Ақпарат

Қарағандыға ұшатын рейстер, Қазақстан


Маңызды көмір алабында орналасқан Қарағанды қаласы Қазақстандағы көлемі жағынан екінші қала. Бұл көмір өнеркәсібі, машина жасау, металды өңдеу мен тамақ өнеркәсіптері бар басты өнеркәсіп қаласы. Дегенмен, қаланың орталық бөліктері кең, ағаштар отырғызылған көшелерімен, саябақтарымен және ішіп-жеуге болатын тамаша орындарымен көрікті. Ескі және Жаңа қала деп бөлінген қалада тарихи және мәдени ескерткіштерді, Орталық мешітті, көптеген театрларды, концерттік залдар мен ботаникалық саябақты көре аласыз. Мұнда бірнеше музейлер бар, соның ішінде, ЭкоМузей де қамтылған, бірақ ең тамашасы Долинка «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» музейі болып табылады. Қарағандыға сапарыңызды «Эйр Астана» компаниясымен жасаңыз.