Ақпарат

Дубайға ұшатын рейстер, БАӘ


Дубайда барлығы жоғары деңгейде. Мұнда барлығы үлкен. Әлемдегі ең ұзын ғимарат, жеті жұлдызды қонақ үй, жасанды, пальма пішіндес арал, ең ірі сауда дүкендерінің қатары және жабулы шаңғы тебу құламасы - осының барлығы Дубайда. Күн, теңіз бен құм, дүкендерге бару, кештер, таңдаулы ас, жаңа заманға сай арт-сценалар мен спорттық іс-шаралар үшін таптырмайтын жер, сондай-ақ, Дубай мәдениеті өте бай, сондықтан оны сынап-бағалау үшін мүмкіндіктер жетерлік. Осы жерде бәдәуйлердің хикая айту, поэзия, құс салу, ән айтып, би билеу және көптеген басқа да мәдени ойын-сауықтарымен таныса аласыз. Жұмыс пен демалуды бірге қалайтындар үшін бірегей орын және сауық-сайран жасаушыларға жұмақ болып табылатын Дубай көңіліңізді аулайтын шаралардың сан алуан түрін ұсынады.

Дубайға сапарыңызды «Эйр Астана» компаниясымен жасаңыз.