Ақпарат

Лондонға ұшатын рейстер, Ұлыбритания


Мирас пен тарихқа бай бола отырып, Лондон мәдениеттің, моданың, өнер мен білімнің әлемдік астанасы болып табылады. Бұл әлемдегі ең көп туристер баратын қала және мұнда сізді атаулы Букингем сарайы, Вестминстер аббаттылығы, Трафалгар алаңы мен Гайд-Парк сияқты басты көрнекі жерлермен таныстыру үшін қол жетімді көптеген турлар бар. Дегенмен, Лондонда бұдан да басқа нәрселер көп. Корольдық отбасы туралы көрініс алып, музейлер мен галереяларға, театрларға немесе Оксфорд көшесіндегі сәнді дүкендерге баруыңызға болады. Сонымен қатар, Лондон вэст-энд музыкасынан классикалық драма және қазіргі заманғы шығарылымдарға дейін, сондай-ақ, осында негізін құраған бірнеше ірі оркестрлер мен опера және балет компанияларымен өзінің кешкілік ойын-сауық бағдарламаларының өнері мен алуан түрлілілігімен әйгілі.

Лондонға сапарыңызды «Эйр Астана» компаниясымен жасаңыз және тылсым Лондон қаласын өзіңіздікі қылыңыз.