны пайдалануға және өңдеуге қарсы шыға аласыз.

 

Жеке ақпаратыңызды беруге болатын тараптар

Саяхатыңызды жүзеге асыру мақсатында жеке ақпаратыңызды үшінші тараптарға беру қажеттілігі туындауы мүмкін, олар:

  • басқа әуекомпаниялары (біздің кодшер және интерлайн серіктестеріміз);
  • әуежайлардағы және әуежайлардағы күту залдарындағы операторлар, жердегі қызметтер;
  • құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін әртүрлі органдардан, әлем бойынша реттеуші органдардан және үкіметтерден, сондай-ақ қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, кеден және көші-қон мүдделерін орындау мақсатында жұмыс істейтін олардың қызметтерінің жеткізушілерінен түскен негізді әрі заңды сұрауға жауап ретінде, сонымен қатар біздің заңды міндеттерімізді орындау мақсатында;
  • сапарыңызды ұйымдастыруға қатысатын туристік агенттіктер;
  • сізге Nomad Club бағдарламасының артықшылықтарын ұсыну мүмкіндігімен бізді қамтамасыз ету мақсатында жиі ұшатын жолаушыларға ұпай беру бағдарламасы бойынша серіктестеріміз;
  • сізге немесе бізге трансфер, есепшот ұсыну, тағам дайындау және т. б .осы сияқты қызметтер ұсынатын үшінші тараптар;
  • нарықты зерттейтін және оған талдау жүргізетін, маркетингтік қызметтерді ұсынатын немесе біздің атымыздан клиенттер арасында сауалнама жүргізетін компаниялар;
  • әуекомпания жүйесімен, деректерді сақтаумен, таратылымдар бойынша қызметтермен, жолаушылардың брондау жүйелерімен және оларды өңдеумен, байланыс желілерімен, бағдарламалық құралдарды және жүйелерді әзірлеумен, техникалық қызмет көрсету және қолдаумен, сондай-ақ ақпаратты өңдеу, талдау және есептілікпен байланысты ақпараттық технологиялар саласында қызметтер көрсететін компаниялар;
  • шағымдар мен оқыс оқиғаларды зерттеу бойынша қызмет көрсететін компаниялар, құқықтарымызды, мүлігімізді немесе клиенттеріміздің, жұмыскерлеріміз бен активтеріміздің қауіпсіздігін қорғау үшін полиция мен реттеуші органдар;
  • егер сіз біздің корпоративтік, бизнес немесе мемлекеттік клиенттеріміздің бірінің қызметкері болсаңыз және жұмыс берушіңіз алған билет бойынша іссапарға бара жатсаңыз, біз сондай-ақ жұмыс берушіңізге ұшуыңыз туралы және онымен байланысты басқа да ақпаратты (оқыс оқиғалар туралы есептер сияқты) бере аламыз;
  • кредиттік және төлем компаниялары, кредиттік анықтама агенттіктері және төлемдерді өңдеу бойынша алаяқтықпен күресу және (қажет болса) алаяқтыққа тексеру жүргізу қызметтерінің жеткізушілері;
  • сіз қол қойған шартты мәжбүрлі орындау мақсатында заң фирмалары мен соттар сияқты үшінші тараптар;
  • wсіздің сайтқа кіргеніңіз туралы ақпарат беру мақсатында біздің сайтты пайдалану бойынша деректерді (жеке ақпаратты қоспай) басқа сайттарға бере аламыз. 

Үшінші тараптарға жеке ақпаратты сатпаймыз.

 

Жеке ақпаратыңызды сақтауымыздың жолы

Жеке ақпаратыңызды электрондық файлдарда сақтаймыз және жеке ақпаратыңызға қол жеткізуге рұқсаты болуы мүмкін ақпараттық жүйе жеткізушілерінің қызметтерін пайдаланамыз.

«Эйр Астана» компаниясы жеке ақпаратыңызды оны жинау мақсатын жүзеге асыру үшін қажет уақытқа дейін, «Эйр Астана» компаниясының заңды немесе іскерлік мүддесіне не тиісті заңнаманың талаптарына сәйкес сақтайтын болады.

