Ақпарат

Қазанға ұшатын рейстер, Татарстан


Бай тарихы мен экономикалық ықпалы бар Татар мәдениетінің орталығы ретінде Қазан қаласы Мәскеу мен Санкт-Петербургтен кейін «Ресейдің үшінші астанасы» атауына ие. Көптеген өлшемдер бойынша, Қазан елдегі ең жоғары тұрмыс деңгейі бар қала. Еуропа мен Азия арасында орналасқан, Ресей және Татар халықтары мекен ететін Қазан қаласы Мұсылман және Христиан мәдениеттерін татулықпен біріктіреді. Татарлар, Алтын Орданың ұрпақтары әлі күнге дейін өздерінің туған тілі мен мәдениетін сақтап келуде және өздерінің қаласын көрсетуде өте жылы шырайлы, қонақжай. Әлемдік мұра болып есептелетін Қазан қаласының Кремль бекінісін немесе қайғылы тарихы бар архитектураның тамаша бөлшегі әйгілі Сююмбике мұнарасын және басқа да көптеген қызықты орындарды назардан тыс жібермеуіңіз қажет. Қазан қаласының бірегей мәдениетке толы бай тарихы оны барып көруге тұрарлық тамаша орынға айналдырады.

«Эйр Астана» компаниясымен сапарыңызды жасаңыз және Татарстанның қонақжайлылығымен танысыңыз.