Ақпарат

Oнлайн брондау қызметінің ережелері мен шарттары

 

Онлайн брондау қызметін пайдалану алдында осы ережелермен және шарттармен танысуыңызды өтінеміз.

1. Жалпы шарттар 

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушыларға алдын ала хабарлаусыз онлайн брондау қызметінің ережелері мен шарттарын өзгерту құқығын сақтап қалған. Онлайн брондау қызметінің ережелері мен шарттарына енгізілген кез келген өзгертулер «Эйр Астана» әуекомпаниясының сайтында жарияланғаннан кезден бастап күшіне енген болып саналады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы www.airastana.com сайты арқылы билеттерді тәулік бойы брондау және сатып алу қызметін ұсынады. Бір брондаудың ішінде cіз 9 жолаушыға дейін көрсете аласыз. Бұл бір топтағы жолаушылар саны, сәбилер мен балаларды қосқанда, 9-дан аспау керек екендігін білдіреді. Балалардың жастары бойынша шегерімдер: Бала – ішкі рейстерде жасы 2 мен 14 (қоса есептегенде) аралығында, халықаралық рейстерде – жасы 2 мен 11 (қоса есептегенде) аралығында, сәбилер – жасы 0-2 жас аралығында деп белгіленген. Сәби жасы саяхат бойы 2 жастан аспауы тиіс. Балалар ересек адамдардың қарауларында ғана саяхаттау керек. Балалар мен сәбилерді брондау жасалып аяқталғаннан кейін билетке қосуға болмайды. Толығырақ мәлімет алу үшін Балалар, сәбилер және жетелеушісі жоқ балаларға қатысты әуекомпания саясаты бөлімін қараңыздар.

Жастар тарифі саяхаттың бірінші сегментінің ұшу уақыты кезінде жасы 12 мен 25 (қоса алғанда) аралығындағы жолаушыларға арналған. Алматы – Дели, Дели – Алматы бағыттары бойынша 12 мен 28 (қоса алғанда) жас аралығындағы жолаушыларға арналған. Егер сіз осы бағыттар бойынша сапар шексеңіз және сіздің жасыңыз 26-28 аралығында болса, онда сіз бұл тариф бойынша әуебилетті біздің Билет сату кеңселері немесе Брондау және ақпарат орталығы арқылы брондай аласыз.

Егде жастағы адамдарға арналған тариф саяхаттың бірінші сегментінің ұшу уақыты кезінде жасы 60-тағы немесе одан жоғары жолаушыларға арналған.

Жетелеушісі жоқ балалар, қасында сәбиі, баласы бар жолаушылар, қосымша орыны бар жолаушылар, зембілдегі жолаушылар, жастар (25 жасқа дейін қоса алғанда), егде жастағы адамдар (60 және жоғары) және әуекомпанияның алаяқтықтың алдын алу процедураларымен келіскен жолаушылар онлайн тіркелуді пайдалана алмайды. Құжат тексеру шаралары әуежайдағы тіркелу кезінде жүзеге асады. Егер сіздің жасыңыз жоғарыда көрсетілген жас категориясына сәйкес келмесе, сіз рейске қабылданбайсыз. Бұл жағдайға байланысты шығындар үшін әуекомпания жауапты емес.

Билеттерді онлайн желісінде брондау кезінде cіз ұшақ ішіндегі орныңызды және тағам түрін таңдай аласыз. Жүйе тұтынушыларға брондау сәтіндегі ең төменгі бағаларды көру мүмкіндігін береді. Сіздің электрондық билетіңіз электрондық поштаңызға брондау аяқтала салған сәтте жіберіледі. Енді сізге тек билетіңізді басып шығарып, оны жарамды жеке басты куәландыратын құжатпен жолаушыларды тіркеу бағанында көрсету керек. Қазақстан бойынша әуе тасымалы үшін төмендегі жеке басты куәландыратын құжаттар жарамды болып табылады: 

  • төлқұжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті); 
  • жеке куәлік (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті); 
  • шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына арналған ықтиярхат (ЖСН көрсетілуі міндетті); 
  • азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; 
  • босқынның куәлігі;
  • туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  • ҚР "Жеке басты куәландыратын құжаттары туралы" (6-баптың, 3-тармағы) заңына сәйкес, уақытша берілген жеке куәлік негізінде билет рәсімделмейді