Біздің деректерді сақтау қоймамыздан жеке ақпаратыңызды толықтай жою өтінішін кез келген уақытта клиенттермен жұмыс істеу бөліміне customer.relations@airastana.com жібере аласыз. Жеке ақпаратыңызды жою барысында тиісті заңнамаға сәйкес оны қайта қалпына келтірмейтіндей ету үшін коммерциялық негізделген және техникалық жүзеге асырылатын шараларды қолданамыз.


Жеке ақпаратыңызды қорғауымыздың жолы

Клиенттердің жеке ақпаратына қол жеткізу рұқсатын біздің қызметтерімізбен жұмыс істеу, оларды дамыту және жетілдіру үшін осы ақпаратты қажет ететін «Эйр Астана» әуекомпаниясының жұмыскерлеріне, жеткізушілеріне және агенттеріне ғана береміз. Бұл тұлғалар аталған ақпараттың құпиялығын шарт негізінде сақтауға міндетті.

Біздің веб-сайтты қарау кезінде жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында SSK 128 биттік кодтау технологиясы пайдаланылады. www.airastana.com сайтында әуе билеттерін брондағанда, деректеріңіздің қауіпсіз жіберілуі үшін TLS 1.2 кодтау технологиясы пайдаланылады. Кредиттік/дебеттік карталар нөмірін қоса алғанда, бұл технологиялар барлық жеке ақпаратыңыз интернет арқылы жіберіліп жатқанда оны ешкім оқи алмайтындай етіп кодтайды.

Браузеріңіз TLS 1.2 технологиясын қолдамаса, транзакцияның қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында браузеріңізді соңғы нұсқасына жаңартуға кеңес береміз. Әйтпесе жіберілетін жеке ақпаратыңызды қорғау мүмкін емес болады және «Эйр Астана» компаниясы бұндай жағдайларда жауапкершіліктен бас тартады.


Жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңіздің жолы

  • Брондау нөмірін құпия сақтаңыз. 

Бронь жасағанда, сізге брондау нөмірі (PNR, Passenger Name Record) және/немесе билет нөмірі беріледі. Олар сіздің электрондық поштаңызға келетін растау хатында немесе сіз брондаған әр жолаушының билетінде жазылады. Брондау нөмірін әрқашан қатаң құпиялықта сақтауыңыз керек.

Егер басқа адамдармен саяхаттасаңыз және олардың сіздің жеке брондау мәліметтеріне кірмеуін қаласаңыз, әр адамның жеке брондалып, жеке төлегенін қалауыңыз мүмкін.

  • Жиі ұшатын жолаушыларға ұпай беру бағдарламасына қатысу жайлы мәліметтерді құпия ұстаңыз (яғни, Nomad Club мүшесінің есептік жазбасының мәліметтері).

Сайтқа және мобильді қолданба(лар)ға қауіпсіз кіруіңіз үшін басқалармен құпия сөзіңізді бөліспеуге кеңес береміз. Егер басқа адамдар компьютеріңізге не басқа құрылғыңызбен жұмыс істей алса және, әсіресе, интернетке шығу үшін ортақ құрылғыны пайдаланған жағдайда сайтта немесе мобильді қолданба(лар)да және/немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызда (әсіресе бұл аккаунттар өзара байланысты болса) жұмысыңызды аяқтаған соң, есептік жазбаңыздан бірден шыққаныңыз дұрыс. Бұл жағдайда басқа пайдаланушылар жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алмайды.

  • Қырағы болып, интернет және «фишинг» арқылы алаяқтықтан қорғану үшін шаралар қолданыңыз.

Алдау арқылы жеке ақпаратты заңсыз жинайтын «фишинг» атауымен белгілі, интернет арқылы алаяқтық жасау тәжірибесі бар. Үшінші тарап заңсыз жинаған тұлғаларына сұралмаған хаттар жібереді және хат алушыларға веб-сайттың «клондалған» не заңсыз көшірмесінде банк деректерін немесе құпия сөзді енгізуді не растауды ұсынады.

