Ақпарат

Қостанайға ұшатын рейстер, Қазақстан


Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан Қостанай қаласы солтүстік Қазақстанның ең үлкен өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ең маңызды өнеркәсіптеріне тамақ өнеркәсібі мен басқа да жеңіл өнеркәсіптер жатады. Қаладағы туристтер орнының ішінде Қазақстанның тың жерлерін игерген тұңғыш ашушыларға арналған «Покорителям целины» монументі, 1919 жылы қызыләскерлер атылған жер «Красная стена-Қызыл қабырға» мемориалы және Қостанай облыстық филармониясы сияқты түрлі монументтер, мемориалдар, музейлер, галереялар мен тарихи орындар бар. Сонымен қатар, қала кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар, бар, паб және кофеханалардың кең ауқымын ұсынады. Қостанайға сапарыңызды «Эйр Астана» компаниясымен жасаңыз және 19 ғасырдың соңындағы атақты Қазақ ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туған жеріне саяхаттаңыз.