«Эйр Астана» сайтында брондау жасау уақытында жолаушының аты-жөнінің қатесіз толтырылуына жолаушы жауапты. Жолаушының аты-жөнінде қате кеткен жағдайда, жолаушы рейске қабылданбайды және қайта брондауға байланысты барлық шығындарды жолаушы өзі өтейді.
Билеттер біздің сайтымыздан ұшып шығу уақытынан бір сағаттан кем емес уақыт бұрын сатып алуынуы қажет.

Орын таңдау қызметі эконом-класта және сондай-ақ бизнес-класта (ұшақ типіне байланысты) орын таңдауға мүмкіндік береді. Таңдаған орындарыңыз cізге бекітілген болады; онлайн брондау кезінде орныңызды таңдамаған болсаңыз, біздің Брондау және ақпарат орталығымызға +7 (727) 244 44 77 нөмірі бойынша немесе call.centre@airastana.com поштамызға хабарласыңыз. Бұл қызмет тек cіздің ыңғайлылығыңыз үшін ғана ұсынылады: ұшақ типі ауысқан жағдайда, немесе егер cізбен бірге бір қатарда отыратын сәбилер саны екіден артық болса, немесе қалаған орындарыңыз апаттық шығу есігінің қасында болса, орындар белгіленген күйінде сақталмайды. Орын таңдау cіздің нақты онлайн брондау кезінде таңдаған орындардыңызға иемденетіндігіңізге кепілдік бермейді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшу, тариф шарттары мен алымдар туралы мәліметтерін көргісі келетін жолаушылар үшін жаңа Бронды басқару қызметін ұсынады. Мұндай мәліметтерді алу үшін, жолаушы Бронды басқару сілтемесі бойынша өтіп, тегі мен тапсырыс нөмірін (6 таңбалы әріптік-сандық код) енгізеді. Нәтижесінде, жолаушы рейс пен тариф туралы толық мәліметтер көрсетілген Жолнама бетін көре алады.

Сіз airastana.com сайтында әуебилет сатып алу арқылы «Эйр Астана» әуекомпаниясынан және оның серіктестерінен өзіңіздің рейсіңізге қатысты электрондық хаттар алуға рұқсат беретініңізді растайсыз.

 

 

2. Тариф шарттарын қолдану

Брондау кезінде жолаушылар билет пен оның бағасына қолданылған Онлайн тарифтердің шарттарымен таныс болуы керек. Тариф шарттары 2, 3, 5 қадамдарда және Брондауды растауда көрсетіледі. Брондау мен төлем жасалып аяқталғаннан кейін, брондауды растау 4 қадамдағы (Жолаушы туралы мәлімет) көрсетілген Электрондық поштаға жіберіледі.

5 қадамда (Сатып алуды растау) және төлем жасау бетіне өтер алдында жолаушы Тариф шарттарын қабылдап, олармен келіскендігін білдіретін белгі қоюы керек.

Қайта брондау, брондау күшін жою немесе рейске келмеуге байланысты тариф параметрлерлерін өзгерту құқығы «Эйр Астана» әуекомпаниясының иелігінде. Бұл өзгертулер алдын ала сатып алынған билеттерге әсер етпейді.

 

2.1. Брондауды өзгерту

Барлық өзгертулер жолаушының брондау кезінде енгізген электрондық поштасынан жіберген тапсырыс бойынша ғана жасалады. Бұл – бағдарды заңсыз түрде өзгертудің алдын алу үшін жасалған рәсім. Өзгерту Тариф шарттарына сәйкес қарастырылу керек. Өзгертулер жасалған кезде, Тариф шарттарында көрсетілген жағдайда, айыппұл ұсталынады.