Қауіпсіздігіңіз үшін мына нұсқауларды есіңізде сақтаңыз:

  • Брондауыңызды өзгерткіңіз келгенде не қайтарып алғыңыз келгенде немесе біздің MyUpgrade сияқты қосымша қызметтерімізді төлеу автоматты өңделмеген жағдайда ғана сіздің кредиттік картаңыздың төлем деректері сұралады. Ақшаны картадан тікелей немесе сіз бізге хабарласқаннан кейін алу керек болғанда, әуе билеттерін сату бойынша командамыз немесе арнайы қызметтер жөніндегі агенттер командасы картаңыздың банк деректемелерін сұратуы мүмкін..

Сookie файлдарына қатысты саясат

Сіз www.airastana.com сайты мен мобильді қолданба(лары)мызды пайдалана отырып, біздің cookie файлдарын құрылғыңызға орналастыра алатынымызға, cookie файлдарын, IP мекенжайларды сақтау және оларға кіре алатынымызға және сіздің веб-сайтты пайдалану тәжірибеңізді жетілдіру мақсатында веб-сайтты пайдалану туралы деректерді жинау үшін басқа әдістерді пайдаланатынымызға келісіміңізді бересіз.

Деректерге веб-сайтты, браузерді және сіз кіретін құрылғының түрін пайдалануыңыз туралы ақпарат, және орналасқан орныңыз кіреді.

Сіз www.airastana.com веб-сайтына кіре және оны пайдалана отырып, «Эйр Астана» құрылғыңызға cookie файлдарын орналастыратынына келісіміңізді бересіз.

  • Сookie дегеніміз де?

Сookie файлы – сіз кіретін веб-сайттан немесе сіз ашатын белгілі бір электрондық хаттардан жіберілетін, веб-браузеріңізде немесе құрылғыңыздағы қатты дискіде уақытша сақталатын ақпарат үзіндісі. Сайт бетіне қайта оралғанда, браузер cookie файлын серверге қайтарады. Сookie файлдары веб-сайтқа кіруді баптауға және пайдаланушы веб-сайтқа оралғанда оның жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Airastana.com веб-сайты cookie файлдарын airastana.com сайтын кірушілердің қалай пайдаланатыны туралы ақпаратты жинау үшін, кірушінің қалауларын жадта сақтау үшін (мысалы, елдер, тілдер) және ретаргетинг/ремаркетинг мақсаттарында кірушілердің профилін жасау үшін пайдаланады.

  • Қандай cookie файлдарын және не үшін пайдаланамыз?

«Эйр Астана» веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мызда сессиялық, функциялық жарнамалық/мақсатты және cookie әрекеттері файлдарын мына мақсаттарда пайдаланады:

  1. Техникалық 
    Веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мыздың үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей:
    • ретті және сенімді қызметке кепіл беретін веб-сайт трафигін теңгеру;
    • өнімділік деңгейін қолдау үшін веб-сайттың негізгі бөліктеріне трафикті шектеу;
    • құпиялық саясатымызбен, cookie саясатымен және біздің веб-сайтымызды пайдалану Шарттарымен сіздің келісіміңізді сақтау.

  2. Оңай пайдалану 
    Веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мызда навигацияны жеңілдету үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей: 
    • таңдалған тіл мен елді жадта сақтау және тиісті контентті ұсыну;
    • жүйеге кіргенде Nomad Club қатысушысының нөмірін қадағалау, сондай-ақ
    • рейсті брондағанда таңдалған ұшатын әуежайды жадта сақтау.

  3. Қадағалау 
    Веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мызды қалай пайдаланатыныңыз, шарлайтыныңыз және транзакцияларды жүзеге асыратыныңыз туралы статистиканы жинау үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей: 
    • сауалнама арқылы пікірлеріңізді жинау, сондай-ақ
    • пайдалану ыңғайлылығын жетілдіру үшін веб-сайттарымызды қалай пайдаланатыныңыз, бағыт-бағдар табатыныңыз және транзакцияларды жүзеге асыратыныңыз туралы түсінік қалыптастыру.

