Ақпарат

Билет үшін альтернативті төлем жасаудың ережелері мен шарттары

 

1. Жалпы шарттар

Билетке төлем жасау үшін альтернативті төлем жасау қызметін пайдалану алдында осы осы ережелермен және шарттармен танысуыңызды өтінеміз.

«Альтернативті төлем жасау» тәсілі төлемді келесі жолдармен жасауды білдіреді:

  • «Жинақ банкі» АҚ ЕБ арқылы
  • «Казкоммерцбанк» АҚ ЕБ арқылы
  • «QIWI» және «Касса 24» терминалдары
  • «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Homebank.kz интернет-банкинг жүйесі арқылы
  • «Kaspi банк» АҚ-ның төлемдері үшін kaspi.kz онлайн порталы арқылы

«Эйр Астананың» тәулік бойы қызмет көрсететін Брондау және ақпарат орталығына +7 (727) 244 44 77 Алматы үшін және өзге аймақтар үшін 58 44 77 нөмірі бойынша хабарласу арқылы сіз билетіңізді брондап, билетіңіздің бағасын растап, ал төлем жасау үшін Альтернативті төлем жасау тәсілдерінің бірін пайдалана аласыз.

Төлем терминалдары арқылы төлем жасау үшін, сізге тек брондау нөмірін (PNR) білу қажет.

Серіктес банктердің есеп айырысу-касса бөлімдері арқылы төлем жасау үшін сізде жарамды Жеке куәлік, Салық төлеуші нөміріңіз, брондау нөміріңіз (PNR) және билет бағасы болуы қажет.

Серіктес банктердің веб-порталдары арқылы төлем жасау үшін сізге тек брондау нөміріңізді (PNR) білу қажет. 

Электрондық билет төлем жасау процессі барысында көрсетілген электрондық поштаңызға төлем жасауды аяқтаған сәтіңізде жіберіледі.
Брондау процессі барысында дұрыс мәліметтерді (электрондық пошта мекен-жайы мен ұялы телефон нөмірін) енгізу – Клиенттің жауапкершілігі болып табылады.
Бір брондаудың ішінде сіз 9 жолаушыға дейін көрсете аласыз. Бұл бір топтағы жолаушылар саны, сәбилер мен балаларды қосқанда, 9-дан аспау керек екендігін білдіреді. Сіз брондауды ересектер мен балалар үшін жасай аласыз (ішкі рейстерде жасы 2 мен 14 (қоса есептегенде) аралығында, халықаралық рейстерде – жасы 2 мен 11 (қоса есептегенде) аралығында) және сәбилер (0-2 жас аралығында). Сәби жасы интернет-банкинг жүйесі үшін саяхат бойы 2 жастан аспауы тиіс.

Балалар ересек адамдардың қарауларында ғана саяхаттау керек. Балалар мен сәбилерді брондау үшін Альтернативті төлем тәсілін қолдану арқылы төлем жасалып аяқталғаннан кейін билетке қосуға болмайды. Дегенмен, бала/сәби ересек жолаушылармен бірге бір рейсте сапар шегетін болса, балаларға бөлек билет брондап, ол үшін төлем жасауға және де сәбилерге «Эйр Астана» Брондау және ақпарат орталығына хабарласу арқылы билет брондауға болады. Толығырақ мәлімет алу үшін Балалар, сәбилер және жетелеушісі жоқ балаларға қатысты әуекомпания саясаты Балалар, сәбилер және жетелеушісі жоқ балаларға қатысты әуекомпания саясаты бөлімін қараңыздар.

Жастар тарифі (25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған) және жасы 60-тан асқан жолаушыларға арналған арнайы тариф бойынша «Альтернативті төлем» қызметі қол жетімді.

 

2. Тариф шарттарын қолдану

Брондау кезінде жолаушы билет бағасына қолданылған Тарифтермен және тариф шарттарымен танысуы қажет.

 

2.1. Брондауды өзгерту

Барлық өзгертулерді call.centre@airastana.com электрондық поштасына хат жолдау арқылы немесе «Эйр Астана» Брондау және ақпарат орталығына хабарласып, брондау кезінде белгіленген парольді айту арқылы енгізуге болады. Бұл – бағдарды заңсыз түрде өзгертудің алдын алу үшін жасалған рәсім. Өзгерту Тариф шарттарына сәйкес қарастырылу керек. Өзгертулер жасалған кезде, Тариф шарттарында көрсетілген жағдайда, айыппұл ұсталынады.