Егер cіз онлайн брондау кезінде алаяқтықтың алдын алу процедурасының талаптарымен келісіп, билетіңізді қайта брондағыңыз келсе, онда сіз төлем жасау үшін қолданылған кредиттік картаны және карта иесінің жеке куәлігін біздің кез келген билет сату кенселерімізде көрсетуіңіз қажет. Егер төлем жасау үшін қолданылған карта корпоративтік немесе атаусыз болса, онда сіз карта тиесілі ұйым басшысынан компанияның фирмалық бланкісінде басылған, мөрі бар сенімхат түпнұсқасын көрсетуіңіз қажет.

Халықаралық әуе көлігі ассоциациясының (IATA Passenger Services Conference Manual) ережелеріне сәйкес, ұшу купондары жолаушылар купондарында көрсетілген ретпен пайдаланылуы керек. Егер берілген билетте купондардың реті бұзылған жағдайда, жолаушы тасымалданбайды, ал билет қайта өткізуге немесе айырбастауға жарамсыз болып табылады.

Электрондық билетте жолаушының аты-жөніне түзетулерді енгізуге рұқсат етіледі, толық ақпарат үшін мұнда басыңыз. Төлқұжат нөмірін өзгерту үшін жолаушы төлқұжатының сканерден өткізілген көшірмесін call.centre@airastana.com электрондық поштасына жіберуі қажет. Сондай-ақ, жасалып қойған брондауға басқа жолаушыларды қосуға рұқсат етілмейді.

 

2.2. Билетті қайта тапсыру және қаражатты қайтарып алу

Егер сізге билетіңізден бас тартып, төлеміңізді қайтару қажет болса, «Сапарды жоспарлау» бөліміндегі «Төлем қайтаруға онлайн тапсырыс» формасын толтыруыңыз қажет. Сіздің төлем сомаңыз тек брондау кезінде қолданған картаңызға (банк шотына) қайтарылады. Форманық барлық тармақтарының дұрыс толтырылғанына көз жеткізуіңізді өтінеміз. Сіз «Растау» пернесін басқан соң, сіздің брондауыңыз жойылады және төлем сомаңыз картаңызға қайтарылады. Төлемді қайтару уақыты әдетте 5-7 жұмыс күнін құрайды. Билетті жою және төлемді қайтару билетіңіздің Тариф шарттарына сәйкес іске асырылады. Билетіңіздің тариф шарттары талап еткен жағдайда, айыппұл салынады (толығырақ ақпарат алу үшін сайтымыздың «Тарифтер және тариф шарттары» бөлімін қараңыз).

 

2.3. Рейске келмеу

Егер Сіз электрондық билетіңізді қайтарып беруге немесе айырбастауға тапсырысты рейс ұшып кеткеннен кейін берген болсаңыз, тапсырысыңыз Тариф және рейске келмеу шарттарына сәйкес қарастырылады.

 

3. Онлайн қауіпсіздігі

Қауіпсіздік мақсатында, «Эйр Астана» әуекомпаниясы кредиттік немесе дебиттік карталардың нөмірлері, CVC2/CVV2 кодтары және қолдану мерзімінің аяқталуы сияқты маңызды мәліметтерді сақтамайды. Барлық төлемдер Visa, MasterCard және American Express төлем жүйелерінің толық сертификаттауын өткен компаниялар арқылы өтеді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы маңызды мәліметтердің құпияда сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолданады. Интернет арқылы тасымалдану кезінде жолаушылар туралы маңызды мәліметтердің барлығы қауіпсіздік мақсатында шифрланады. Жолаушылар төлем жасау бетіне көшкен кезде мағлұматтар SSL (Secure Sockets Layer) қорғалған хаттама арқылы шифрланып тасымалданады.

Жолаушының жеке мәліметін қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, «Эйр Астана» әуекомпаниясы құпиялылық саясатын қолданады. 4 қадамда cіздің тапсырысыңызды өңдеу үшін cіз толық аты-жөніңіз, жиі ұшатын жолаушыларды марапаттау бағдарламасындағы қатысушысы нөміріңізді (болған жағдайда) және cізбен байланысуға мүмкіндік беретін мәліметтеріңізді беруіңіз қажет. Бұл мәліметтер cізге әуемен тасымалдау қызметін көрсету мақсатында қолданылады. Және осы мәлімет cізге ұшу кестеңіздегі болған кез келген өзгерістер туралы немесе рейс(тер)іңіздің ұшпайтындығы туралы хабарлау үшін пайдаланылады. Тиісті органдар немесе полиция ресми сұрау салған жағдайлардан басқа жағдайларда «Эйр Астана» әуекомпаниясы Сіздің жеке мәліметтеріңізді үшінші жақтарға ешқашан әдейі бермейді.