  4. Маркетинг 
    Сізге тиісті хабарларды жіберу үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей: 
    • веб-сайтымызға маркетингтік мақсаттарда беттің әртүрлі нұсқаларына қызмет көрсетуге мүмкіндік беру;
    • үшінші тараптарға тиісті жарнаманы көрсетуге және оның тиімділігін қадағалауға рұқсат ету, сондай-ақ
    • біздің веб-сайттар мен басқа таңдаған веб-сайттардағы әрекеттеріңіздің негізінде өнім түрлерін ұсынатын тиісті хабарларды көрсету.

  • Сookie файлдары қандай жеке ақпаратты жинайды?

Сookie файлдары, әдетте, браузер туралы ақпаратты қамтитын мәтін жолынан тұрады.

Біз пайдаланатын кейбір cookie файлдары сіз туралы көбірек жеке ақпаратты сақтауы мүмкін. Алайда, бұл тек сайтымызға жеке ақпаратты өзіңіз берген жағдайда ғана мүмкін.

  • Сookie файлдарымызды қалай жоюға не блокқа қоюға болады?

Браузеріңіздегі барлық немесе кейбір cookie файлдарының баптауларынан бас тартуға мүмкіндік беретін баптауды іске қосып, cookie файлдарын блоктай аласыз. Алайда, барлық cookie файлдарын блоктасаңыз (негізгі cookie файлдарын қоса), сайтқа толықтай немесе оның кей бөліктеріне кіре алмайсыз.

Сookie файлдары жиналмайтындай етіп браузеріңіздегі баптауларды өзгертпейінше, біздің жүйе сіз веб-сайтымызға кіре сала сookie файлдарын беретін болады. Сookie файлдарын өшіру немесе жою құрылғыны сәйкестендіруге немесе тиісті деректерді жинауға кедергі келтірмейді.

  • Сookie файлдарын қалай өшіруге болады?

Интернет браузерлерде Сookie файлдары үшін баптауларыңызды өзгертуге болады. Бұл баптаулар әдетте интернет браузеріңіздің «Параметрлер» немесе «Баптаулар» мәзірінде орналасқан. Төмендегі сілтемелер осы баптауларды түсінуде қолғабыс етуі мүмкін. Олай болмаса, егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін интернет браузеріңіздегі «Анықтама» опциясын пайдалана аласыз.

Internet Explorer браузеріндегі cookie баптаулары
Firefox браузеріндегі cookie баптаулары
Chrome браузеріндегі cookie баптаулары
Safari браузеріндегі cookie баптаулары

  • Келісіміңізден қалай бас тартуға болады?

Cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді берген соң, сайтқа сіз келесі жолы кіру үшін келісіміңізді жадта сақтау мақсатында cookie файлын компьютеріңізде не құрылғыңызда сақтаймыз. Келісіміңіздің мерзімі белгілі бір уақыттан кейін (барлық жағдайларда 13 айдан кейін) аяқталады. Кез келген уақытта келісіміңізден бас тартыңыз келсе, интернет браузеріңіздің баптауларын пайдаланып, cookie файлдарын жоюыңыз керек.

Сookie файлдарын жою немесе блоктау туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: http://www.aboutcookies.org/Default.aspx?page=2

 

Басқа сайттарға сілтемелер

Пайдалануға ыңғайлы болуы және ақпаратпен қамтамасыз етуі үшін сайтымызда басқа веб-сайттарға сілтемелер берілуі мүмкін. Бұл сайттарға кіру жауапкершілігін өз мойныңызға аласыз және «Эйр Астана» бұл веб-сайттар үшін жауап бермейді. Жеке деректеріңізді өзіміздің веб-сайт пен мобильді қолданба(лары)мызда қорғаймыз, ал сілтемесін беріп отырған басқа сайттардың ұстанатын саясатына немесе сіз олармен бөлісетін кез келген жеке деректерді пайдалануына бақылау жүргізе алмаймыз, не жауап бере алмаймыз. Осы Құпиялық саясаты басқа веб-сайттарға қолданылмайтынын есепке алыңыз және сол веб-сайттардың саясатымен танысып шығуыңызға кеңес береміз.