Халықаралық әуе көлігі ассоциациясының (IATA Passenger Services Conference Manual) ережелеріне сәйкес, ұшу купондары жолаушылар купондарында көрсетілген ретпен пайдаланылуы керек. Егер берілген билетте купондардың реті бұзылған жағдайда, жолаушы тасымалданбайды, ал билет қайта өткізуге немесе айырбастауға жарамсыз болып табылады.

 

2.2. Билетті қайта тапсыру және қаражатты қайтарып алу

Егер сізге серіктес банктің интернет-банкинг жүйесі арқылы төленген билетті қайта тапсырып, қаражатты қайтарып алу қажет болса, мұндай тапсырысты брондау кезінде енгізген электрондық поштаңыздан осы электрондық поштаға жіберуіңіз керек: call.centre@airastana.com. Қайтару сомасы тек электрондық билетті сатып алу кезінде пайдаланған карточкаға ғана аударыла алады. Қайтару уақыты 5-7 жұмыс күнін құрайды.

Егер сізге cеріктес банктердің есеп айырысу-касса бөлімдері немесе «QIWI» және «Касса 24» терминалдары арқылы төленген билетті қайта тапсырып, қаражатты қайтарып алу қажет болса, мұны «Эйр Астана» билет сату кеңселерінде жүзеге асыра аласыз және қаражат сол күні қайтарылады. 

Егер сізге «Ресей жинақ банкі» АҚ есеп айырысу-касса бөлімдері арқылы төленген билетті қайта тапсырып, қаражатты қайтарып алу қажет болса, мұндай тапсырысты брондау кезінде енгізген электрондық поштаңыздан осы электрондық поштаға жіберуіңіз керек: payments@airastana.com . Қаражат қайтару бойынша жасалған тапсырысты қарастыру уақыты 5-7 жұмыс күнін құрайды. «Эйр Астана» әуекомпаниясынан электрондық поштаңызға растау хаты келгеннен кейін сіз қаражатыңызды «Ресей жинақ банкі» АҚ есеп айырысу-касса бөлімдерінің кез-келгенінде қайтарып алуыңызға болады.

Билетті қайта қабылдау мен қаражатты қайтару билетіңіздің Тарифінің шарттарына сәйкес жасалады. Қайтару кезінде, Тариф шарттарында көрсетілген жағдайда, айыппұл ұсталынады.

 

2.3. Рейске келмеу 

Егер сіз билетіңізді қайтарып беруге немесе айырбастауға тапсырысты рейс ұшып кеткеннен кейін берген болсаңыз, тапсырысыңыз Тариф және рейске келмеу шарттарына сәйкес қарастырылады.

 

3. Валюталар

Төлем үшін тек Қазақстан валютасы – теңге – қабылданады. Брондау және ақпарат орталығының маманы атап көрсеткен әуебилет құны брондау күні ғана жарамды болып табылады және басқа күндері өзгеруі мүмкін.

 

4. Интернет-банкинг жүйесі арқылы төлем жасау

Егер сіз интернет-банкинг жүйесі арқылы төлем жасасаңыз, «растау» пернесін басқан сәтіңізде төлем сіздің шотыңыздан шегеріледі.

 

5. Анықтама-растама кұжаты 

«Эйр Астана» әуекомпаниясының жолаушылары ұшу жайлы растама құжатын алу үшін "Менің Саяхатым" бөлімінде берілген форманы толтыру керек.

 

6. Қосымша қызметтер мен тауарлар

MySEAT-ті сатып алған жағдайда жолаушы осы тауардың негізгі шарттар мен ережелерін қабылдап, келісетінін растайды. Сіздің электрондық билетіңіз және билет растамасымен қоса MyUPGRADE бағдарламасы бойынша сіздің билетіңіз бойынша сіз бизнес-класқа апгрейд жасауға шақыру алуыңыз мұмкін. Сіз бұл шақырулардан «хат алудан бас тарту» сілтемесін басу арқылы бас тарта аласыз. MyUPGRADE қызметін пайдала отырып, жолаушы бұл бағдарламаның ережелері және шарттарымен келіседі және қабылдайды.

 

7. Ережелер мен шарттардың қолданылуы

Интернет-банкинг жүйесіндегі «Төлемді растау» қадамында осы Ережелер мен шарттарды қабылдауыңыз туралы белгіні қою арқылы немесе серіктес банктің есеп айырысу-касса бөлімінде төлем жасау кезінде Клиент Альтернативті төлем жасаудың ережелері мен шарттарымен, билетке қолданылған Тариф шарттарымен, Тасымалдау келісімінің жалпы шарттарыменҚұпиялылық саясатымен және Жолаушылар мен жолжүкті әуемен тасымалдау ережелерімен өзінің танысқандығын және оларды қабылдайтындығыңызды растайсыз және де оларды болашақта таласқа түсірмеуге келісіміңізді бересіз.