 

3.1. Кредиттік немесе дебиттік карталар арқылы төлеу 

Билетті сатып алу үшін жарамды кредиттік немесе дебиттік карталарын пайдалануыңызға болады. Төменде көрсетілген белгілі шектеулерді негізге ала отырып, «Эйр Астана» кез келген банктің Visa, MasterCard және American Express карталарын қабылдайды.

USD (АҚШ доллары), EUR (Евро), GBP (Британдық фунт), AED (БАЭ дирхамы), THB (Тай баты), CNY (Қытай юані), HKD (Гонконг доллары), INR (Үнді рупиі), KRW (Оңтүстік Корея воны) валюта түрлерімен төлейтін болсаңыз, тек Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарын немесе тек Казкоммерцбанкте берілген Maestro, Cirrus дебиттік карталарын қолдануыңызға болады. Сонымен қатар, CNY валютасы (Қытай юані) бойынша UnionPay төлем карталары қабылданады.

Төлемді Қазақстандық теңгеде (KZT) жасау үшін, сіз кез келген Visa, MasterCard, American Express карталарын немесе Maestro, Cirrus дебиттік карталарын қолдануыңызға болады.

Саяхаттаушы адам кредиттік/дебиттік картаның иесі болуы міндетті емес. Бірақ, кредиттік карта иесінің атынан «Эйр Астана» әуекомпаниясының сайтында өткізілген төлем операцияларының барлығы үшін картаның иесі жауапты болып табылады.

«Төлеу» пернесін басқан сәтте cіздің кредиттік/дебиттік картаңыз дебеттеледі.

 

3.2. Алаяқтықтың алдын алу

«Эйр Астана» әуекомпаниясы төлем карталарының заңсыз қолданылуын төлем картасының иесі және әуекомпания үшін өте қауіпті деп қарастырады. Мұндай қауіпке жол бермеу мақсатында «Эйр Астана» әуекомпаниясы алаяқтықтың алдын алу шараларын қолданады. 

Егер әуекомпания транзакцияның алаяқтығы жоғары дәрежелі деп бағаласа, онда әуебилетті сатып алу барысында, әуекомпания клиентке транзакцияны растаудың төмендегі түрлерінің біреуін таңдауды ұсынады:

а) төлем картасының түпнұсқасын және карта ұстаушының жеке басын куәландыратын құжатты әуежайда тіркеу және отырғызу кезінде көрсету;

б) транзакцияның авторизациялау кодын енгізу (Картаны шығарған банкке хабарласып, осы кодты білуге болады). Егер жолаушы осы нұсқаны таңдаса, онда оған төлем картасының тұпнұсқасы мен карта ұстаушының жеке басын куәландыратын құжатты әуежайда тіркеу және қондыру кезінде көрсетудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, бұл жағдайда  жолаушыларға онлайн тіркелу жасау мүмкін болады. Авторизациялау коды – бұл сауда / қызмет көрсету кәсіпорнының авторизациялау сұранысына жауап беру үшін эмитент банктің әрбір транзакцияға берген цифрлық немесе әріптік-цифрлық коды; 

Егер клиент «а» нұсқасын таңдаса, әуекомпаниядан әуебилетті сатып алған кезде көрсетілген электрондық мекенжайына әуежайда тіркеу және ұшаққа отырғызу кезінде төлем картасының тұпнұсқасын және карта ұстаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажеттілігін ескертетін хатты алады. Бұл алаяқтық іс-әрекеттерден қорғау үшін алдын-алу шарасы болғандықтан, егер клиент төлем картасының тұпнұсқасын және карта ұстаушысының жеке басын куәландыратын құжатын әуежайда тіркеу кезінде көрсете алмаса, ол рейске қабылданбайды. Әуекомпания орын алған  шығындарға жауапты емес.

