Ақпарат

Өскеменге ұшатын рейстер, Қазақстан


Үлбі мен Ертіс өзенінің сағансында орналасқан Өскемен қаласы елдегі ең әдемі аймақтардың бірі. Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы әкімшілік орталық, бұл аймақ өзінің дала көрінісінің тамаша пейзажымен, терең арналарымен және құмды жағажайларымен танымал. Мұнда келген қонақтың ешбірі оңтүстік-шығыстағы Зайсан және Марқакөлдің әдемі көлдерін назардан тыс қалдырмауы тиіс және мұнда солтүстік-батысқа созылып жатқан жалпақ қылқанды ормандар бар. Қалада өзен жағасында серуендей аласыз, Ертіс өзені бойымен және Ертіс және Үлбі өзендері тоғысатын жердегі жер алқабы Стрелкаға дейін апаратын серуен. Мұнда тегін Wi-Fi бар көрікті қоғамдық саябақтар, сондай-ақ, бірнеше театрлар, түнгі клубтар, барлар мен мейрамханалар бар.

Өскеменге сапарыңызды «Эйр Астана» компаниясымен жасаңыз және Шығыс Қазақстан облысының сұлулығымен танысыңыз.