Ақпарат

Киевке ұшатын рейстер, Украина


Бүкіл әлем бойынша әйгілі архитектуралық тарихы бар Днепр өзенінің бойында орналасқандықтан, Киевке ықылассыз қарай алмайсыз. Еуропадағы ең ескі қалалардың бірі - Киев сізді өзінің әдемі пейзажымен, саябақтарымен, бақтарымен, кең желекжолдарымен және алтын күмбезді шіркеулерімен баурап, тартады. Бұл діни қажылық орны, сондай-ақ, бұл Украин халқының әрдайым өздерінің славяндық мәдениетін шет ел қонақтарына қуана-қуана таныстыратын қонақжай, туристерді тартатын орын. Классикалық әдебиетте «жұмбаққа толы киелі қала» ретінде белгілі Киев қаласы сізді көбіне көне Русь қаласына қатысты өзінің бай тарихымен және көне ғимараттарымен тамсандырады. Дегенмен, Киев қаласы өзінің тарихынан бөлек көптеген қызықты тәжірибелер ұсына алады. Соңғы онжылдықта ол қалалық динамизмімен және мейрамханаларымен, барларымен және музыкасымен қызу түнгі өмірімен қазіргі заманғы қала деңгейіне жылдам өсуде.

Киевке сапарыңызды «Эйр Астана» компаниясымен жасаңыз және жарқын әрі жылы шырайлы Украин халқының осы бір жұмбаққа толы қаласына саяхат жасаңыз.