Алаяқтық жасалғандығы жайында күдік туындаған жағдайда, «Эйр Астана» әуекомпаниясы толық тергеу жүргізіп, билеттің күшін жойып, алаяқтық туралы мәліметтерді тиісті органдар мен полицияға хабарлауға құқылы болып табылады. Сонымен қатар, алаяқтық жолмен сатылып алынған билетпен саяхаттаған кез келген жолаушы әуекомпанияның қара тізіміне енгізіледі. 

Егер онлайн брондау кезінде пайдаланылған картаның қолданылу мерзімі саяхаттың жоспарланған күніне дейiн өтіп кетсе, жолаушы осы картаны сақтап, ұшуға тiркеу кезінде көрсетуi қажет. Тіркеу кезінде төлем картасының түпнұсқасын көрсету міндетті болғандықтан, виртуалдық картамен төлем жасау рұқсат етілмейді. Егер клиент төлем картасының түпнұсқасын және карта ұстаушысының жеке басын куәландыратын құжатын әуежайда тіркеу кезінде көрсете алмаса, ол рейске қабылданбайды. Әуе компания орын алған шығындарға жауапты  емес. 

 

4. Валюталар

«Эйр Астана» әуекомпаниясы әр түрлі валюталармен жұмыс істейді, жалпы, ол таңдалған регионға байланысты. Қазақстан регионының сайтында немесе басқа региондар сайттарында өзіңізді Қазақстан резиденті ретінде белгілеп көрсетсеңіз Қазақстан теңгесінде (KZT) төлем жасай аласыз.

Франция, Германия және Ресей региондарынан билет сатып алу кезенінде EUR (Евро) валютасы төлемге қабылданады, Түркия және Ғаламдық региондарынан – USD (АҚШ доллары); Ұлыбританиядан – GPB (Британдық фунт); БАЭ-нан – AED (БАЭ дирхамы); Қытайдан – CNY (Қытай юані); Кореядан – KRW (Оңтүстік Корея воны) және Ундістан региондарынан – INR (Үнді рупиясы) төлемге қабылданады. Ерекше жағдайлар: егер сіз Бангкоктан ұшып шығатын болсаңыз – THB (Тай баты), Гонконгтан – HKD (Гонконг доллары) төлемге қабылданады.

 

4.1. Төлемді шетелдік валютада өткізгендегі ұстап қалулар

«Эйр Астана» әуекомпаниясы, айырбастау бағамына негізделмей, төлемді шетелдік валютада жасау шарттарысыз және қызмет көрсеткені үшін ұсталынатын комиссиясыз, тек төлемді жасау алдында, экранда көрсетілген соманы ғана алады. Сіздің карта беруші банкіңіз немесе төлем жүйесі өзінің ішкі ақша айырбастау бағамына негізделуі, немесе төлемді шетел валютасында жасағанда қолданатын белгілі шарттарды негізге алуы, немесе қызмет көрсету үшін қосымша комиссия ұстауы мүмкін. Егер cіз банкіңіздің ақша айырбастау бағамын, комиссия ережелерін немесе шетелдік валютада төлем жасау кезінде қолданатын ережелерін білмеген жағдайда, төлем жасар алдында банкіңізге хабарласқаныңыз жөн. Сіз «Төлем жасау» пернесін баса отырып, cізге бұл туралы ескерту жасалғандығын растайсыз. «Эйр Астана» әуекомпаниясы cіздің банкіңіздің немесе халықаралық төлем жүйесінің ұстаған қосымша ұстаулары үшін жауапты бола алмайды. 

 

4.2. Қазақстан тұрғындары

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес, Қазақстан тұрғындары төлемдерді тек Қазақстан валютасы – теңгемен (KZT) ғана жасау керек екендігін ескеріңіздер. Осыған байланысты, біз cізден Қазақстан тұрғыны екендігіңзді сұрауға міндеттіміз. Расталған жағдайда, cіздің төлеміңіз Қазақстандық валюта – теңгеде (KZT) өткізіледі.