 

Кәмелет жасқа толмағандар

Ұсынатын өнімдеріміздің сипатына және жергілікті авиация немесе қауіпсіздік ережелерін қоса, заңнамада жазылған жағдайларға байланысты немесе қажеттіліктерді қанағаттандыру және тасымалдау саласында қызметтерді ұсыну мақсатында балалар туралы ақпаратты, оның ішінде жеке ақпаратты жинай аламыз. Баланың ұшуы және оған ұшумен байланысты қызметтер көрсету қажет болғанда жеке ақпаратты сақтаймыз. Заңнамада талап етілген жағдайларды және қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 18 жасқа дейінгі не басқа жастағы балалардан жеке ақпаратты тікелей әдейілеп жинамаймыз.

«Эйр Астана» компанияның веб-сайтына не мобильді қолданбаларына кіретін тұлғалардың жасын анықтай алмайды. Сізге айтпастан не келісіміңізді алмай, «Эйр Астана» компаниясына жеке деректерді берген кәмелетке толмаған баланың ата-анасы не қамқоршысы (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) болсаңыз, тиісті жеке деректерді жою мақсатында «Эйр Астана» АҚ-мен customer.relations@airastana.com мекенжайы бойынша хабарласқаныңыз жөн.

 

Google Аналитика, Facebook Пиксель және Яндекс Метрика

Біздің сайт сәйкесінше Google, Inc., Facebook және Yandex LLC ұсынатын Google Аналитика, Facebook Пиксель және Яндекс Метрика веб-талдау қызметтерін пайдаланады. Бұл қызметтер сіздің www.airastana.com сайтын пайдалануыңызды қадағалау мен талдау үшін және тиісті есепті құру мақсатында cookie файлдарын пайдаланады (жоғарыда жазылған cookie туралы саясатымызды қараңыз). Біздің Google Аналитика жинайтын IP-мекенжайлар анонимді болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін Google, Facebook және Yandex құпиялық саясаттарымен танысыңыз..

Google Аналитиканы пайдаланудан бас тарту үшін мына сілтемені пайдаланыңыз: https://tools.google.com/dlpage/gaoptout 

Яндекс Метриканы пайдаланудан бас тарту үшін мына сілтемені пайдаланыңыз: https://yandex.com/support/metrica/general/opt-out.xml 

Пайдаланудан бас тарту cookie файлына негізделетіндіктен, жаңа құрылғыны пайдаланғанда немесе браузердегі cookie файлын жойғанда, пайдаланудан қайта бас тартуыңыз керек болуы мүмкін.

Facebook Пиксель туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтына кіріңіз.

 

Электрондық таратылым қызметтері

«Эйр Астана» компаниясынан электрондық ақпарат таратылымы сияқты хабар түріне жазылғанда, «Эйр Астана» компаниясына электрондық поштаңызға ақпараттық таратылымдар және сауалнамалар мен арнайы ұсыныстар туралы жаңалықтар сияқты басқа хабарларды жіберуіне рұқсатыңызды бересіз. Электрондық ақпарат таратылымдарына Nomad Club қатысушысының кабинеті арқылы немесе airastana.com сайтындағы «Арнайы ұсыныстар» парағында жазыла аласыз..

Рұқсатыңызды қайтарып алып, «Эйр Астана» компаниясынан электрондық пошта арқылы ақпарат алғыңыз келмесе, бұны кез келген уақытта хаттың төменгі жағындағы «жазылымнан бас тарту» сілтемесін басып орындай аласыз.


Байланыс ақпараты

«Эйр Астана» компаниясының жеке деректеріңізді қорғауы бойынша сұрақтарыңыз не шағымыңыз болса, customer.relations@airastana.com мекенжайына жазыңыз, біз сұрауды алған сәттен бастап бір айдың ішінде сізбен хабарласамыз.

Жеке ақпаратыңызды қарау, түзету немесе «Эйр Астана» компаниясының оны пайдалануы туралы шағым жіберу үшін жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеп, мына мекенжайға жазбаша сұрау жібере аласыз:

«Эйр Астана» АҚ
Клиенттермен жұмыс істеу бөлімі
Закарпатская к-сі, 4А
Алматы қ., 050039
Қазақстан
+7 727 258 41 36