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша берілетін тұрғындар анықтамасы: Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде шет мемлекетте уақытша тұрып жатқан азаматтар немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүргендер. Шет мемлекетте сол елдің заңнамаларына сәйкес берілген үнемі тұруға рұқсат құжаты бар азаматтар және Қазақстан Республикасында үнемі тұруға рұқсат құжаты бар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Тұрғындар қатарына кірмейді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушының тұрғындық мәртебесін дұрыс белгілемегендігі үшін жауапты емес.

 

4.3. Төлқұжат мәліметтері

Рейске тіркелу уақытында, брондау кезінде көрсетілген құжат (төлқұжат немесе жеке куәлік) талап етіледі. Халықаралық рейстер үшін халықаралық төлқұжат (cіз 4 қадам Жолаушы туралы мәлімет бөлімінде көрсеткен) болуы керек. Қазақстан бойынша немесе Ресейге/Ресейден ұшқанда Қазақстан азаматтары онлайн брондау кезінде жеке куәліктерінің мәліметтерін көрсетулеріне болады; жолаушы Ресей азаматы болып, Қазақстаннан/Қазақстанға сапар шеккенде ішкі төлқұжат мәліметтерін көрсетуге рұқсат етіледі.

Ресей Федерациясының азаматтарына төлқұжаттарында аттары латын әріптерімен жазылмаған болса, брондау кезінде, аттарын латын әріптерімен жазуға рұқсат етіледі. Жолаушыны сәйкестендіру кезінде төлқұжат нөмірі негізге алынады. Егер төлқұжат нөмірінде кириллица әріптері болған жағдайда, тек сандарды жазып алғаныңыз жөн; толтыру орнында тек сандар жазылуы тиіс.

 

5. Тұтынушыларды онлайн қолдау қызметі

Кері байланыстың ең тиімді жолы болып электрондық поштаға жіберілетін хаттар табылады. Элетрондық поштаға жіберілген тапсырыстар бірінші кезекте қарастырылады. Дегенмен, «Эйр Астана» әуекомпаниясы электрондық пошта жүйелерінің дұрыс емес қызмет көрсету жағдайларына, сонымен қатар, вирустар мен спамдарға қарсы сүзгілер мен жүйелер бөгеттеген электрондық хаттар және т.б., «Эйр Астана» әуекомпаниясы бақылау жүргізбейтін жағдайларға, жауапты емес. Жауап немесе хатты алу туралы растау алмаған жағдайда, біздің Брондау және ақпарат орталығымызға +7 (727) 244 44 77 телефон нөмірі бойынша хабарласқаныңыз жөн, немесе жіберген хатыңыздың көшірмесін call.centre@airastana.com электрондық поштамызға жолдаңыз .

 

5.1. Анықтама-растама кұжаты

«Эйр Астана» әуекомпаниясының жолаушылары ұшу жайлы растама құжатын алу үшін "Менің Саяхатым" бөлімінде берілген форманы толтыру керек.

 

6. Қосымша қызметтер мен тауарлар

MySEAT-ті сатып алған жағдайда жолаушы осы тауардың негізгі шарттар мен ережелерін қабылдап, келісетінін растайды. Сіздің электрондық билетіңіз және билет растамасымен қоса MyUPGRADE бағдарламасы бойынша сіздің билетіңіз бойынша сіз бизнес-класқа апгрейд жасауға шақыру алуыңыз мұмкін. Сіз бұл шақырулардан «хат алудан бас тарту» сілтемесін басу арқылы бас тарта аласыз. MyUPGRADE қызметін пайдала отырып, жолаушы бұл бағдарламаның ережелері және шарттарымен келіседі және қабылдайды.

 

7. Ережелермен шарттардың қолданылуы 

Ережелер мен шарттарды қабылдауды растайтын белгіні [check box] басу арқылы, cіз Ережелер мен шарттармен және 5 қадамда (Төлемді растау) көрсетілген билетке қолданылған Тариф шарттарымен, Тасымалдау келісімінің жалпы шарттарыменҚұпиялылық саясатымен және Жолаушылар мен жолжүкті әуемен тасымалдау ережелерімен өзінің танысқандығын және оларды қабылдайтындығыңызды растайсыз және де оларды болашақта таласқа түсірмеуге келісіміңізді бересіз.